«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Осы қаулымен халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары қабылданды.Стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі