Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бағалардың негізділігін қараған кезде уәкілетті орган:
жоспарланып отырған баға жобаларын сол тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқа субъектілер белгілеген ұқсас тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларымен;
Субъект қолданатын өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тиісті салалық нормалармен немесе салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін субъектілер қолданатын нормалармен салыстыру жолымен;
Субъект персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін нарық субъектілерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындармен;
Субъект бағаларының ұлғаюына әсер ететін басқа да шыгыстарға салыстырмалы талдау жолымен сараптама жүргізеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов