1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын қорғау туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын қорғау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің заңнамасындағы жеңілдіктер беруді ақшалай төлемдерге ауыстыру бойынша өзгерген нормаларға сәйкес келтіру мақсатында Хаттамаға 2011 жылғы 18 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.
Халықты, оның ішінде Келісімде көрсетілген азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейі мемлекеттердің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс болғандықтан, әлеуметтік қорғаудың, оңалту және денсаулықты сақтаудың ең төменгі базалық деңгейін алып тастау мақсатында Хаттамамен Келісімнің 1-бабы мен 2-бабының екінші абзацынан «базалық» деген сөз алып тасталды.
Сондай-ақ, Чернобыль және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сондай-ақ ядролық сынақтардың салдарына қатысты ұлттық заңнамадағы өзгерістерді қоса алғанда, олардағы ақпаратпен өзара өтеусіз алмасуды жүзеге асырады.
Енгізілген өзгертулер Чернобыль және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сондай-ақ ядролық сынақтардың нәтижесінде радиациялық әсерге ұшыраған азаматтардың конституциялық кепілдіктерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық базаны нығайтуға әкеледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі