"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1301 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің ішінде осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес оны сақтауға ішкі істер органынан рұқсат алады";

      22-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес "Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолданылады" деген мөртабан қоя отырып, бес жыл мерзімге береді.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты ішкі істер органы 15 күн мерзімге береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алу үшін рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Сатып алынған азаматтық қару сатып алған күнінен бастап жеті күн мерзімде оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары бес жыл мерзімге беретін рұқсатты ала отырып, иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес ішкі істер органында тіркеледі.";

      20-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"20. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі

      124. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес ішкі істер органы берген рұқсаттар бойынша ашады.

      125. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) қарамағында атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділері бар ұйым басшысының қолы қойылған ашуға рұқсат беру туралы қолдаухат;

      2) мыналарды: толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты); денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды ұстауға қарсы көрсетілімдер жоқтығы туралы медициналық қорытындыларды; соттылығының жоқтығы және қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамаларды қоса бере отырып, атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің жұмыс істеуі үшін жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдар (әкімші, нұсқаушы) туралы мәліметтер;

      3) заңды тұлға үшін - жарғының және ұйымының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) жеке тұлға үшін — Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

      5) жеке кәсіпкер үшін - жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

      6) заңды тұлғаның салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі;

      7) мыналардың схемасын қоса отырып, меншік нысаны көрсетілген өндірістік-техникалық база жоспарының көшірмесі:

      ашық атыс тирлері (атыс орындары) үшін аумақтар;

      мамандандырылған ғимараттардың орналасуы (атыс тирлері, (атыс орындары), стенділер үшін);

      қысқаша, оның ішінде техникалық нығайтылуы, күзет және өрт сигнализациясының бар-жоғы, өткізу режимі, қару мен оның патрондарын сақтау шарттары туралы түсіндірме жазбасымен үй-жайдың орналастырылуы.

      Заңды тұлғалар үшін - құжаттардың көшірмелері ұйымының мөрімен және ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталады.

      Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін құжат көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.

      126. Рұқсатты ішкі істер органдарының қызметкері:

      1) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болмаған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік он бес күн;

      2) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік отыз күн ішінде береді (бас тартады).

      127. Рұқсат беруден:

      1) егер осы Ереженің 125-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса;

      2) сақтау орындары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.

      128. Егер осы Ереженің талаптарына сәйкес өтініш иесі дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда, берілген рұқсат заңнамада белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.

      129. Атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің мекенжайы, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде ұйым басшы атыс тирін (атыс орнын) және стендіні ашуға рұқсат берген ішкі істер органына бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      130. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері мен стенділерін, айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары сақталған жағдайда ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша ашады:

      1) шағын калибрлі қарудан атуға арналған ашық тирлерді елді мекендерге 2 шақырымнан жақын қашықтықта, ал ірі калибрлі қарудан атуға арналған тирлерді 6 шақырымнан жақын қашықтықта жабдықтауға тыйым салынады.

      Жартылай ашық тирлерді қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде орналастыруға тыйым салынады;

      2) атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғыларының сипатына қарай нысана ату спортына арналған құрылыстардың бірнеше үлгілері белгіленген: ашық тирлер (атыс орындары) оқ қабылдағыштары және бүйірінде топырақ үйінділері мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасады, бірнеше ашық тирлер тұратын атыс алаңдары-кешендері; көлденең және бүйірінен ұстап қалатын қалқандар көзделмеген оқ өтпейтін қабырғалары мен төбесі бар жабылған (жабық) тирлер; оқ өтпейтін қабырғалары, төбесінде көлденең ұстап қалатын қалқаны бар жартылай ашық тирлер.

      131. Тир (атыс орындары) мен стендінің пайдаланылу жарамдылығы ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері жасаған актілерде айқындалады.

      132. Атыс қаруы мен оның патрондарын Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, аудандарға бөлінетін ірі өнеркәсіпті қалаларда орналасқан спорт қоғамдарының қарамағындағы спорттық-атыс клубтарындағы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тирлердегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылған жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған күзет пультіне тартылған немесе орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған бірнеше шепті күзету белгі беру құралдары бар, жұмыс уақытында белгі беру құралдары ажыратылған кезде қарулы күзет қойылатын және әкімшілік қатаң өткізу режимі жүзеге асырылатын, осы Ереженің 7, 8 және 9-тармақтарының талаптарына сай келетін арнайы жабдықталған қоймаларында сақтауға жол беріледі. Тир үй-жайының күзеті ондағы қарудың сақталуын қамтамасыз ету, атыс қаруын иелену мақсатындағы шабуылға тойтарыс беру үшін қойылады және қызметтік қарумен (тапаншалармен немесе револьверлермен) қаруланады.

      133. Өткізу және объект ішіндегі режим жөніндегі нұсқаулықты тир әкімшілігі күзетілетін объект ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейді, ол аумақтық ішкі істер органымен келісіледі және жоғары тұрған ұйымның басшысы бекітеді. Тирге өткізу режимі кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды алып кірудің, алып шығудың, (әкетудің) қатаң тәртібін орнатуды көздеуі керек. Объект ішіндегі режим тир жұмысының ішкі тәртібін сақтауды (қызметкерлердің жұмыс уақытының режимін, қаруды, патрондарды беру мен тапсырудың тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізуді) қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтиды. Өткізу және объект ішіндегі режимді қамтамасыз ету мақсатында атыс тиріне (атыс галереясына) кіру есіктері берік ілмекпен, электр қоңыраумен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды тирге өткізу кілттер мен құжаттарды сақтауға арналған қажетті жәшіктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерінің үлгілері бар стендтермен жабдықталатын бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.

      134. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесі бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерінен, жаттықтырушылардың кабинеттері мен шаруашылық үй-жайлардан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандар үнемі құлыппен жабылуға тиіс торлы есіктермен жабдықталады және сүргіленеді немесе пломба салынады. Қалқандар диаметрі кемінде 15 мм болатын болат шыбықтардан жасалады. Торлы қалқандардың шыбықтары көлемі 150x150 мм-ден аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді. Top шыбықтарының ұштары қабырғаға, төбеге, еденге кемінде 80 мм тереңдікке бекітіліп, бетонмен құйылады.

      135. Атыс арасындағы үзіліс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебінде қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.

      136. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендті ашуға рұқсатты ішкі істер органдары тек қана олардың басшыларының атына бес жыл мерзімге береді.

      137. 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлер ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жұмыс істейді.";

      осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Ережеге 11, 12, 13, 14-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 11-қосымша

№____ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ
20____жылғы "___"_____________
_________________________________
(кәсіпорын бастығының немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
________________________________
мекенжайы, қызметтік немесе үйінің телефоны)
жеке жауапкершілігіне_______________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні.
_______________________________
қызметтік телефоны, жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)
________________________________
ашу, жұмыс, істеу, сақтау құқығына (керексізі сызылып тасталсын)
________________________________
(объектінің немесе қарудың, аңшылық-
________________________________
оқ дәрінің, патрондардың атауы, оның саны, сақтауға рұқсат берілген салмағы көрсетіледі)
_________________________берілді
20__жылғы "___"_____дейін жарамды.
Бастық_________________________
(қолы)
Рұқсат мерзімі 20___жылғы "____"_________дейін ұзартылды.
Бастық_________________________
(қолы)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
___________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
№ ____ РҰҚСАТ
___________________________________________
(кәсіпорын бастығының немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні
___________________________________________
мекенжайы, қызметтік немесе үйінің телефоны)
жеке жауапкершілігіне____________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні.
___________________________________________
қызметтік телефоны, жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)
___________________________________________
ашу, жұмыс, істеу, сақтау құқығына (керексізі сызылып тасталсын)
___________________________________________
(объектінің немесе қарудың, аңшылық -
___________________________________________
оқ дәрінің, патрондардың атауы, оның саны, сақтауға рұқсат берілген салмағы көрсетіледі)
__________________________ берілді
20__жылғы "___"_____дейін жарамды.
Бастық_________________________________
(қолы)
Рұқсат мерзімі 20___жылғы "____"_________дейін ұзартылды.
Бастық_________________________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 12-қосымша

алдыңғы беті

Қазақстан Республикасы Ішкі

істер министрлігі

__________________________

(ішкі істер органының атауы)

№ ____ Рұқсат

3х4

фотосурет орны


_____________________берілді

(Т.А.Ә.)

___________________________

____________________ тұрады

(үйінің мекенжайы)

__________________________

___________________________

______________ жұмыс істейді

(кәсіпорын атауы)

М.О.

______________________лауазымында

Сақтау, сақтау және алып жүру құқығына (керексізі сызылып тасталсын)

_____________________________

(қарудың әрбір бірлігінің маркасы, калибрі, нөмірі)

_____________________________

Рұқсат 20_жылғы "_" __дейін жарамды.

Бастық_______________________

_____________________________

(қолы, тегі, аты-жөні)

М.О.

Берілген күні 20_жылғы "__" _____

Өлшемі 9,5 х 6,5 сантиметр

Сыртқы беті

Рұқсат мерзімі 20_жылғы "___" _____ дейін ұзартылды.

Бастық______________________

 (қолы)

Рұқсат мерзімі 20_жылғы "___" _____ дейін ұзартылды.

Бастық______________________

 (қолы)

Рұқсат мерзімі 20_жылғы "___"

_______________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

 (қолы)

Рұқсат мерзімі 20_жылғы "___"

_____________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

 (қолы)

Өлшемі 9,5 х 6,5 сантиметр

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 13-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
_______________________________
(ішкі істер органының атауы)
№ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ
__________________________ берілді
(мекеме, кәсіпорын атауы)
________________________ орналасқан
(мекенжайы)
Мынадай жүкті____________________
(жүктің атауы және заттардың саны)
_________________________________
(санмен және жазбаша көрсетіледі)
Тасымалдауға______________________
(көлік түрі)
______________________________ ден
_____________________________ дейін
Тасымалдауға____________________
_____________жауапты болып табылады
(Т.А.Ә.
___________________________________
жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі)
Жол жүргенде жүкті күзететін адамдар:
1._________________________________
2.________________________________
3.________________________________
20___жылғы "___"_____дейін жарамды.
Бастық____________________________
(қолы)
М.О.
20__жылғы "___"____________

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
_________________________________
(ішкі істер органының атауы)
№ РҰҚСАТ
_____________________________ берілді
(мекеме, кәсіпорын атауы)
____________________________орналасқан
(мекенжайы)
Мынадай жүкті_______________________
(жүктің атауы және заттардың саны)
_____________________________________
(санмен және жазбаша көрсетіледі)
Тасымалдауға________________________
 (көлік түрі)
________________________________ ден
_______________________________ дейін
Тасымалдауға _______________________
______________жауапты болып табылады
(Т.А.Ә.
_____________________________________
жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі)
Жол жүргенде жүкті күзететін адамдар:
1.___________________________________
2.__________________________________
3.___________________________________
20___жылғы "___"_______дейін жарамды.
Бастық______________________________
 (қолы)
М.О.
20__жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 14-қосымша

20__жылғы "__"____

№ рұқсат түбіршегі

_________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә.,

__________________

оның мекенжайы)

___________________

(әрбір қарудың бірлігінің маркасы, калибрі, саны)



сатып алуға берілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

__________________

(ішкі істер органының атауы)

20 жылғы "__"_____

№____рұқсаттың

төлнұсқасы

___________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә. оның мекенжайы)

____________________

(әрбір қарудың бірлігінің маркасы, калибрі, саны)



сатып алуға берілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

_____________________

(ішкі істер органының атауы)

20 жылғы "___"_______

№___ рұқсат

______________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә. оның мекенжайы)

_________________

(әр бірлік қарудың маркасі, калибрі, саны)



сатып алуға берілді

Берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды

М.О.

Бастық_______________

 (қолы)

20 жылғы "__" ___ дейін жарамды.

М.О.

Бастық_______________

  (қолы)

Берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды

М.О.

Бастық_______________

  (қолы)

20 жылғы "__" _____ дейін жарамды.

М.О.

Бастық_______________

  (қолы)

Берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды

М.О.

Бастық_______________

 (қолы)

20 жылғы "__" ______ дейін жарамды.

М.О.

Бастық_______________

 (қолы)

Ескерту. Рұқсатты берген ішкі істер органында қалады

Ескерту. Сатып алушының қолында қалады.

Қаруды сатып алған кезде сатушы ұйым сыртқы бетін толтырады және тіркеу кезінде ішкі істер органына ұсынылады

Ескерту. Сатушы ұйымда қалады және қаруды сатқан кезде сыртқы бетінде толтырылады


      (сыртқы беті)

Қарудың түрі (қызметтік, азаматтық)

жүйесі

Калибрі

Нөмірі

Шығарылған жылы

Шығарушы зауыттың атауы

Қарудың түрі (қызметтік, азаматтық)

жүйесі

Калибрі

Нөмірі

Шығарылған жылы

Шығарушы зауыттың атауы













_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

20 жылғы__________________

Сатушы ұйымның мөртаңбасы

_______________________

(жауапты адамның қолы)

20 жылғы__________________

Сатушы ұйымның мөртаңбасы

______________________

(жауапты адамның қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады