"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 1158 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат;№ 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126,128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10,47,48-құжаттар; № 1 3-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73,74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-кон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      167-бапта:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу -
      лауазымды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін уақтылы жібермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау -
      лауазымды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды жасауы, соның негізінде конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешім қабылдауы -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған теріс пиғылды мемлекеттік сатып алуға қатысушылар деп тану жөніндегі сот-талап ету жұмысын жүргізуден жалтару -
      лауазымды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген рәсімдерді жүргізбей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертуде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірінші бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысатын тұлғаларды;»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «алтыншы бөлікте - конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «сегізінші және тоғызыншы бөліктерде - тапсырыс берушінің басшысын және (немесе) оның міндеттерін атқаратын тұлғаны түсіну керек.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-ІІ, 112-құжат; 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      465-баптың 2-тармағында:
      8) тармақшадағы «құнынан алым алынбайды» деген сөздер «құнынан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде өткізілетін аукциондардан алым алынбайды.».
      3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аукцион - тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтерді тапсырыс беруші төмендетілген кезде айқындалған ең төмен баға ұсынған адамнан сатып алатын электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;
      2) аукциондық комиссия - осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      3) аукцион қадамы - аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
      4) аукцион құжаттамасы - аукционға қатысу өтініміне қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібі қамтылатын әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысу өтінімін дайындау үшін берілетін құжаттама;
      5) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуетті өнім беруші болуы мүмкін;
      6) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай, әсер етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      7) біртекті тауарлар, жұмыстар, қызметтер - бірдей болмаса да, бір функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер;
      8) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тікелей не жанама тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
      9) демпингтік баға - ұқсас жұмыстарға, қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда конкурсқа қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында жұмыстарға, қызметтерге ұсынған көрінеу төмен баға болып табылатын баға;
      10) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесі бар шикізат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге қызмет;
      11) жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғалар;
      12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      13) конкурстық құжаттама - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылатын, конкурсқа қатысу өтінімін әзірлеу үшін әлеуетті өнім берушіге табыс етілетін құжаттама;
      14) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесі жоқ қызмет;
      15) қаулы - бақылау нәтижелерін растайтын және ол жолданған мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдері бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      16) қазақстандық қамту - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының пайыздық қамтылуы;
      17) Қазақстан Республикасының резиденттері - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет елдерде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
      18) мемлекеттік кәсіпорындардың аффилиирленген тұлғалары - еншілес мемлекеттік кәсіпорындар;
      19) мемлекеттік сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттік тапсырманы орындау аясында сатып алынатын қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;
      20) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      21) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      22) мемлекеттік сатып алу жүйесі - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      23) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      24) мемлекеттік сатып aлу саласындағы қызмет - мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      25) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тауарды жеткізу, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті атқаруын қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      26) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;
      27) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;
      28) отандық кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
      29) отандық тауар өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      30) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда өнім беруші болуы мүмкін;
      31) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      32) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім беруші ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
      33) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар;
      34) тауарлар - нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
      35) ұсыным - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның, мемлекеттік қаржылық бақылау органының орындауға міндетті актісі;
      36) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңімпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде ғана пайдаланылатын баға;
      37) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      38) электрондық мемлекеттік сатып алу - ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      39) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелері мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу пайызы және одан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қағаздағы және (немесе) электрондық тасығыштардағы белгілі бір мерзімді баспасөз басылымдарын сатып алу;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру жөнінде қызметтерді сатып алу;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, егер жеке тұлға кредиттік (банк) ұйымды дербес анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызметтерді сатып алу;
      12) зағип және кезі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтерді сатып алу;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтерді сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын дербес таңдаған жағдайда);»;
      21-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу;»;
      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшін және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, осыған байланысты осы Заңда көзделген уақыттың шығындалуын талап ететін өзге мемлекеттік сатып алу тәсілдерін қолдану орынсыз, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) мемлекеттік органның мемлекеттік кәсіпорындардан, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі және тиісті өкілеттіктері нормативтік құқықтық актілерде белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «33-1) Қазақстан Республикасының Президентінің және өзге күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, қызмет көрсету және жұмыс істеуі үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы айқындайтын өлшемдер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шараларды өткізу үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарының түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 60), 61) 62 және 63-тармақшалармен толықтырылсын:
      «60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жылдық көлемі құндық көрінісі тұрғысынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспаса, мұндай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      61) зообақка, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
      62) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды қайта жаңарту мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөнінде қызметтерді сатып алу;
      63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін техникалық және авторлық қадағалауды жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1, 13), 21), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38), 48), 53) және 55) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      4) 5-бапта:
      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбастан уәкілетті органға жібереді не ұсынады.
      5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыруға міндетті.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбастан уәкілетті органға көрсетілген шешім көшірмесін және енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар мемлекеттік сатып алу жоспарынан көшірмені беруге міндетті.
      6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер енгізілуге жатпайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында (нақтыланған жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (нақтыланған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспар, кіріс және шығыс сметаларына) бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (нақтыланған Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін болдырмайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.»;
      5) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары болса;»;
      6) 7-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      7) 8-бапта:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы:»;
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысу өтінімімен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысу өтінімімен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
      8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
      1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:
      1) тапсырыс берушілердің;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
      3) мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.
      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік құпияларды және заңда қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
      4. Мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізілімі:
      1) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
      3) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілердің;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған қамтамасыз етушілердің тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жасалады.
      Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне. енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
      Мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарып тасталады.
      Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібінде шағымдануына болады.
      Осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті.
      5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс»;
      9) 12-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аукциондарда;»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      Көрсетілген талап осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 1) және (немесе) 5) тармақшаларына және 42-бабына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      10) 13-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі мен көлемін айқындайды;»;
      22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 25), 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «25) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      26) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
      27) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір кезден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді.»;
      11) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде анықталған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде әзірлейді.»;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстардың болуы;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
      12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
               туралы хабарлама
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу өтінімдерін берген соңғы. күнге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға;
      3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерін, пошта және электрондық мекенжайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактісін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу өтінімдерін берген соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін жариялауға міндетті.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.»;
      13) 19-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға қағаз тасығышта (бұдан әрі - конкурстық құжаттаманың көшірмесі) не бекітілген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды ескере отырып, тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға мемлекеттік сатып алу веб-порталында бекітілген конкурстық құжаттаманы орналастыру арқылы ұсынады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткен тұлғалар туралы мәліметтерді, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан не мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы бекітілген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуге тиіс.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген мемлекеттік сатып алудың веб-порталында конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғалар туралы мәліметтер автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеледі.»;
      14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
      1. Тіркеу журналына мәліметтері енгізілген немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, бірақ күнтізбелік он күннен кешіктірмей, ал ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтінім жасауға құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша екі жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:
      1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;
      2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға;
      3) электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізген жағдайда конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өз бастамасы бойынша конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы күні өткенге дейін бес күнтізбелік күн мерзімінен кешіктірмей, ал электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша үш күнтізбелік күн мерзімінен кешіктірмей немесе олар туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген не осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалдарына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтеусіз негізде жіберуге;
      2) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға;
      3) электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен өткізген жағдайда енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
      Конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кемінде он күнтізбелік күн мерзіміне ұзартылуы тиіс.
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір жерде және тиісті уақытта кездесу өткізуге құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі тұлғалармен аталған кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың дереккөздерін көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға аталған хаттаманың көшірмесін жіберуге;
      2) көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
      Осы тармақтың талаптары электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
      15) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысу өтінімінде қамтылуы тиіс мәліметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелерінде айқындалады.»;
      16) 22-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу өтінімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте, ал электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырған жағдайда электрондық құжат нысанында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы оны табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін табыс етеді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімі мынадай жағдайларда:
      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берсе;
      2) конкурсқа қатысу өтінімі мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түссе, веб-порталдың автоматты түрде бас тартуына жатады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әлеуетті өнім берушілер берген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдері мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурсқа қатысу өтінімдері электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысу өтінімі салынған конвертті ұсынудың не конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімін ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысу өтінімін кері қайтарып алу, сол сияқты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.»;
      17) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімін қамтамасыз ету
      1. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші:
      1) оны конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын беретініне, ал кейіннен өзінің конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алмайтынына;
      2) оны конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатындығына және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігіне кепілдік ретінде енгізеді.
      2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімін қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде анықталған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
      2) банктік кепілдік.
      Әлеуетті өнім берушінің үшінші тұлғаларда тұтастай алғанда не бір бөлігінде оның конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілді ақшалай жарнасына талап ету құқығының туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
      1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермесе не кері қайтарып алса;
      2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі болған кезде, конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олар аффилиирлеген заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысу өтінімін кері қайтарып алғанда;
      2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойғанда. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойғанда. Осы жағдай конкурс жеңімпазы деп анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенде және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтарады.»;
      18) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      «24-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін ашу
      1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурсқа қатысу өтінімдерін ашуға рұқсатты мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен соңғы өтінімдерді беру күні мен уақыты келген кезде береді.
      2. Конкурсқа қатысу өтінімдерінің ашу хаттамасын конкурстық комиссия хатшысы веб-порталда ашылған күні жариялайды. Осы ретте веб-портал конкурстық комиссия мүшелеріне, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген өтінімдерді тіркеудің электрондық журналына олар туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.»;
      19) 25-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша да, сондай-ақ электрондық құжат нысанында да конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелер сұратуға;
      2) конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.»;
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде айқындалған негіздемелер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде айқындалған негіздемелер бойынша оның конкурсқа қатысу өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізген жағдайда конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) конкурсқа қатысу өтінімдерін тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін табыс ету не жіберуге;
      2) қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етуге міндетті.
      Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні хатшы веб-порталда электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесінде көзделген конкурсқа қатысу өтінімдерін тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, жариялайды.»;
      20) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
      «26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып
                 алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға
                 ұсыныстарын бағалау және салыстыру.
      1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта жүргізеді.
      2. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы деп танылған) рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруі тиіс.
      3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтері конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі.
      4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылса. Демпингтік баға есебінің тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алу ережесінде анықталады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асса;
      3) конкурсқа қатысушы осы конкурс бойынша бұрын баға ұсынысын берсе;
      4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кешігіп түскен жағдайда, автоматты түрде бас тартылуға жатады.
      5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада тиісті салыстырмалы өлшемдер нысанын қолдану арқылы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасы есептеледі.
      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды;
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.»;
      21) 27-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы анықталған күннен бастап, екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал конкурс тәсілімен өткізілген электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша сол күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мәтінін жариялауға міндетті.»;
      22) 30 және 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып
               алуды жүзеге асырудың негіздері
      1. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жылдық көлемі құндық көрініс тұрғысынан тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
      2. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем бөлікке бөлшектеуге жол берілмейді.
      31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай ақпаратты орналастыруға міндетті:
      1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзімі;
      6) елеулі талаптарын, оның ішінде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы.
      Осы тармақта көзделіп, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мынадай:
      1) негізгі (орнатылған) жабдықты толық жиынтықтауға, жаңғыртуға және толық жарақтандыру үшін;
      2) тауарды лизингке беру жөніндегі өнім берушіні айқындауға және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау үшін қажеттіліктің туындауына байланысты жағдайларды қоспағанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге сипаттамасы мазмұнын көрсетуге жол берілмейді.
      2. Әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру түрі болып табылады.
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ашуды және қарауды жүргізеді.
      Ең аз баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
      Егер ең аз баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер берген жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыру мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде жүргізіледі.
      4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.
      5. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екіден кем болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтілмеген деп таниды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын мемлекеттік сатып алу веб-порталының егер:
      1) ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түссе;
      2) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
      3) әлеуетті өнім беруші өзінің баға ұсынысын беру сәтінде мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушыларының тізілімінде тұрса, автоматты түрде бас тартуына жатады.
      Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.
      7. Егер осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екіден кем болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтілмеген деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды тұлғасы бекітуі және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауы тиіс.
      9. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші не осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жеңімпаз деп анықталған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оған берген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге табыс етілуі тиіс.
      Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан, жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
      10. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бермесе, тапсырыс беруші:
      1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде - ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең аз болып табылатын әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы Шарт жасасуға;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыруға құқылы.»;
      23) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
               жүзеге асыру негіздері
      Егер:
      1) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олар аффилиирлеген тұлғаларда қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алу жүргізу қажеттігі туындаса;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтілмеген деп танылса. Осы ереже конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
      3) егер осындай мемлекеттік сатып алу жылдың бірінші айы ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімі ішінде, бірақ екі айдан аспай, тапсырыс берушінің мұқтажын қамтамасыз ету үшін қажет осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге, күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті сатып алуға қажеттілік бар болса;
      4) осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
      5) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтілмеген деп танылса, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілуі мүмкін.»;
      24) 33-бапта:
      1-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарының тізбесі, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші өзінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін ұсынуы тиіс құжаттар тізбесі;
      10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну орны мен мерзімі, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылуы тиіс»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бір кезден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде не электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      25) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;»;
      26) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Аукциондарда және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу»;
      27) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-бап. Мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен жүзеге асыру
      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік сатып алу веб-порталында нақты уақыт режимінде өткізілуін электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз ететін электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте жылдық көлемі құндық көрінісі тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.
      3. Аукционға қатысу өтінімдерін қарасу қорытындылары бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.»;
      28) мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6, 35-7, 35-8 және 35-9-баптармен толықтырылсын:
      «35-1-бап. Аукциондық құжаттама
      1. Аукциондық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
      2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
      2) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
      3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
      4) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      5) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
      6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысу өтінімдеріне, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
      8) аукционға қатысу өтінімдерін енгізудің талаптары мен қамтамасыз етудің мөлшері;
      9) әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысу өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;
      10) аукционға қатысу өтінімін ұсыну тәртібі және аукционға қатысу өтінімінің қолданылуының талап етілетін мерзімі;
      11) әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсіндіру туралы сұрау салуларды ұсыну тәртібі;
      12) аукционға қатысу өтінімдерін беру мерзімінің күні мен аяқталу уақыты;
      13) аукционға қатысу өтінімдерін ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсімдерінің сипаттамасы;
      14) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізу тәсілі;
      15) аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома туралы мәліметтер;
      16) аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың (аукцион қадамының) нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманы төмендету мөлшері;
      17) аукционға қатысу өтінімдерін қарау мерзімінің аяқталу күні;
      18) аукционды өткізу күні мен уақыты.
      Аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік сатып алуды негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді.
      4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
      5. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру тәртібі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелерінде айқындалады.
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысу өтінімдерін берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күн мерзімнен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретінде аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңның осы бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін өтеусіз негізде жіберуге;
      2) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттік сатып any веб-порталында жариялауға міндетті.
      Аукционға қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік жеті күн мерзімге ұзартылуы тиіс.
      35-2-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
                асыру туралы хабарлама
      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысу өтінімдерін берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      2. Егер аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып aлу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алудың аукцион тәсілімен жүзеге асырылуы туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысу өтінімін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде жеті күнтізбелік күн бұрын орналастыруға міндетті.
      35-3. Аукционға қатысу өтінімі
      1. Аукционға қатысу өтінімі әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
      2. Аукционға қатысу өтінімі әлеуетті өнім берушінің:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қадамында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуы тиіс.
      Аукционға қатысу өтінімінде қамтылуы тиіс мәліметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде айқындалады.
      3. Аукционға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.
      35-4-бап. Аукционға қатысу өтінімін ұсыну
      1. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін аукционға қатысу өтінімі мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрінде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада санамаланған қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екі бөліктен тұрады.
      2. Аукционға қатысу өтінімінің бірінші бөлігі:
      1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде сатып алынатын тауардың сипаттамасы мен ұсынылатын техникалық, сапалық және - пайдалану сипаттамасын (тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын және өндірушінің атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскизін, суреттерін, сызбалары, фотосуреттері мен өзге бейнелерін ұсыну туралы талапты көздемеген жағдайда, онда аукционға қатысу өтінімінде осындай ақпарат қамтылуы тиіс), ал қажет болған жағдайда нормативтік техникалық құжаттаманы көрсетуді;
      2) жұмысты, қызметті мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге келісімін;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепілдік ақша жарнасы түрінде аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді енгізген жағдайда кепілдікті ақша жарнасын растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесін қамтуы тиіс.
      Банк кепілдігі түрінде аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді енгізген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген тәртіпте аукционға қатысу өтінімдерін берудің түпкі мерзіміне дейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
      3. Аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігі әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуы тиіс.
      Аукционға қатысу өтінімін аукциондық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынуға жол берілмейді.
      4. Аукционға қатысу өтінімдерін белгіленген мерзім өткенге дейін ұсынған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртіппен тіркеледі.
      5. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталған кезден кешіктірмей:
      1) аукционға қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) аукционға қатысуға өзі енгізген өтінімнің қамтамасыз етілуін қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысу өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
      Аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға арналған өтінімді кері қайтарып алу, сол сияқты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге де жол берілмейді.
      6. Әлеуетті өнім беруші аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы, электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.
      35-5-бап. Аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз ету
      1. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді, өзінің:
      1) аукционға қатысу өтінімін мұндай өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
      2) өзін аукционның жеңімпазы деп анықтаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуының кепілі ретінде енгізеді және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
      2. Аукционға қатысу өтінімінің қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін аукционға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      3. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
      2) банктік кепілдік.
      Әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
      Осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-қимылдарды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      4. Мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) аукционның жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және(немесе) енгізу мерзімдері туралы белгіленген талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз ету сомасын тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олар аффилиирлеген заңды тұлғалардың кірісіне есептейді.
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысу өтінімін аукционға қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алғанда;
      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда. Аталған жағдай аукционның қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда. Аталған жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенде және конкурс жеңімпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде;
      5) осы Заңның 35-2-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қайтарады.
      35-6-бап. Аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөліктерін ашу
                және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
      1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін ашуға рұқсатты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының аукциондық құжаттамада көрсеткен өтінімдерді түпкілікті ұсыну мерзімінің күні мен уақыты басталғанда мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.
      2. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукционда қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін ашатын күні аукциондық комиссияның мүшелеріне, электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінде көзделген өтінімдерді тіркейтін электрондық журналда өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама таратады.
      3. Аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін қарауды аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия жүзеге асырады.
      4. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін қарайды және әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру туралы шешімді кемінде күнтізбелік жеті күннен және аукционға қатысу өтінімін беру мерзімі аяқталатын уақыттан кешіктірмей қабылдайды.
      5. Егер аукционға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтілмеді деп танылады.
      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелікке сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды сарапшылар ретінде жұмысқа тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
      Аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аукционға қатысу өтінімінің бірінші бөлігін қарау кезінде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысу өтінімінің бірінші бөлігін қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша немесе электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша немесе электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Аукционға қатысу өтінімін жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, аукционға қатысу өтінімінде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін аукционға қатысу өтінімін аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
      Аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келуші ретінде аукционға қатысу өтінімінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса қарайды.
      8. Әлеуетті өнім беруші, егер:
      1) оның аукционға қатысу өтінімі бірінші бөлігінің аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
      2) аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді енгізбесе, аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).
      9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық аукциондық комиссияның мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні өздері туралы мәліметтер электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесінде көзделген аукционға қатысу өтінімдерін тіркеу журналына енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жариялайды.
      10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуетті өнім берушіні аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтілмеді деп танылады.
      11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      35-7. Аукционды өткізу
      1. Аукцион мемлекеттік сатып алудың веб-порталында аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
      Аукционды өткізу күні аукционға қатысу өтінімдерін қарау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні еткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.
      2. Аукционға қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
      3. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамына төмендету жолымен жүргізіледі.
      Аукционның қадамы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың жарты пайызынан (0,5) бес пайызына дейін құрайды.
      4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі көлемге төмендетуді көздейтін баға туралы ұсыныстар береді.
      5. Аукционды өткізу кезінде кез келген аукционға қатысушы ағымдағы ең аз ұсыныс болмаған жағдайда аукционның қадамына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсынысты беруге құқылы.
      6. Аукционға қатысушы аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең аз ұсыныстан төмен аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсынысты, егер мұндай ұсынысты осы аукционға қатысушының өзі берген жағдайда беруге құқығы жоқ.
      7. Аукционға қатысушылардың аукционның нысаны болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ аукцион өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде аукцион өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің ең аз бағасы туралы бір де бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады.
      8. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағаға тең түссе, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы басқаларға қарағанда бұрын келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
      9. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсыныс бермеген болса, аукцион өтілмеді деп танылады.
      10. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізген күні автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылады.
      35-8-бап. Аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөліктерін қарау
      1. Аукциондық комиссияның аукционға қатысушылар деп танылған өнім берушілердің аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттамалар орналастырылған күні мемлекеттік сатып алудың веб-порталы автоматты түрде береді.
      2. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қарайды және жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы туралы шешімді қабылдайды.
      3. Аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қараған кезде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қарауды жеңілдету үшін аукционға қатысушылар ретінде танылған әлеуетті өнім берушілерден материалдар мен түсініктемелерді жазбаша немесе электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігіндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша немесе электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
      Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін, егер өтінімнің ұсынылған екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
      4. Әлеуетті өнім беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережелерінде көзделген жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.
      5. Аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қараудың нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және баға туралы ең аз ұсыныс бойынша аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің ішінен аукцион жеңімпазын анықтайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада олар болған кезде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің ішінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасауға үміткерлерді анықтайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда аукционды өтпеді деп таниды.
      6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
      7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға төраға және қатысып отырған аукцион комиссиясының барлық мүшелері, сондай-ақ аукцион комиссиясының хатшысы аукционның қорытындысы туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Аукцион комиссиясының хатшысы оны аукцион қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күні қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
      8. Тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде аукцион қорытындысы туралы хаттама бекітілген күннен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қойып, оны аукцион жеңімпазына жібереді.
      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын өзіне ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға үміткер қол қоюы тиіс.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының маңызды шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған аукцион жеңімпазы осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.
      10. Егер аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған аукцион жеңімпазының бағасы туралы ұсынысынан кейін баға туралы ұсынысы ең аз болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      11. Үміткер мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға осы баптың 9-тармағында көзделген белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған, баға туралы ұсынысы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға үміткердің бағасы туралы ұсынысынан кейін ең аз болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға құқылы.
      Аукцион жеңімпазын қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға үміткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушыларының тізіліміне енгізілмейді.
      12. Аукциондық комиссияның шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      35-9-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтілмеді
                деп танудың негіздері мен салдарлары
      1. Аукцион:
      1) егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдері екеуден аз берілген жағдайда;
      2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда;
      3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарса және тапсырыс беруші осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда, өтпеді деп танылады.
      2. Егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған болса, тапсырыс беруші:
      1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.»;
      29) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып aлу биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.»;
      30) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
      1. Тапсырыс етуші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
      3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
      4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмағаны үшін айыппұл санкциялары, сондай-ақ тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан айыппұл санкцияларын өндіріп алуды қамтамасыз етуі бойынша міндеті көзделуі тиіс.
      5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім етуші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
      2) банктік кепілдік.
      Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелері толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілді ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
      Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге қолданылмайды.
      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) көзделген жұмыстарды;
      2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге негізделетін активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;
      4) бір қаржы жылынан асатын мерзімге қызметтерді;
      5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып aлу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.
      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
      8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
      9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.
      10. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуы тиіс.
      11. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы шарт қамтылуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
      12. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.
      13. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші қаржы жылы өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей айыппұл санкцияларын тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олар аффилиирлеген заңды тұлғалардың кірісіне өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;
      31) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
      1) ол енгізген конкурсқа не аукционға қатысу өтінімін қамтамасыз етуді ұстап қалады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтірілген шығындарды өтеу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.»;
      32) 39-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісуі бойынша;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі.»;
      33) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
      34) 41-баптың 3-тармағында:
      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу:
      «7) өздері туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтер;
      8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      35) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің:
      1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өздері қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешіміне мемлекеттік бақылау органдарына шағымдануға болмайды.»;
      36) 47-1-бап алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағын, 3-тармағының 3) тармақшасының отызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 9), 26), 27) және 28) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады