Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 қазандағы
№ 1140 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Литва Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі,
заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешім қабылдай отырып,
ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшіп-қонушыларды заңсыз тасымалдау жөніндегі іс-әрекетінің айтарлықтай өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып,
осы Келісімді жасау жолымен өзара негізде Тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және олардың реадмиссиясы үшін жылдам және тиімді рәсімдерді орындауға, сондай-ақ ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитіне ықпал етуге ниет білдіре отырып,
тиісті жағдайларда Тараптар олардың аумағына заңсыз кірген үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды олардың азаматтығы немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге жіберу үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс екенін назарға ала отырып,
адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін мойындай отырып және осы Келісім халықаралық құқыққа, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамаға, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын ұстап беру мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттемелеріне залал келтірмейтінін атап көрсете отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
«Реадмиссия» – осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз келген, болатын немесе тұратын адамдарды (Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органының қайтаруы және Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының қабылдауы;
«Үшінші мемлекеттің азаматы» – Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адам;
«Азаматтығы жоқ адам» – Қазақстан Республикасының немесе Литва Республикасының азаматтығы және өзге мемлекеттің азаматтығы жоқ адам;
«Тұруға рұқсат» – адамға тиісті Тарап мемлекетінің аумағында тұруға рұқсат беретін Тараптардың құзыретті органдары берген жарамды рұқсат;
«Виза» – әуежай транзиттік визасын қамтымайтын, Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруге немесе оның аумағы арқылы транзитке құқық беретін рұқсат немесе құжат;
«Әуежай транзиттік визасы» – Литва Республикасының аумағындағы халықаралық әуежайдан транзитпен өтуге арналған виза;
«Транзит» – үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салатын мемлекеттен баратын мемлекетке Сұрау салынатын мемлекеттің аумағы арқылы өтуі;
«Сұрау салатын мемлекет» – осы Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухатты немесе транзит туралы қолдаухатты жолдайтын Тараптардың бірінің мемлекеті;
«Сұрау салынатын Тарап» – осы Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жолданатын Тараптардың бірінің мемлекеті;
«Құзыретті органдар» – осы Келісімді іске асыру жүктелетін Тараптар мемлекеттерінің органдары.
І БӨЛІМ
РЕАДМИССИЯ БОЙЫНША ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 2-бап
Өз азаматтарының реадмиссиясы
1. Егер осы Келісімге сәйкес бұл адам Сұрау салынатын мемлекеттің азаматы болып табылатыны анықталса сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекеттің қолдаухаты бойынша осы Келісімнің шеңберінде Сұрау салатын мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын кез келген адамды, осы Келісімнің шеңберінде өз аумағында қабылдайды. Көрсетілген ереже Сұрау салатын мемлекеттің аумағына келгеннен кейін Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығынан айырылған немесе бас тартқан және Сұрау салатын мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың реадмиссиясымен бір мезгілде Сұрау салатын мемлекет мыналардың:
1) егер, олардың Сұрау салатын мемлекеттің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының;
2) егер, олардың Сұрау салатын мемлекеттің аумағына келуге, болуға немесе тұруға құқығы болса және Сұрау салатын мемлекеттің аумағында болуға және тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардан өзге азаматтығы бар жұбайларының реадмиссиясын жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын мемлекет реадмиссияға жататын адамның ниет білдіруіне қарамастан, қажет болған жағдайда бұл адамды қайтару үшін қажетті жол жүру құжатын береді, оның қолдану мерзімі кемінде 30 (отыз) күнді құрайды. Жол жүру құжатын Сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі тиісті өтінішті алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді. Егер, реадмиссияға жататын адамды заңды немесе нақты себептер бойынша берілген жол жүру құжатының қолданылу мерзімі ішінде беру мүмкін болмаса, Сұрау салынатын мемлекет осы тармақта көзделген тәртіппен жаңа жол жүру құжатын береді, оның әрекет ету мерзімі оған бұрын берілген жол жүру құжатының мерзіміндей болады.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ
адамдардың реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекеттің қолдаухаты бойынша, егер осы Келісімге сәйкес мұндай адам:
1) Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз кірсе; онда заңды негізде болса; немесе
2) кіру сәтінде Сұрау салынатын мемлекет берген тұруға арналған жарамды рұқсаты болса; немесе
3) кіру сәтінде оның Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды визасының болғаны дәлелденсе, Сұрау салатын мемлекеттің аумағына келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан үшінші мемлекеттің кез келген азаматы мен азаматтығы жоқ адамды осы Келісімнің шеңберінде өз аумағында қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндеттеме:
1) егер үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салынатын мемлекеттің аумағындағы халықаралық әуежайдың транзиттік аймағында ғана болса немесе оның транзиттік визасы болса; немесе
2) Сұрау салатын мемлекет, мынадай:
а) осы адамда Сұрау салынатын мемлекет берген виза немесе тұруға рұқсат болған және олар барынша ұзақ уақытқа берілген; немесе
b) Сұрау салынатын мемлекет берген виза немесе тұруға рұқсат қолдан жасалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайларды қоспағанда, үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға өз аумағына кіргенге дейін немесе одан кейін виза немесе тұруға рұқсат берсе қолданылмайды.
3. Сұрау салатын мемлекет қажет болған жағдайда реадмиссия туралы қолдаухатқа оң жауап алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде реадмиссияға жататын адамға Сұрау салынатын мемлекет мойындайтын жол жүру құжатын береді, оның қолдану мерзімі кемінде 30 (отыз) күнді құрайды.
4-бап
Қате реадмиссия
Сұрау салатын мемлекет, егер осы адамды берген күннен кейін 3 ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген талаптардың сақталмағаны немесе адамды беру сәтінде осы Келісімде көзделген осындай адамның реадмиссиясы үшін жағдайлар болмағаны анықталса, Сұрау салынатын мемлекет қайтаратын адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы Келісімнің реадмиссия мен транзит рәсімдерін реттейтін ережелері қолданылады, ал Сұрау салынатын мемлекет қайтарылатын адаммен бірге Сұрау салатын мемлекетке беруге жататын адамның жеке басы мен азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
ІІ Бөлім
Реадмиссия рәсімі 5-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес адамның реадмиссиясын жүзеге асыру үшін Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы реадмиссия туралы қолдаухатты пошта немесе курьер арқылы Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жібереді.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жарамды құжаттардың бірі болса, реадмиссия туралы қолдаухат, ал бұл адам үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды виза немесе тұруға рұқсат талап етілмейді.
3. Реадмиссия туралы қолдаухат мынадай ақпаратты:
1) реадмиссияға жататын адам туралы барлық қолда бар мәліметтерді (аты, тегі, туған күні мен жері, жынысы, соңғы тұрғылықты жері), оның кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балалары және/немесе зайыбы туралы толық ақпаратты, реадмиссияға жататын адамның 40х60мм көлеміндегі түрлі-түсті фотосуретін;
2) мынадай:
а) Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілігі дәлелдемелерінің болуы туралы; немесе
b) үшінші мемлекет азаматының реадмиссиясы үшін шарттар туралы; немесе
с) азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы үшін шарттар туралы деректерді қамтуға тиіс.
4. Қажет болған жағдайларда реадмиссия туралы қолдаухат мынадай ақпаратты:
1) осы адам осындай өтінішке келісім берген жағдайда, реадмиссияға жататын адам медициналық көмекке немесе арнайы күтімге мұқтаж екені туралы куәландыратын өтініші;
b) беру жағдайында қажет болуы мүмкін қорғаныс немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа да шаралар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
5. Реадмиссия туралы өтініштің нысаны осы Келісімге 6-қосымшада берілген.
6-бап
Азаматтыққа тиесілілігі дәлелдемелері
1. Адамның Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілілігі:
1) тіптен мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың кем дегенде бірінің негізінде расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет азаматтықты әрі қарай тексерусіз мойындайды.
2) мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген құжаттардың кем дегенде бірінің негізінде болжануы мүмкін. Мұндай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет басқаша дәлелдей алмаса, адамның азаматтығы анықталған болып есептеледі.
2. Азаматтық қолдан жасалған құжаттардың негізінде анықталуы мүмкін емес.
3. Сұрау салынатын мемлекет беретін азаматтың осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген реадмиссияға жататын адамдармен отбасылық байланысы және оның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағына келуге құқығы осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы расталуы мүмкін.
7-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ
адамдарға қатысты дәлелдемелер
1. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз келу факті:
1) осы Келісімге 4-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз кіру фактісін мойындайды.
2) осы Келісімге 4-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізуге және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде жауап ұсынуға тиіс. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайда, осы мерзім өткен соң Сұрау салынатын мемлекет өз аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз кіру фактісін мойындайды.
2. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз кіру тиісті адамның жол жүру құжаттарында Сұрау салатын мемлекеттің аумағында тұру үшін қажетті виза немесе рұқсаттың болмауы бойынша анықталады. Сұрау салатын мемлекеттің тиісті адамда тұру үшін жол жүру құжатының, визаның немесе рұқсаттың болмауы туралы негізделген арызы осы адамның заңсыз келуінің, болуының немесе тұруының дәлелі болып табылады.
3. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағында заңды болуы, осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларына сәйкес Сұрау салынатын мемлекеттің тұруға рұқсаты мен визасының болуы:
1) осы Келісімге 5-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың тұруын одан әрі тексерусіз мойындайды;
2) осы Келісімге 5-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен расталуы мүмкін. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізуге және осындай құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзім ішінде жауап ұсынуы тиіс. Оң жауап алған немесе жауап болмаған жағдайда осы мерзім өткен соң Сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың болуын заңды деп мойындайды.
4. Үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін жалған құжаттар негіздердің бар екендігіне дәлел бола алмайды.
8-бап
Әңгімелесу
1. Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы осы Келісімге 1, 2, 4 және 5-қосымшаларда көзделген құжаттардың бірде біреуін ұсына алмаған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет азаматтықты анықтау үшін реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесу өткізеді.
2. Әңгімелесуді:
Қазақстан тарапынан: Литва Республикасында аккредиттелген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері;
Литва тарапынан: Қазақстан Республикасында аккредиттелген Литва Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері жүргізеді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы ықтимал қысқа мерзімде, бірақ әңгімелесу ұйымдастыру туралы сұрау салуды қамтитын реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей, Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органына әңгімелесу нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
4. Осы Келісімнің 9-бабының 3-тармағында көзделген реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап мерзімдері Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы әңгімелесу нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей есептеледі.
9-бап
Мерзімдер
1. Сұрау салынатын мемлекет азаматының реадмиссиясы туралы қолдаухат осындай азамат Сұрау салатын мемлекеттің аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы алған күннен кейін кез келген уақытта Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жіберілуі мүмкін.
2. Үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясы туралы қолдаухат үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салатын мемлекеттің аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтыны немесе орындауды тоқтатқаны туралы ақпаратты Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы алған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі. Егер мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы қолдаухат осы тармақта көрсетілген мерзім өткен соң жіберілген болса, үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясына қатысты міндеттеме туындамайды.
3. Реадмиссия туралы қолдаухатқа жазбаша жауапты Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы осындай қолдаухатты алған күннен бастап 14 (он төрт) күннен бастап аспайтын мерзімде жібереді. Көрсетілген мерзімді есептегенде осы Келісімнің 7-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында және 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тергеу жүргізу уақыты есептелмейді. Реадмиссия туралы қолдаухатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының негізделген сұрау салуы негізінде жауап беру мерзімі 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады. Егер реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде алынбаса, реадмиссия туралы қолдаухатқа оң жауап берілді деп есептеледі.
4. Реадмиссия туралы қолдаухаттан бас тартылған жағдайда Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органына қолдаухаттан бас тарту себептері хабарланады.
5. Реадмиссия туралы қолдаухатқа Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы оң жауап алғаннан кейін не болмаса реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап болмаған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімдер өткеннен кейін реадмиссияға жататын адам осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен тез арада беріледі.
10-бап
Беру шарттары және көлік түрлері
1. Реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін құзыретті органдар алдын ала жазбаша нысанда беру күнін, шекара арқылы өткізу пунктін, ықтимал ілесіп жүру шарттарын және беруге қатысты басқа да ақпаратты келіседі.
2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшін басым түрде әуе көлігі пайдаланылады.
ІІІ Бөлім
Транзит тәртібі 11-бап
Транзит принциптері
1. Тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитін мұндай адамдар баратын мемлекетке тікелей қайтарыла алмаған жағдайларда шектейді.
2. Егер осындай адамдардың басқа транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы баратын мемлекетке одан әрі жол жүру мүмкіндігіне және оларды осы мемлекеттің қабылдауына кепілдік берілсе, Сұрау салынатын мемлекет үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің талабы бойынша үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзиті ілесіп жүрумен жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын мемлекет:
1) егер баратын мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам азаптауға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілілігі белгілері бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға тартылу қаупі болса;
2) егер Сұрау салынатын мемлекетте, транзит мемлекетінде немесе баратын мемлекетте үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға тартылуы мүмкін болса;
3) халық денсаулығын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету немесе Сұрау салынатын мемлекеттің өзге де ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында;
4) елдің Сұрау салынатын мемлекетінің аумағы шегінде транзит үшін келу әуежайынан басқа әуежайға бару қажет болса;
5) егер Сұрау салатын мемлекет өтініш білдірген көмекті көрсету практикалық сипаттағы негізделген себептер бойынша мүмкін болмаса, транзиттен бас тартылуы мүмкін.
5. Сұрау салынатын мемлекет, егер осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергі келтіретін мән-жайлар туындаса немесе анықталса, не болмаса адамның басқа транзитпен ықтимал транзит мемлекеті арқылы баратын мемлекетке жол жүруіне немесе баратын мемлекеттің транзитпен жүріп келген адамды қабылдауына кепілдік берілмесе, кез келген транзитке берілген рұқсатты кері қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда Сұрау салатын мемлекет үшінші мемлекеттің азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды тез арада кері қабылдайды.
12-бап
Транзит рәсімі
1. Транзит туралы қолдаухат Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына жоспарланып отырған транзитті жүзеге асырғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, пошта немесе курьер арқылы ұсынылуы және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) транзит көлігінің түрі, транзит бағыты, егер осындайлар болса, транзит мемлекеттері және соңғы баратын мемлекет;
2) транзитпен жүретін адам туралы мәліметтер (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын басқа да есімдері немесе олар танымал болған есімдері бүркенген аты, туған күні, жынысы, мүмкіндігінше туған жері, азаматтығы, тілі, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі, реадмиссияға жататын адамның өлшемі 40х60 мм түрлі-түсті фотосуреті);
3) пайдалануы ықтимал шекараны кесіп өту пункті, транзитпен жүретін адамды беру уақыты және ықтимал ілесіп жүру;
4) Сұрау салатын мемлекет құзыретті органының осы Келісімнің
шарттары орындалғаны туралы өтініші.
2. Транзит туралы қолдаухаттың нысаны осы Келісімге 7-қосымшада қамтылған.
3. Сұрау салынатын мемлекет транзит туралы қолдаухатты алғаннан кейін 10 (он) күннен кешіктірмей немесе Сұрау салатын мемлекет құзыретті органының дәлелді өтініші бойынша жоспарланып отырған транзитті жүзеге асыруға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, транзитке келісетіні туралы жазбаша нысанда Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органдарына хабарлайды, мемлекеттік шекара арқылы өту пункті мен транзитпен жүрген адамды қабылдаудың болжамды уақытын растайды немесе оларға транзиттен бас тарту туралы хабарлайды және оның себептерін көрсетеді.
4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса, онда реадмиссияға жататын адам және оған ілесіп жүретін адамдар әуежай транзиттік визаларын алу қажеттілігінен босатылады.
IV Бөлім
Шығыстар 13-бап
Көлік және транзит шығыстары
Осы Келісімге сәйкес реадмиссиямен және соңғы баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін транзитпен байланысты барлық көлік шығыстарын, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабына сәйкес адамдарды беруге байланысты Сұрау салынатын мемлекеттің көлік және басқа да шығыстарын Сұрау салатын мемлекет осындай шығыстарды өтеуге Тараптардың құзыретті органдарының құқығына зиян келтірмей, реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен шығыстар туралы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 60 күн ішінде евромен төлейді.
V Бөлім
Деректерді қорғау және өзге де халықаралық міндеттемелермен
ара қатынасы 14-бап
Деректерді қорғау
1. Егер ол Тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болса ғана дербес деректерді беру жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда дербес деректерді беру, пайдалану және өзге де өңдеу кезінде Тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес және мынадай:
1) дербес деректер әділ және заңды негізінде өңделуі тиіс;
2) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты нақты, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуы тиіс, ал жинауды жүргізетін, сол сияқты оны алатын Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының оларды кейіннен өңдеуі көрсетілген мақсатқа келмейтіндей етіп жүзеге асырылмауы тиіс.
3) дербес деректер оларды жинау және (немесе) кейіннен өңдеу жүзеге асырылатын мақсаттарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек қана мыналарға:
а) реадмиссияға жататын адам туралы мәліметтерге (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам пайдаланатын өзге де есімдері немесе ол танылған аттары, бүркеніш есімдері, жынысы, отбасы жағдайы, туған күні мен жері, қазіргі және бұрынғы кез келген азаматтығы);
b) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жүргізуші куәлігіне немесе жүру құжаттарына (нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берген жері);
с) аялдау орындары мен қозғалыс бағыттарына;
d) реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды сәйкестендіруге немесе осы Келісімге сәйкес реадмиссия немесе транзит үшін негіз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселені зерделеу үшін қажетті өзге де ақпаратқа қатысты болу керек;
4) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылуы тиіс;
5) дербес деректер тиісті адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау және кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімде сақталуы тиіс;
6) дербес деректерді беретін және алатын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары, егер оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмесе, атап айтқанда бұл деректер оларды жинау және (немесе) өңдеу мақсаттарына сәйкес болмаса, дербес деректерді түзету, жою немесе блоктау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Құзыретті органдар бір-біріне осындай деректерді кез келген түзетулер, жоюлар немесе блоктау туралы хабарлайды;
7) дербес деректерді алатын құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін құзыретті органды берілген деректерді қолданғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
8) дербес деректер Құзыретті органдарға ғана берілуі мүмкін. Кейіннен оларды басқа органдарға беру дербес деректерді беретін құзыретті органның алдын ала жазбаша келісімін талап етеді;
9) дербес деректерді беретін Құзыретті орган және дербес деректерді алатын Құзыретті орган дербес деректерді беруді және алуды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті.
2. Мүдделі адамның сұрау салуы бойынша оған ол туралы қолда бар деректер, оларды пайдалану немесе пайдаланылуы жоспарланып отырған мақсаты туралы ақпарат ұсынылуы тиіс. Мүдделі адамның осындай сипаттағы ақпаратты алу құқығы осындай сұрау салу берілген аумақтағы мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Егер мұндай бас тарту осы Келісімді іске асыру, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық әрекеттерді ескерту және адамның немесе үшінші тараптардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қажет деп табылса, осындай сипаттағы ақпаратты беру туралы сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін. Дұрыс емес дербес деректер немесе берілуі тиіс емес дербес деректер берілгені анықталған жағдайда, бұл туралы дербес деректерді алған Құзыретті органға тез арада хабарланады, ол тез арада оларды түзетуге немесе жоюға тиіс.
3. Дербес деректерді беру кезінде осындай деректерді сақтаудың тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген мерзімдері көрсетіледі, ол өткеннен кейін деректер жойылуы тиіс. Сақтау мерзімдеріне қарамастан, берілген дербес деректер берілген мақсаты үшін олардың қажет еместігі анықталғаннан кейін тез арада жойылады. Деректерді берген Тарапқа оларды жою және осындай жоюдың себептері туралы хабарланады. Осы Келісімнің әрекеті тоқтағаннан кейін Тараптар барлық алынған деректерді тез арада жояды.
4. Құзыретті органдар бұл ақпарат халыққа жариялауға жатпаса немесе оны беретін Тараптың оны жариялауға ниеті болмаса, бір-бірінен алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бұл техникалық құралдарға, жабдыққа және материалдарға да таратылады. Пайдаланылуы шектеулі ақпаратты беру тәртібі жекелеген халықаралық шарттармен реттеледі.
15-бап
Өзге де халықаралық міндеттемелермен ара қатынасы
Осы Келісімнің кіріспесінде санамаланғандарды қоса алғанда, осы Келісім олардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын, сондай-ақ Литва Республикасының Еуропалық одаққа мүшелігімен байланысты Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
VI Бөлім
Іске асыру және қолдану 16-бап
Құзыретті органдар мен мемлекеттік шекара арқылы
өткізу пункттері
1. Осы Келісімді іске асыру үшін құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасы үшін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Ықылас Дүкенұлы көшесі, 23/1
Телефон нөмірлері: +7 (7172) 20 55 54, 714 246
Факс нөмірі: +7 (7172) 20 55 73
Электрондық пошта: migration.kz@mail.ru
Литва Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Көші-қон департаменті – реадмиссия туралы қолдаухаттарды қабылдау, беру және қарау үшін:
Мекенжайы: Сапегос көшесі, 1, LT-10312 Вильнюс
Телефон нөмірлері: +370 5 2717112, +370 5 2719490, +370 5 2717284
Факс нөмірі: +370 5 2718210
Электрондық пошта: mdinfo@vrm.lt
Литва Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Мемлекеттік шекараны күзету қызметі – транзит туралы қолдаухаттарды қабылдау, беру және қарау үшін:
Мекенжайы: Саванорю даңғылы, 2, LT-03116 Вильнюс
Телефон нөмірлері: +370 5 271 9305, +370 5 233 1352
Факс нөмірі: +370 5 271 9306, +370 5 233 1365
Электрондық пошта: dvks@vsat.vrm.lt
2. Осы Келісімді іске асыру үшін мынадай мемлекеттік шекаралар арқылы өту пункттері пайдаланылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы үшін:
- Астана қаласының халықаралық әуәжайы,
- Алматы қаласының халықаралық әуежайы;
Литва Республикасы үшін
- Вильнюс қаласының халықаралық әуәжайы,
- Каунас қаласының халықаралық әуежайы,
- Паланга қаласының халықаралық әуәжайы,
3. Тараптар құзыретті органдарының өзара келісімдері бойынша адамдарды беру және олардың транзиті мемлекеттік шекарадан өтудің басқа пункттері арқылы жүзеге асырылады.
4. Тарап олардың Құзыретті органдарының немесе олардың атаулары мен функцияларының өзгергені туралы, мемлекеттік шекара арқылы өту пункттері тізімінің өзгергені немесе толықтырылғаны туралы біріне-бірі дипломатиялық арналар бойынша осындай деректер өзгерген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
5. Тараптардың құзыретті органдары арасындағы хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Құзыретті органдар қажет болған жағдайда байланыстың барлық мүмкін түрлерін пайдалана алады.
6. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Құзыретті органдардың осы Келісімді іске асыруға ықпал ететін қызметінің нақты саласында ынтымақтастық туралы хаттамалар жасалуы мүмкін.
VII Бөлім
Қорытынды ережелер 17-бап
Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Осы Келісімді іске асыру және (немесе) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары өзара келісім бойынша бірлескен сарапшылар топтарының отырыстарын ұйымдастыра алады.
2. Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 20-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
18-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Тараптардың Құзыретті органдары келіссөздер мен өзара консультациялар арқылы шешеді.
19-бап
Қосымшалар
Осы Келісімге 1-7-қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
20-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі,
әрекетін тоқтата тұру және тоқтату
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Құзыретті органдар қажет болған жағдайда осы Келісімде көрсетілген құжаттардың үлгілерімен алмасады.
3. Тараптардың әрқайсысы 2-бапты қоспағанда, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау немесе өз мемлекеттерінің өзге де ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында екінші Тараптың дипломатиялық арнасы бойынша жазбаша хабарлама арқылы осы Келісімнің қолданысы уақытша толық немесе ішінара тоқтата алады. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алған күннен бастап 30 (отыз) күннен кейін тоқтатылады. Тараптар осы Келісімнің қолданысы тоқтату туралы бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
4. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар бойынша екінші Тарапқа жазбаша хабарлау арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Осы Келісімнің қолданысы осындай хабарламаны алған күннен бастап 60 күн өткен кейін тоқтатылады.
20______ жылғы «____» _____________ _______ қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, литва және орыс тілдерінде екі дана жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Литва Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
1-қосымша
Азаматтықты растайтын
құжаттардың жалпы тізімі
Қазақстан Республикасы үшін:
– Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
– жеке куәлік – Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
– Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
– теңізшінің паспорты (жеке куәлік);
– баланың туу туралы куәлігі (ата-аналарының бірінің
паспортында жазылған кезде);
– қайта оралу куәлігі.
Литва Республикасы үшін:
– Литва Республикасы азаматының паспорты;
– Литва Республикасының паспорты;
– Литва Республикасының дербес сәйкестендіру карточкасы;
– Литва Республикасының дипломаттық паспорты;
– Литва Республикасының қызметтік паспорты.
2-қосымша
Азаматтықты болжау үшін негіз болып табылатын
құжаттардың жалпы тізімі
- Келісімге 1-қосымшада санамаланған құжаттардың кез келгенінің көшірмелері;
- жүргізуші куәліктері немесе олардың көшірмелері;
- туу туралы куәліктер немесе олардың көшірмелері;
- қызметтік куәліктер немесе олардың көшірмелері;
- куәгерлердің өтініштері;
- тиісті адамның азаматтығын анықтауға көмектесетін кез келген басқа да құжаттар.
3-қосымша
Отбасылық байланысты растайтын
құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 2-бабының 2-тармағы)
– баланың туу туралы куәлігі;
– неке қию туралы куәлік.
4-қосымша
Үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлел болып табылатын
құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 1-тармағы)
А бөлімі
– Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тікелей Сұрау салатын мемлекеттің аумағына кірген кезде тиісті адамның мемлекеттік шекарадан өту фактін куәландыруға қабілетті шекара қызметтері уәкілетті қызметкерлерінің ресми мәлімдемелері;
– халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын әуе рейстеріне, пойыздарға, автобустарға немесе Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына тиісті адамның келуін немесе бағытын растайтын теңіз және өзен кемелеріне атаулы билеттер;
– халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын әуе рейстері, пойыздар, автобустар немесе Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына тиісті адамның келуін немесе бағытын растайтын теңіз және өзен кемелері жолаушыларының тізімдері.
В бөлімі
– Жасалған, атап айтқанда, Сұрау салатын мемлекеттің шекара қызметінің қызметкерлері немесе тиісті адамның мемлекеттік шекарадан өту фактін растауға қабілетті басқа да адамдардың ресми мәлімдемелері;
– тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағында болғанын растайтын билеттер, сондай-ақ әртүрлі түбіртектер мен анықтамалар (мысалы, қонақ үй үшін есеп, дәрігерлерге (стоматологтарға) бару талондары, мемлекеттік (жеке) меншік мекемелерге арналған кіру рұқсат қағаздары, автомобильдерді жалдау келісім-шарттары, кредит карточкалары арқылы төленген түбіртектер және т.б);
– тиісті адамның тасымалдаушының немесе көлік агенттігінің қызметтерін пайдаланғанын растайтын ақпарат;
– сот немесе әкімшілік рәсім кезінде тиісті адам жасаған ресми мәлімдеме.
5-қосымша
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
реадмиссиясы үшін шарттардың болуына дәлел болып табылатын
құжаттардың жалпы тізімі
(Келісімнің 7-бабының 3-тармағы)
А бөлімі
– Сұрау салынатын мемлекет берген виза және (немесе) тұруға арналған рұқсат;
– тиісті адамның жол жүру құжатындағы келу (кету) туралы мөртабандар немесе келудің (кетудің) өзге де дәлелдері.
В бөлімі
– осы Қосымшаның А бөлімінде санамаланған құжаттардың кез келгенінің көшірмелері.
6-қосымша
[Елтаңба.........]
___________________________________________
(Сұрау салатын мемлекеттің (орны мен күні)
___________________________________________
құзыретті органының атауы)
Кімге _____________________________________
(Сұрау салынатын мемлекеттің
___________________________________________
құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің
арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
реадмиссия туралы қолдаухат
А. Дербес деректер
--------
| |
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) _________________ | |
___________________________________________________________ | |
| Фото |
2. Бұрынғы тегі ___________________________________________ |_______|
3. Туған күні және жері ________________________________________
4. Тұрғылықты мекенжайы немесе тұрақты тұратын орны ____________
____________________________________________________________________
5. Азаматтығы және тілі
____________________________________________________________________
6. Отбасы жағдайы
____________________________________________________________________
__ үйленген __ тұрмыста __ үйленбеген (тұрмысқа шықпаған)
__ ажырасқан __ тұл еркек. (жесір)
7. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
ерекше белгілері және т.б.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын
басқа аттары немесе бүркеншек аттары)
_______________________________________________________________
Жұбайының аты-жөні (егер үйленген, тұрмыста болса)
____________________________________________________________________
Балаларының аты-жөні және жасы (егер болса)
____________________________________________________________________
9. Сұрау салатын мемлекеттегі соңғы мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
В. Жұбайының (зайыбының) жеке деректері (егер болса)
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Бұрынғы тегі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Туған күні және жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
ерекше белгілері және т.б.)
____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын
басқа аттары немесе бүркеншек аттары)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
С. Балалардың жеке деректері (егер болса)
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Туған күні және жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
ерекше белгілері және т.б.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Азаматтығы және тілі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
D. Қоса берілетін дәлелдер
1.___________________________
(құжаттың атауы №)
_____________________________
_____________________________
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
Е. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (мысалы, мүмкін болатын ерекше медициналық күтім
нұсқаулары, ауруының латынша атауы): ____________________
____________________________________________________________________
2. Адамның ерекше қауіп-қатер туралы белгісі (мысалы, мінез-құлқы
агрессивті құқық бұзушылық жасауға күдікті адам):
___________________________________________________________________
3. Адамды беру тәсілі мен мемлекеттік шекара арқылы өту пункті
____________________________________________________________________
F. Ескертулер
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Сұрау салатын мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы _____________________________
Лауазымы, аты және тегі _________________
қолы
М.О.
7-қосымша
[Елтаңба..........]
_____________________________________________
(сұрау салатын мемлекеттің (орны мен күні)
_____________________________________________
құзыретті органының атауы)
Кімге ________________________________
(сұрау салатын мемлекеттің
________________________________
құзыретті органының атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің
арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің 12-бабына сәйкес
транзит туралы қолдаухат
А. Дербес деректер
--------
| |
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) _________________ | |
___________________________________________________________ | |
| Фото |
2. Бұрынғы тегі ___________________________________________ |_______|
___________________________________________________________
3. Туған күні және жері__________________________________________
4. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
ерекше белгілері және т.б.)
____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын
басқа аттары/бүркеншек аттары)
____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі
____________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Транзит түрі:
__ әуе __ су __ жерүсті
2. Соңғы баратын мемлекет: _________________________________________
____________________________________________________________________
3. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттер: ___________________________
____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік шекара арқылы өтуге ұсынылған пункт, күні, уақыты және
ықтимал ілесіп жүру:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Транзиттің кез келген басқа мемлекеті және соңғы баратын мемлекет
қабылдауға кепілдік берген (Келісімнің 11-бабының 2-бөлімі)
__ иә __ жоқ
6. Транзиттен бас тарту себептері туралы мәлімметтер (Келісімнің
11-бабының 4-бөлімі)
__ бар __ жоқ
С. Ескертулер
Сұрау салатын мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы _____________________________
Лауазымы, аты және тегі _________________
қолы
М.О.