"Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулысы туралы баспасөз-релизі
"Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысын орындау үшін Қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - Депозитарийі) – пайдаланушылар үшін қол жетімді жария мүдде ұйымдары жыл сайын жасайтын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры құрылған.
Депозитарийдің жұмыс істеуі жария мүдде ұйымның қаржылық есептілігінің қол жетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл олардың инвестициялық тартымдылығын күшейтеді және ұйымдардың қызметі туралы ақпараттың сапасы мен дұрыстығын арттыруға ықпал етеді.
Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидасы "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасын iске асыру үшін әзірленді.
Үкіметінің қаулыны қабылдау мақсаты "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
"Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысының 2-тармағына сәйкес осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі