Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 19 қарашадағы
№ 1354 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 732 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе
түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді
қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004
«Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық
сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі
Р/с |
Жобаның атауы |
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
ҚБПҮ |
|||
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
||||
2 |
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету |
53 549 |
||
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
||||
3 |
Арнайы экономикалық аймақ шекараларында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін «Бурабай» МҮТП аумағындағы босалқы жерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
7 199 |
||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
||||
4 |
Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың «е-қызмет» автоматтандырылған жүйесін құруға арналған техникалық- экономикалық негіздемені әзірлеу |
19 875 |
||
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
||||
5 |
«Теңізшінің жеке куәлігін жасау, беру және бақылау жүйесі» жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу |
4 675 |
||
6 |
«Жүк көлік құралдарын қозғалыста өлшеудің кешенді интеграцияланған автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізуге техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу |
3 968 |
||
7 |
«Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту. Құрғақ жүк айлақтары және инфрақұрылым объектілері» жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
24 092 |
||
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
||||
8 |
«М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
33 365 |
||
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
||||
9 |
«Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы (ХШЫО) ауданындағы Қорғас өзенінде қорғану құрылыстарын және «Қорғас» кеденінің ғимараттарын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету |
36 000 |
||
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
||||
10 |
«Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету |
15 000 |
||
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
||||
11 |
«Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жасау» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
35 933 |
||
Жиыны: |
229 389 |
24 092 |
0 |