"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1251 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының
Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді
және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің
шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      2009 жылғы 22 қазанда Анкарада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісім және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының
Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің қызмет шарттары туралы
Келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі С.Демирель 1992 жылғы 1 мамырда Алматы қаласында қол қойған бірлескен коммюникеге сәйкес,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Түркістан қаласында 1992 жылғы 31 қазанда жасалған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құру туралы Келісім шеңберінде әрекет ете отырып,
      Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (бұдан әрі - Университет) Тараптар арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту ісіндегі қызметін қанағаттанарлық деп бағалай отырып,
      білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, Университетке қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау мақсатында,
      төмендегі мәселелер бойынша келісімге келді:

1-бап

      Университеттің қызметі осы Келісімнің шеңберінде, Университет Жарғысына (бұдан әрі - Жарғы), Үкіметаралық Өкілетті кеңес (бұдан әрі - Өкілетті кеңес) қабылдаған шешімдерге, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-бап

      Университет орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына және осы Келісімге сәйкес анықталатын дербес заңды тұлға мәртебесіне ие Тараптар мемлекеттерінің халықаралық білім беру ұйымы болып табылады.

3-бап

      1. Университет халықаралық талаптар мен Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес стандарттар мен бағдарламалар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге және студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқытуға құқылы.
      2. Университет басқа елдерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз Университетке жұмыс істеу үшін әкімшілік және техникалық қызметкерлерді (саны 15 адамнан аспайтын), ғалымдар мен профессорларды шақыруға құқылы.
      3. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне Түркия Республикасының білім беру ұйымдарының және өзге де қоғамдық ұйымдары мен мекемелері әкімшілігінің келісімімен белгілі бір мерзімге жұмыс істеу үшін жіберілген осы ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері болып табылатын Түркия Республикасының азаматтары, Түркия Республикасында ақылы демалыста болып есептеліп, ай сайын төлемдер, өтемақылар алады, сондай-ақ Түркия Республикасының ұйымдары мен мекемелерінің барлық қаржылық және әлеуметтік жеңілдіктерінен пайдаланады.
      4. Университеттің Шымкент қаласында (Қазақстан Республикасы) Университетке берілген лицензиялар негізінде білім беру қызметін жүзеге асыра алатын клиникалық базаларымен (клиникалары) филиалы жұмыс істеуге құқылы. Осы клиникалық базалардың қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялау мен аккредиттеуге жатады.
      5. Университет Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен белгіленген тәртіппен Университеттің клиникалық базаларын (клиникалары) және басқа да көмекші бөлімшелерін құруға құқылы.
      6. Университет Қазақстан Республикасынан тыс жерде күндізгі және сырттай оқыту нысанында, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытуды жүзеге асыратын филиалдар және осы филиалдардың академиялық, әкімшілік және қаржылық қызметтерін үйлестіретін бөлімшелер құруға құқылы.
      Осы филиалдардың қызметі тиісті мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға және аккредиттеуге жатады.

4-бап

      1. Тараптар шетелдік қызметкерлерге өз аумақтарына кіруге және шығуға, Университеттің талабы бойынша тиісті кіру, транзиттік және шығу визаларын алуға және сол мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес тұруға рұқсат береді.
      2. Шетелдік қызметкерлер Тараптар мемлекеттеріне жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық заттарды алып өткізуге құқылы.

5-бап

      Университет балансындағы және сатып алынатын активтер 50%-ы Қазақстан Республикасының және 50%-ы Түркия Республикасының үлесінде болып айқындалатын Тараптар меншігі болып табылады.

6-бап

      Университет қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Тараптар мемлекеттерімен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

7-бап

      Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері арқылы техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, әкелінетін акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар, сондай-ақ ғылыми-білім беру қызметі үшін Университет сатып алатын мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері арқылы ұсынылатын грант қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлар Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден салығынан және қосымша құн салығынан босатылады.

8-бап

      Университет Тараптар мемлекеттерінде Университетті құру және қызметі үшін барлық бар және келешектегі ұлттық, өңірлік, аудандық және қалалық салықтардан тікелей және жанама түрде салық жинаудан және төлеуден босатылады. Табыс әкелетін және Университеттің мақсаттары бойынша қолданбайтын кез келген қызметке Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес салық салынады.

9-бап

      Университет беретін дипломдарды Тараптар өзара таниды және олар Тараптар мемлекеттері аумағында баламалы болып табылады.

10-бап

      1. Тараптар құратын Өкілетті кеңес Университетті басқару бойынша шешім қабылдайтын жоғарғы орган болып табылады.
      2. Өкілетті кеңестің құрамы тең құқықты бастамамен құрылады, өкілеттілік мерзімі бес жылды құрайтын он мүшеден тұрады. Бес мүшесін Түркия Республикасының Үкіметі, оның ішінде Өкілетті кеңестің төрағасын Түркия Республикасының Президенті тағайындайды. Басқа бес мүшені, оның ішінде Өкілетті кеңес төрағасының орынбасарын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды.
      3. Өкілетті кеңестің негізгі қызметтері:
      a) Университеттің құрылымын, басқаруы мен білім беру қызметін регламенттейтін Жарғысын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оған қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      b) университеттің бюджеті мен даму стратегиясын қарастыру және бекіту;
      c) Тарап мемлекеттерінің аумағында құрылыс жасау, мүлікті сатып алу мен иеліктен айыру, оның ішінде Университеттің жылжымайтын мүлкін тіркеу және есептен алу, сондай-ақ қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша шешім қабылдау болып табылады.

11-бап

      Университет қызметін кешенді, оның ішінде академиялық, тексеру мен бақылауды Өкілетті кеңес тағайындаған және екі Тарап мүшелерінің тең санынан тұратын комиссия жылына бір рет жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының мемлекеттік органдары құзыреттіліктері бойынша Университетті жоспарлы тексеруді жылына бір рет, ал жоспардан тыс тексеруді Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

12-бап

      Тараптар Университетті құру мақсатына сәйкес Университет қызметін басқару мен оған жауапкершілікті бірдей болғандығын мойындайды. Университет Ректорын (Президентін) Қазақстан Республикасы тағайындайды, оның орынбасарын (I Вице-президентін) Түркия Республикасының Жоғары Білім Кеңесі тағайындайды. Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы Ректор (Президент) мен I Вице-президентке бірге жүктеледі. Қазақстаннан тыс жерде орналасқан Университет бөлімдерінің қаржылық құжаттарына қол қою құқығын Өкілетті Кеңес шешеді.
      Университетті басқарудың тәртібі мен шарттары Өкілетті кеңес бекіткен Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Жарғы Университет орналасқан мемлекетте мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап міндетті болып табылады.

13-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе талқылау кезінде қандай да бір келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер арқылы шешетін болады.

14-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауын растайтын дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      Келісім белгісіз кезеңге жасалады және оған осы Келісімдегі сияқты мемлекетішілік рәсімдер өткізілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

15-бап

      2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында екі нұсқада, әрқайсысы қазақ, түрік және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының               Түркия Республикасының
           Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің
шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі,
      2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 14-бабын басшылыққа ала отырып,
      білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап

      Университеттің шетелдік қызметкерлеріне және студенттеріне медициналық көмекті ұсыну Университеттің ақылы қызмет көрсетуден алынатын өз қаражаты есебінен, сондай-ақ Университетке Түрік Республикасының Үкіметі бөлетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.». 

2-бап 

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.

3-бап 

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2010 жылғы 23 желтоқсанда Стамбул қаласында әрқайсысы қазақ, түрік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының                Түрік Республикасының
            Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады