Мүлікті республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1235 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде сатып алынған теңгерімдік құны 165470789,00 (бір жүз алпыс бес миллион төрт жүз жетпіс мың жеті жүз сексен тоғыз) теңге жарықдиодты экранды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің теңгерімінен республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, жарықдиодты экранды қабылдау-тапсыру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады