"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1087 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
      15-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) нормативтік құқықтық актілерді және геодезиялық өндіріске және картографиялық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;».
      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «49-1) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ұсыныстарын келісу;»;
      52) тармақшада «әзірлеу.» деген сөз «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 53) және 54) тармақшалармен толықтырылсын:
      «53) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру;
      54) Агенттік өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады