Түрік Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1209 Қаулысы

      Түрік Республикасындағы жер сілкінісі салдарынан қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түрік Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ізгілік жүгін Эрзурум қаласының әуежайына дейін әуе көлігімен уақтылы тиеп жіберуді және жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жүкті жеткізу фактісі бойынша «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына шығыстардың өтелуін жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны анықтасын және көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1209 қаулысына  
қосымша      

Түрік Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік
материалдық резервтен шығарылатын материалдық құндылықтардың
тізбесі

Р\с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Қысқы 10 орындық палатка

дана

60

2.

Жылытуға арналған пеш

дана

60

3.

Көрпе

дана

300

4.

Матрац

дана

300

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады