"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1168 қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚР Премьер-Министрінің Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында (2011 жылғы 24 мамырдағы № 17-5/007-960, 07-147) және 2011 жылғы 18 шілдедегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен дайындалған ҚР Үкіметінің жобасында 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарына (қосалқы мердігерлердің өздері тартатын ұйымдардан басқа) ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінің 19-1 тармағында қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің пайыздық арақатынасын қамтамасыз етуді қолданылмайтындығы көзделген.
Қазақстан Республикасының |
Еңбек және халықты әлеуметтік |
қорғау министрлігі |