Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1406 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 223 бұйрығын қараңыз.


      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақ қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт;
      2) Елорданың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт бекітілсін.
      2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары шартты дайындау және жасасу кезінде осы қаулының 1-тармағымен бекітілетін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттардың ережелерін басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1406 қаулысымен 
бекітілген  

Басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Басқарушы компания» деп аталатын _________________________
                                            (заңды тұлғаның атауы)
атынан __________________________________________________________
             (жарғы, ереже, 20_ ж. «_»_____№ ____ сенімхат)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________,
                      (шартқа қол қоятын тұлғаның т.а.ә. лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деп аталатын, _______________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
екінші тараптан Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні _________________________________________
                                    (АЭА атауы)
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының (бұдан әрі – АЭА қатысушы) арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) аумағында ______________
                                                 (бұдан әрі - қызмет)
қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруы болып табылады.
      2. Осы Шартта көзделген арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімді шығаруды немесе жұмыстар мен қызметтерді өндіруді бастағанға дейін АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен _____________мерзімінен кешіктірмей объектіні жобалауды жүргізуге, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға және 20___ жылғы ____________ қарай арнайы экономикалық аймақ аумағындағы объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
      3. АЭА қатысушысы осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрлерін Басқарушы компанияға ұсынылатын және Қазақстан Республикасы заңнамаларын, жобалық құжаттар және осы Шарт талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес (техникалық-экономикалық негіздемелерімен қоса) жүзеге асырады.

2. Негізгі ұғымдар

      4. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес мәні болады:
      1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания немесе астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі;
      3) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;
      4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
      5) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;
      6) қызметтің басым түрлері – арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
      7) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының салықкеденжер туралы заңнамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
      8) еркін кедендік аймақ – тауарлар арнайы экономикалық аймақ аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім;
      9) арнайы экономикалық аймаққа қатысушының қызметі – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында жұмыстарды орындау (өнім (алу) шығару);
      10) «бір терезе» қағидаты – өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды төмендетуді және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
      11) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
      12) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес және бас жоспармен бекітілген жылу мен электр энергиясын өндіру мен беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері объектілері және өзге де объектілердің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері;
      13) арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.

3. Шарттың мерзімі

      5. Осы Шарт ________ мерзімге жасалды.
      6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істей алатын мерзімнен аcпайды.
      7. Егер бастапқыда Тараптар белгілеген мерзім Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актілерінде айқындалған арнайы экономикалық аймақтың қолдану мерзімінен аспаса, осы Шарттың қолданылу мерзімі тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш басқарушы компанияға келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей қарастырылады.
      9. Осы Шарт оны Тараптар жасасқан күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арналған арнайы құқықтық режим АЭА Қатысушысы туралы мәліметті арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен бастап қолданылады.
      10. Қажетті рұқсат беру құжаттарын АЭА Қатысушысының уақтылы алмауы осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

4. Шарттың мақсаты

      11. Осы Шарт арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысына АЭА аймағында өндірісті құру мен дамытуға және қызметтер көрсетуге инвестициялар салу кезінде мемлекет ұсынған, Заңдарда анықталған салықтық жеңілдіктер және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну шарттарында Басқарушы компания мен АЭА Қатысушысы арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберлерін белгілейді.

5. Тараптардың жалпы құқығы мен міндеттері

      12. Басқарушы компания:
      1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
      2) Мониторингті жүзеге асыру шеңберінде осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша Шартта көзделген, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес мерзімде жазбаша сұраулар негізінде АЭА Қатысушысынан қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;
      3) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамау, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтерді жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда АЭА қатысушысына Басқарушы компанияның мекенжайына тиісті түсіндірмені ұсыну үшін, сондай-ақ жолсыздықтарды жою мерзімін көрсете отырып, осындай кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;
      4) АЭА Қатысушысының қолдаухаты және көрсетілген тұлғаның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысы үшін қосалқы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін екінші рет пайдалануға (қосалқы жалға) беруге;
      5) АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер үшін Тараптар айқындаған сыйақылар алуға;
      6) жер учаскелерін, АЭА инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы үшін жалға төлем алуға;
      7) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен жекелеген шарттар негізінде Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерін құруға байланысты бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға берілмеген жер учаскелерінде жобаларды іске асыруға;
      8) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың ұжымдық шешімінің негізінде шығып жатқан АЭА Қатысушысынан өз қаражаты есебінен сатылатын мүлік пен бизнесті және (немесе) ұжымдық жеке меншікке немесе Басқарушы компанияның жеке меншігіне нарықтық бағасы бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардан қалған қаражатты сатып алуға. Тиісті шешімді құқықты беру бойынша жоспарланған мәмілелер туралы хабарлама алынған күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде Басқарушы компания қабылдауы тиіс;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.
      13. АЭА Қатысушысы:
      1) Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген құқықтық қорғау кепілдігін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;
      2) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда және осы Шартта көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлегеннен кейін АЭА аумағында қызметті жүзеге асырудан түскен кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;
      4) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға және ол туралы Шарттың екінші тарапына хабардар етуге;
      5) өз сипаты бойынша қызметтің басым түрлерімен сәйкес келмейтін өз өндірісі үшін қосалқы қызмет түрлерін анықтауға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;
      6) уақытша қайтарымды пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі немесе екінші қайтара жерді пайдалану (қосалқы жалға беру) аумағына өз қаражаты есебінен өзіне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыруға;
      7) АЭА аумағында электр, жылу энергиясын, газ, су, кәріз, байланыс және телекоммуникация құралдарын, басқа да коммуналдық қызметтерді, қоғамдық көлікті және АЭА аумағында көрсетілетін өзге де қызметтерді пайдалануға;
      8) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен егер Басқарушы компанияның акционері болып табылған жағдайда, Басқарушы компанияны басқаруға қатысуға;
      9) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс мынадай қызмет түрлерін:
      бағдарламалық қамтамасыз етуді; дереккор базасымен ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, тәжірибелік өндіруді және өндіруді сондай-ақ дата-орталықтар мен онлайн-қызметтерін;
      ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыруға;
      Аталған тармақшалардың ережесі тек АЭА Қатысушысына ақпараттық және инновациялық технологиялар саласында 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін таратылады;
      10) Басқарушы компания алдында қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыруға ниет білдіруші тұлғаларға жер телімдерін беру туралы және АЭА Қатысушысы белгілеген тәртіппен қосымша мердігерлік жұмыстар мен қызметтердің жеке түрлерін орындауға шарт жасағандарға өтінім білдіруге;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
      14. Басқарушы компания:
      1) АЭА аумағында қолданылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушылармен қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындау мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыруға;
      2) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындауға;
      3) «бір терезе» қағидаты бойынша Арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуге;
      4) АЭА аумағында орналасқан салық органдарының сұрауы негізінде арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде енгізілген тауарлардың нақты тұтынылуының растамасын беруге;
      5) АЭА Қатысушысына уәкілетті орган белгілеген үлгіде АЭА Қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік беруге міндетті.
      15. АЭА Қатысушысы мыналарға міндетті:
      1) өз қызметін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес жүзеге асыру;
      2) осы арнайы экономикалық аймақ үшін басым деп танылған қызмет түрін жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатының айналымнан алынбаған, өзге де мүліктерге техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде иелік ету;
      3) өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті Басқарушы компанияға ұсыну;
      4) Басқарушы компанияның қосымша сұрауы бойынша өз қызметі туралы қажетті ақпаратты ұсыну;
      5) арнайы экономикалық аймақ аумағында осы шарттың 1-бөлімінде көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асыру;
      6) _____________________________ ай (жыл) ішінде ______________________________________ теңге көлеміндегі инвестицияны бизнес-жоспарға және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асыру;
      7) қабылдаған міндеттерді орындамағаны және (немесе) қызмет мониторингінің нәтижесі бойынша белгіленген анықталған жолсыздықтарды жою туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда Басқарушы компанияның келісімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жолсыздықтарды жою;
      8) арнайы экономикалық аймақтан тыс жерлердегі өзінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде тоқтату.
      Ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушыларына арналған осы міндет арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметті жүзеге асыруды талап ету бөлігінде қызметтің мынадай түрлері үшін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті шарт болып табылмайды:
      жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіріс және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі, ақпараттық технологиялар деректер базалары және аппараттық құралдар, сондай-ақ онлайн-қызметтер мен дата-орталықтардың қызметтері;
      ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру мен енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
      9) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттерге сәйкес уақытша қайтарымды пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесінің немесе кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалға) аумағына, өз қаражаты есебінен немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы өздеріне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыру;
      10) уәкілетті орган тарапынан ұсыным және халық қажеттілігінің растамасы бар болған жағдайда жылдық көлемінен _________ пайыздан аспауы тиіс өздері өндіретін өнімдердің бөлігін ішкі нарыққа жеткізуді қамтамасыз ету;
      11) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарға, материалдарға дайын өнімдерге, егер олар экологиялық техникалық сапалары мен бағалары бойынша және бәсекеге қабілетті болған жағдайда артықшылық беруге;
      12) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде қызметтер мен жұмыстарды орындауды, бұл қызметтер бағасы, тиімділігі және сапасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, қазақстандық ұйымдарға артықшылық беру;
      13) осы Шартта көзделген қызметті жүргізу кезінде авария туындаған жағдайда бұл туралы Басқарушы компанияны шұғыл түрде хабардар етуге және жұмыскерлер мен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қосымша шараларды қолдануды қамтамасыз ету, өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған жою жұмыстарын тараптармен келісілген мерзімдерде орындау;
      14) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті және (немесе) жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда Басқарушы компанияны шұғыл түрде хабардар ету және жұмысты дереу тоқтату;
      15) осы Шартты үшінші тұлғалар алдында АЭА Қатысушының ақшалай және өзге міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында кепілзатқа беруге жол бермеу;
      16) АЭА Қатысушысының жарғылық капиталы үлесін сатып алу (иеліктен алу) жағдайында жаңа жеке меншік иесі Басқарушы компанияға жоспарланған мәміле туралы оны жасағанға дейін кемінде екі айдан кешіктірмей хабарлауы тиіс;
      17) осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді өзге заңды тұлғаға беруге ниет білдірген жағдайда онымен жасалатын шарттарда (мәміледе) АЭА Қатысушысының және осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қабылдайтын заңды тұлғаның ортақ жауапкершілігі туралы шартты қарастыру;
      18) Басқарушы компанияны мүлікті және (немесе) бизнесті иеліктен алу жөнінде жоспарланған мәміленің болжанып отырған жасау күніне дейін кемінде 15 жұмыс күні қалғанда хабардар ету;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындау.

6. Салықтар, алымдар және міндетті төлемдер

      16. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар, алымдар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер салынады.

7. Кедендік реттеу

      17. АЭА Қатысушысы оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған сәтте қолданыстағы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен баждарды төлеу бойынша міндеттерін орындайды.
      18. Шартта оларға қатысты еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын АЭА қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар тізбесі айқындалады. Осы тізбе осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8. Сақтандыру

      19. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      2) Арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылықтың және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде мынадай:
      - қоршаған ортаға және (немесе) қоршаған ортаның жағдайын оның нашарлап кеткенге дейінгі жағдайына дейін қалпына келтіру;
      - қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын;
      - қоршаған ортаның апаттық ластануы нәтижесінде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы және басқа да заңдық негізде оларға тиесілі үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалға байланысты міндетті экологиялық сақтандыру;
      3) мынадай:
      - еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан;
      - асыраушысынан айырылған жағдайда;
      - жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру;
      4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      5) тасымалдаушының тиісті қызмет түрін жүргізген кезде жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      6) қызметтері авария нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру тигізу қауіптілігімен байланысты болатын объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
      20. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымдарын өз қалауына қарай таңдайды.

9. Шарт тұрақтылығының кепілдігі

      21. АЭА Қатысушысына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Шартпен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беріледі.
      22. АЭА Қатысушысының мүлкін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлі түрде алуға (мемлекет меншігіне алу, реквизиция) айрықша жағдайларда ғана және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жол беріледі.
      23. Осы кепілдік:
      1) акцизделген тауарлардың импорты, өндірісі, өткізу тәртібі мен шарттары өзгеретін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге және (немесе) күшіне енуіне және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарындағы өзгерістерге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық саласы, кедендік реттеу өзгерістеріне қатысты болмайды.
      24. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек олар жазбаша нысанда жасалғанда және Тараптардың оған уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды.

10. Есеп және есептілік

      25. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп және есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
      26. АЭА Қатысушысы Басқарушы компанияға өз қызметі туралы өткен жыл бойынша толық ақпаратты заңнамаға сәйкес ұсынады, сондай-ақ Басқарушы компания мекенжайына әрбір күнтізбелік жылдың ___________ айында (жыл) өткен жыл бойынша осы Шарттың талаптарын орындау туралы есепті жібереді.

11. Құпиялылық

      27. Осы Шарттың шарттарын орындау үдерісінде қандай да бір Тарап алған немесе ие болған ақпарат құпия болып табылады.
      28. Тараптар басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз келесі жағдайларды қоспағанда құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес:
      1) егер мұндай ақпарат сот қарауын жүргізу барысында пайдаланылатын болса;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті ақпаратты алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы сұратса;
      3) қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде мақсатқа сай болатын деңгейдегі қаржылық мекемелер сұратса, егер мұндай қаржылық мекемелер алынған ақпаратты құпия ретінде сақтап және қарапайым тыйымдарды қоса алғанда оны тек қана көрсетілген мақсаттарға пайдалануға жазбаша түрде келісім берген жағдайда.
      29. Тараптар мұндай есеп шоттарға қатысты сұратылуы мүмкін ақпаратты Қазақстан Республикасының салық органдарына ұсыну қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы салықтық заңнамаларына сәйкес беруге келіседі.

12. Құқықтар мен міндеттерді беру

      30. АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақ аумағында өзіне тиесілі мүлкі мен бизнесіне өз қалауы бойынша иелік етеді.
      31. Осы Шарт бойынша АЭА қатысушысының құқықтары мен міндеттері Басқарушы компанияның жазбаша түрде келісімімен, мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде кепілге берілуі мүмкін, бұл ретте кепіл арқылы құқық беру осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрін жүзеге асыру үшін қаржы қаражаттарын тарту мақсатында жүзеге асырылады.
      Бұл ретте Басқарушы компания 10 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органды ол туралы жазбаша хабардар етеді.
      Осы тармақта көрсетілген құқықтар мен міндеттер АЭА Қатысушысының мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық тәртібімен көзделген АЭА қатысушысының құқығы үшінші тұлғаға берілмейді.
      32. АЭА Қатысушыларына еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын басқа заңды тұлғаларға еркін берген кезде кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында белгіленген тәртіппен және Шарттарда аяқталуы тиіс.
      33. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекет АЭА Қатысушысының иелігінен шығарылған активтерін нарықтың бағасы бойынша мемлекет меншігіне сатып алудың басым құқығына ие болады.

13. Форс-мажор

      34. Тараптар міндеттерін толық немесе жартылай орындамағаны үшін егер форс-мажор жағдайларында (дүлей күш) атап айтқанда: су тасқыны және басқа да апаттар, өрт, жер сілкінісі, жарылыс, жойқын табиғи апаттар, басқа да табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, індет, карантин, төтенше жағдайларды енгізу, коменданттық сағат, сондай-ақ өзге де қарсы жақтың еркінен тыс, бірақ осы Шарт бойынша міндеттерді орындау барысына тікелей әсер еткен немесе Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда, жауапкершіліктен босатылады.
      Мемлекеттік органдармен Тараптардың еркінен тыс, бірақ осы Шарттың міндеттерін орындауға тікелей әсер еткен немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерін толық орындауды мүмкін болдырмайтын тыйым салу сипатындағы нормативтік актілер шығарылса немесе заңнамаларға өзгерістер енгізілсе, ол сот шешімімен форс-мажор ретінде танылуы мүмкін.
      35. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы Шартқа сәйкес қандай да болсын міндеттерді орындау осындай жағдайлардың туындауына орай мүмкін болмағандықтан, Тараптар форс-мажор жағдайлар басталған немесе аяқталған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші тарапты жазбаша нысанда (осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындаудың мүмкін еместігін немесе алдын ала болжанбаған өзге салдарлардың туындауын) негіздеп және дәлелдеп хабардар етуі тиіс.
      36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты форс-мажордың, осындай хабарламау немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті міндеттерімен тікелей пайда болған жағдай, осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде кез келген жағдайына сүйену құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайларының басталғандығы туралы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлама құжатпен немесе тиісті органның және немесе мекеменің куәлігімен расталуы қажет, форс-мажор жағдайы жалпыға танымал және жаппай сипат алған, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай жағдайларда растауға құзыретті.
      37. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайы орын алған, сондай-ақ бұл жағдайлардан туындаған салдарлар әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі. Осы Шарт бойынша тараптар міндеттерді толықтай немесе жартылай орындай алмаса, форс-мажор жағдайы бір күнтізбелік жыл көлемінен асып кетсе, Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
      38. Форс-мажор жағдайының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды рәсімдеуді талап етпейді.

14. Арнайы экономикалық аймақ Тараптарының жауапкершілігі

      39. Осы Шарт талаптарын орындамауы немесе тиісті орындамауы үшін Тараптар Қазақстан Республикасындағы заңнамасында және осы Шартты көзделген жауапкершілікке тартылады.
      40. Қатысушы қызметті жүзеге асыру кезінде техникалық регламентпен және жобалық құжаттамамен белгіленген талаптарды бұзуға жол бергені үшін толықтай жауапты болады.
      41. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қатысушы осы Шарт бойынша пайда болған қызметті жүзеге асыру кезінде және салдарында туындаған мемлекетке келтірілген зиян немесе залалға байланысты барлық қатерлер үшін жауапты болады.
      42. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақ туралы заңнамасын бұзатын АЭА Қатысушысы жасаған мәмілелер кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті қолдануға әкеледі және заңсыз болып табылады.
      43. Шартта көрсетілген қызметтің басым түрлерінің өндірісі барысында азаматтардың өміріне және денсаулығына тигізілген зиян Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтелуі тиіс.
      44. Осы Шартта белгіленген талаптар мен міндеттерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда, АЭА Қатысушысы екінші Тарапқа әр бұзушылық үшін 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.
      45. Кедендік органдар мен салық қызметі органдары осы Шартты жасасқаны туралы хабардар ету бойынша міндетін орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, Басқарушы компания екінші Тарапқа 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

15. Осы Шартты өзгерту, толықтыру, күшін тоқтату және бұзу талаптары

      46. Осы Шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімімен кез келген уақытта енгізіледі және қосымша келісім түрінде жазбаша ресімделеді, ол осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімін жүргізуге байланысты Шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы Басқарушы компания өкілетті органды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      47. Қызметті жүзеге асыру туралы осы Шарттың қолданысы:
      1) арнайы экономикалық аймақ таратылғанда;
      2) қолданыс мерзімі аяқталғанда, егер Тараптармен оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбегенде;
      3) қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
      48. Осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда жол беріледі.
      49. Басқарушы компания бір жақты тәртіппен АЭА Қатысушысымен осы Шарттың әрекет етуін мынадай:
      1) АЭА Қатысушысы осы Шарт талаптарының бұзушылықтары осы Шартты бұзу туралы Басқарушы компания хабарлама алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде 3 (үш) реттен астам жоймаған;
      2) АЭА Қатысушысы осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерін Басқарушы компанияның рұқсатынсыз басқа тұлғаға берген жағдайда бұзылады.
      50. АЭА Қатысушысының осы Шарт талаптарын бұзушылықтарды оларды Басқарушы компанияның хабарламасында белгіленген мерзімде толықтай жойған жағдайда осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын бір жақты тәртіппен тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      51. Басқарушы компания Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарт бұзылатын күні бұрынғы АЭА Қатысушысынан тұрғызылған ғимарат пен құрылыстарды оларды басқа мақсаттарда немесе арнайы экономикалық аймақтың басқа қатысушыларының пайдалануы мүмкін болған жағдайда осы жеке сатып алу-cату шарты негізінде теңгерімдік құны бойынша сатып алады.
      Мұндай пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, бұрынғы АЭА Қатысушысы барлық құрылыстарды бұзуды және екінші тарапқа қайтарылатын жер учаскелерін тиісті қалпына келтіруді жүзеге асырады.
      Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскелерін жалға алушы және құрылыс объектілерін тұрғызушы АЭА Қатысушысымен осы Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақ аумағынан үш айлық мерзімде өз есебінен өзіне тиесілі жабдықтар мен механизмдерді бөлшектеу мен алып кетуді қамтамасыз етеді.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздікті және техникалық үдерістерді үздіксіз қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтар бұрынғы АЭА Қатысушысының уақытша иелік ету және пайдалану, Басқарушы компанияға көрсетілген мүлікке құқық алған жаңа АЭА Қатысушысына мүлікті бергенге дейін беріледі. Бұрынғы АЭА Қатысушысы болмаған немесе Басқарушы компанияға мүлігін беруден бас тартқан жағдайда, Басқарушы компаниясы осы мүлікке қатысты сенімгер уәкіл ретінде әрекет етеді.

16. Дауларды шешу тәртібі

      52. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      53. Келіссөздер арқылы үш ай ішінде дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар оны Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.
      54. Тараптар Шартта белгіленген міндеттерді орындаудан туындаған даулар мен келіспеушіліктерді толық шешпегенге дейін босатылмайды.

17. Құқық қолдану

      55. Тараптармен оның ішіне басқа тұлғалармен жасалған осы Шартқа және басқа келісімдерге (шарттарға), Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы осы Шарттың іске асырылуына қолданылады.

18. Шарттың тілі

      56. Шарт мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысына барлық даналары бірдей, 2 данадан жасалады.
      57. Шарт Тараптарының келісімі бойынша Шарт мәтіні басқа да тілге аударылуы мүмкін.
      58. Шартқа мазмұн мен түсініктемені анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда __________________
                                                  (тілді көрсету)
тілдегі нұсқасының басым күші болады.

19. Қорытынды ережелер

      59. Осы Шарттың іске асырылуына байланысты талап етілетін хабарламалар мен құжаттар тек оларды алу фактісі бойынша ғана осы Шарт бойынша әр Тарапқа тиісті түрде жеткізілген және ұсынылған болып саналады.
      60. Хабарламалар мен құжаттар Тараптарға тікелей немесе почта, тапсырыстық әуе поштасы, факс арқылы жіберіледі.
      61. Осы Шарт бойынша почталық мекенжайы өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа 7 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
      62. Шартта барлық қосымшалар оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша ережелері мен Шарттың өзінде қандай да бір ауытқушылық туындаған жағдайда Шарт негіз құраушы мәнге ие.
      63. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім осы Шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
      64. «Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы» тарапыман бірнеше заңды тұлғалар қатысқан кезде олардың әрқайсысы Басқарушы компаниямен осы Шарттың қол қоюшысы болып табылады, ал олардың арасында жасалған арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт осы Шарттың ажырамас қосымшасы болып табылады.
      65. Бұрын құрылған арнайы экономикалық аймақтың Арнайы экономикалық аймақ Қатысушыларымен шарт жасасқан кезде Тараптармен бұрын белгіленген міндеттерді орындауды аяқтау қажеттілігіне байланысты ережелер көзделуі мүмкін.
      66. Осы Шартқа 20 ___ жылғы ________ (күн), _______ (ай) Қазақстан Республикасының ___________ қаласында, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      67. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

      Басқарушы компания                 Қатысушы
      АҚ _________________             ___________________
      Құқықтық мекенжайы___            ___________________
      СТН________________              ___________________
      ЖСН ________________             ___________________
      БСН ________________             ___________________

      ҚР Қаржымині Қазынашылық комитетінде
      ________________                 ___________________

      МО ________                      _______
      Қолы ___________________         ___________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1406 қаулысымен 
бекітілген    

Елорданың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарт

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрі «Басқару органы» деп аталатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушысы болып табылатын астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемесі _______________________________________________
                     (жарғы, ереже, 20_ ж. «_»_____№ ____ сенімхат)
негізінде әрекет ететін ___________________________________________,
                       (шартқа қол қоятын адамның лауазымы т.а.ә.)
тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы» деп аталатын, ________________________________________
                              (заңды тұлғаның атауы )
екінші тараптан Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні ________________________________________
                                        (АЭА атауы)

      Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (бұдан әрі – АЭА Қатысушысы) арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) аумағында
_____________ қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру болып табылады.
(бұдан әрі - қызмет)
      2. Осы Шартта көзделген арнайы экономикалық аймақ аумағында өнімді шығаруды немесе жұмыстар мен қызметтерді өндіруді бастағанға дейін АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен _____________мерзімінен кешіктірмей объектіні жобалауды жүргізуге, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға және 20___ жылғы ____________қарай арнайы экономикалық аймақ аумағындағы объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
      3. АЭА қатысушысы осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрлерін Басқару органына ұсынылатын және Қазақстан Республикасы заңнамаларын, жобалық құжаттар және осы Шарт талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес (техникалық-экономикалық негіздемелерімен) жүзеге асырады.

2. Негізгі ұғымдар

      4. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес мәні болады:
      1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі;
      3) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
      4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;
      5) қызметтің басым түрлері – арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
      6) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының салықкеденжер заңнамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
      7) еркін кедендік аймақ – тауарлар арнайы экономикалық аймақ аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және Кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім;
      8) арнайы экономикалық аймаққа қатысушының қызметі – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында жұмыстарды орындау (өнім дайындау (алу);
      9) «бір терезе» қағидаты – өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
      10) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
      11) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне және бекітілген бас жоспарға сәйкес жылу мен электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, байланыс қызметтері және басқа да өндіріс объектілерінің құрамына кіретін жылжымайтын объектілері;
      12) арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.

3. Шарттың мерзімі

      5. Осы Шарт ________ мерзімге жасалды.
      6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істей алатын мерзімнен аcпайды.
      7. Егер бастапқыда Тараптар белгілеген мерзім Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актілерінде айқындалған арнайы экономикалық аймақтың қолдану мерзімінен аспаса, осы Шарттың қолдану мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш Басқару органына келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қарастырылады.
      9. Осы Шарт оны Тараптар жасасқан күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына арналған арнайы құқықтық режим АЭА Қатысушысы туралы мәліметі арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен бастап қолданылады.
      10. Қажетті рұқсат беру құжаттарын АЭА Қатысушысының уақтылы алмауы осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

4. Шарттың мақсаты

      11. Осы Шарт арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА Қатысушысына АЭА аймағында өндірісті құру мен дамытуға және қызметтер көрсетуге инвестициялар салу кезінде мемлекет сынған, Заңдарда анықталған салықтық жеңілдіктер және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну шарттарында Басқарушы орган мен АЭА Қатысушысы арасындағы шарттық өзара қатынастардың заңды шеңберлерін белгілейді.

5. Тараптардың жалпы құқығы мен міндеттері

      12. Басқару органы:
      1) Қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындаудың мониторингін жүзеге асыруға;
      2) Мониторингті жүзеге асыру шеңберінде осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер жөнінде Шартта көзделген, алайда, тоқсанына бір реттен жиі емес мерзімде жазбаша сұраулар негізінде АЭА қатысушысынан қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;
      3) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамау, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруға байланысты жолсыздықтар анықталған жағдайда АЭА қатысушысына Басқарушы компанияның мекен-жайына тиісті түсіндірмені ұсыну үшін, сондай-ақ, жолсыздықтардың жою мерзімін көрсете отырып, осындай жолсыздықтарды жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар.
      13. АЭА Қатысушысы:
      1) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген құқықтық қорғау кепілдігін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;
      2) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда және осы Шартта көзделген тәртіппен басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлегеннен кейін АЭА аумағында қызметті жүзеге асырудан түскен кірісті өз қалауы бойынша пайдалануға;
      4) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;
      5) өз сипаты бойынша қызметтің басым түрлерімен сәйкес келмейтін өз өндірісі үшін қосалқы қызмет түрлерін анықтауға және ол туралы Шарттың екінші Тарапына хабарлауға;
      6) уақытша қайтарымды жерді пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі аумағына өз қаражаты есебінен өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыруға;
      7) АЭА аумағында электр, жылу энергиясын, газ, су, кәріз, байланыс және телекоммуникация құралдарын, басқа да коммуналдық қызметтерді, қоғамдық көлікті және АЭА аумағында көрсетілетін өзге де қызметтерді пайдалануға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
      14. Басқару органы:
      1) АЭА аумағында қолданылатын арнайы экономикалық аймақ Қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындау мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыруға;
      2) осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді сапалы және тиісті түрде орындауға;
      3) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағында мемлекеттік қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуге;
      4) АЭА аумағында орналасқан салық органдарының сұрауы негізінде арнайы экономикалық аймақтың құрылу мақсатына сәйкес келетін қызметтерді жүзеге асыру барысында енгізілген тауарлардың нақты тұтынылуының растамасын беруге;
      5) АЭА Қатысушысына уәкілетті орган белгіленген, АЭА қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік үлгілерін беруге міндетті.
      15. АЭА Қатысушысы мыналарға міндетті:
      1) өз қызметін арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес жүзеге асыру;
      2) осы арнайы экономикалық аймақ үшін басым деп танылған қызмет түрін жүзеге асыру үшін ақшалай қаражатына, айналымнан алынбаған өзге де мүліктерге техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес көлемде иелік ету;
      3) өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті Басқарушы органға ұсыну;
      4) Басқару органының қосымша сұрауы бойынша өз қызметі туралы қажетті ақпаратты ұсыну;
      5) арнайы экономикалық аймақ аумағында осы Шарттың 1-бөлімінде көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру;
      6) _________ ай, (жыл) ішінде __________ теңге көлеміндегі инвестицияны бизнес-жоспарға және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жүзеге асыру;
      7) қабылданған міндеттерді орындамағаны және (немесе) қызмет мониторингінің нәтижесі бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, Басқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде жолсыздықтарды жою;
      8) қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт негізінде арнайы экономикалық аймақ аумағынан тыс жердегі өзінің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтату.
      Бұл міндет ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА Қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруды талап ету бөлігінде 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтің мынадай түрлері бойынша міндетті Шарт болып табылмайды:
      бағдарламалық қамтамасыз етуді, дерекқор базасымен ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, тәжірибелік өндіруді және өндіруді, сондай-ақ дата-орталықтар қызметтері мен онлайн-қызметтерін;
      ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыру;
      9) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес уақытша қайтарымды жерді пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесінің аумағында өз қаражаты есебінен немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы өздеріне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдардың құрылысын салуды жүзеге асыру;
      10) егер экологиялық техникалық сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарға, материалдар мен дайын өнімге артықшылық беру;
      11) егер бұл қызметтер бағасы, тиімділігі және сапасы бойынша бәсекеге қабілетті болса, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде қызметтер мен жұмыстарды орындауда қазақстандық ұйымдарға басымдық беру;
      12) осы Шартта көзделген қызметті жүргізу кезінде авария туындаған жағдайда бұл туралы Басқару органына шұғыл түрде хабарлау және қызметкерлер мен халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қосымша шараларды қолдануды қамтамасыз ету, өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған зардаптарды жою жұмыстарын тараптармен келісілген мерзімде орындау;
      13) арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті және (немесе) жұмысты жүзеге асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда бұл туралы Басқару органына шұғыл түрде хабардар ету және жұмысты дереу тоқтату;
      14) осы Шарттың үшінші тұлғалары алдында АЭА Қатысушының ақшалай және өзге де міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында кепілдікке  беруге жол бермеу;
      15) АЭА Қатысушысының жарғылық капиталы үлесін сатып алынған (алып қойылған) жағдайда жаңа жеке меншік иесі Басқарушы органға жоспарланған мәміле туралы ол жасалғанға дейін кемінде екі айдан кешіктірмей хабарлау;
      16) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді сапалы және тиісті үлгіде орындау.

6. Салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер

      16. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер салынады.

7. Кедендік реттеу

      17. Қатысушы кедендік төлемдер мен баж салығын төлеу бойынша міндеттемелерді оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес орындайды.
      18. Шартта АЭА қатысушысы еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындайды. Аталған тауарлар тізбесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8. Сақтандыру

      19. АЭА қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;
      2) арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылық және басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде келесідей:
      - қоршаған ортаға және (немесе) қоршаған ортаның жағдайын оның нашарлап кеткенге дейінгі жағдайына дейін қалпына келтіру;
      - қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына;
      - қоршаған ортаның апаттық ластануы нәтижесінде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы және басқа да заңдық негізде оларға тиесілі үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалды өтеуге байланысты міндетті экологиялық сақтандыру;
      3) мынадай:
      - еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан;
      - асыраушысынан айырылған жағдайда;
      - жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру;
      4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      5) тасымалдаушының тиісті қызмет түрін жүргізген кезде жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      6) қызметтері авария нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру тигізу қауіптілігімен байланысты болатын объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
      20. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымдарын өз қалауына қарай таңдайды.

9. Шарт тұрақтылығының кепілдігі

      21. АЭА Қатысушысына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Шартпен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.
      22. Арнайы экономикалық аймақ Қатысушысының мүлкін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлі түрде алуға (мемлекет меншігіне алу, реквизиция) айрықша жағдайларда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жол беріледі.
      23. Осы кепілдік:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы өзгерістер және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары күшіне енген және (немесе) өзгерістер енгізілген жағдайда, сол арқылы импорттың, өндірістің, акцизделген тауарларды сатудың тәртібі мен талаптары өзгеретін жағдайда;
      2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық саласы, кедендік реттеу саласындағы заңнамаларындағы өзгерістерге қолданылмайды.
      24. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған жағдайда ғана жарамды.

10. Есеп және есептілік

      25. АЭА Қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп және есепке алу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
      26. АЭА Қатысушысы өзінің өткен жылғы қызметі туралы толық ақпаратты заңнамаға сәйкес Басқару органына белгіленген мерзімде және белгіленген нысан бойынша ұсынады, сондай-ақ Басқару органының мекенжайына әрбір күнтізбелік жылдың ___________ айына (жыл) дейін өткен жыл бойынша осы Шарт талаптарының орындалуы туралы есепті жібереді.

11. Құпиялылық

      27. Осы Шарттың талаптарын орындау барысында қандай да бір Тарап алған немесе ие болған ақпараты құпия болып табылады.
      28. Тараптар екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз келесі жағдайларды қоспағанда құпия ақпаратты:
      1) егер мұндай ақпарат сот тәртібімен қарау жүргізу барысында пайдаланылса;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес тиісті ақпаратты алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына;
      3) қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде мақсатқа сай болатын деңгейдегі қаржы мекемелеріне, егер мұндай қаржы мекемелері алынған ақпаратты құпия ретінде сақтауға және оны көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға жазбаша түрде келісім берген жағдайда үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
      29. Тараптар Қазақстан Республикасының салық органдарына олардың шоттарын қатысты ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда келіседі, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес беруге сұратылуы мүмкін.

12. Құқықтар мен міндеттерді беру

      30. АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың аумағында өзіне тиесілі мүлік пен бизнеске өз қалауы бойынша иелік етеді.
      31. Осы Шарт бойынша АЭА қатысушысының құқықтары мен міндеттері Басқару органының жазбаша келісімімен, мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде кепілге берілуі мүмкін, бұл ретте кепіл арқылы кез келген құқықты беру осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрін жүзеге асыру үшін қаржы қаражатын тарту мақсатында жүзеге асырылады.
      Бұл ретте Басқару органы 10 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
      Осы тармақта көрсетілген құқықтар мен міндеттемелер АЭА Қатысушысының мүліктік құқық кепілінің шарты негізінде арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимінде көзделген АЭА қатысушысының құқықтары үшінші тұлғаға берілмейді.
      32. Осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді бергенге дейін АЭА Қатысушысы және құқықтар мен міндеттемелерді қабылдайтын заңды тұлға осы Шарт бойынша жауапты болады.
      33. АЭА Қатысушысына еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын басқа заңды тұлғаға еркін берген кезде кеден аймағының кедендік рәсімінің қолданылуы Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда аяқталуы тиіс.
      34. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттің АЭА Қатысушысының иелігінен шығарылған активтерді нарықтың бағасы бойынша мемлекет меншігіне сатып алуға басым құқығы бар.

13. Форс-мажор

      35. Тараптар міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер осы Шарт бойынша міндеттерді орындау барысына тікелей әсер еткен немесе Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттерін орындауы мүмкін  болмаған форс-мажор жағдайларында (дүлей күштер): су тасқыны және өзге де зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыс, экстремалдық ауа райы жағдайы, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, індет, карантин, төтенше жағдайларды енгізу, коменданттық  сағат, сондай-ақ қарсы жақтың еркінен тыс болған өзге жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.
      Мемлекеттік органдардың Тараптардың еркінен тыс, бірақ осы Шарттың міндеттемелерінің орындалмауына тікелей әсер еткен немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін толық орындауды мүмкін болдырмайтын тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы немесе заңнаманы өзгертуі соттың шешімімен форс-мажор ретінде танылуы мүмкін.
      36. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, осы Шартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелерді орындау осындай жағдайлардың туындауына орай мүмкін болмағандықтан, Тараптар форс-мажор жағдайлар басталған немесе тоқтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша түрде (осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігін негіздеп және дәлелдеп немесе басқа да алдын ала болжанбаған салдарлар туралы) хабардар етуге міндетті.
      37. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде форс-мажордың кез келген жағдайына сілтеу құқығынан айырады, тиісті форс-мажор жағдайларды қоспағанда хабарламау немесе уақтылы хабарламауды тікелей пайда болған жағдай негізінде ерекшеленеді. Форс-мажор жағдайларының басталғандығы және тоқтатылғандығы туралы хабарлама, егер форс-мажор жағдайлары жалпыға танымал және жаппай сипатқа ие болатын және дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай жағдайларды растауға құзыретті тиісті органның және/немесе мекеменің құжатымен не куәлігімен расталуы қажет.
      38. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайлары болған уақыт ішінде онымен мөлшерлес уақытта, сондай-ақ осы жағдайлармен туындаған салдарға жылжытылады. Егер, Тараптар форс-мажор жағдайларының басталуына байланысты, осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындау мүмкіндігі бір күнтізбелік жылдан асып кетсе, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
      39. Форс-мажор жағдайының пайда болуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды түрде ресімдеуді талап етпейді.

14. Арнайы экономикалық аймақ Тараптарының жауапкершілігі

      40. Осы Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шарт Тараптары Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы шартта көзделген жауапты болады.
      41. Қатысушы қызметті жүзеге асыру кезінде техникалық регламентте және жобалық құжаттамада белгіленген талаптардың бұзылуына жол бергені үшін толықтай жауапты болады.
      42. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қатысушы осы Шарт бойынша және мемлекетке келтірілген зиян немесе залалға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болған барлық қауіп-қатерге жауапты болады.
      43. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақ туралы заңнамасын бұзатын АЭА Қатысушысымен жасалған мәмілелер кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті қолдануға алып келеді және жарамсыз болып табылады.
      44. Шартта көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүргізген кезде азаматтардың денсаулығына және өміріне келтірілген зиян Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес орны толтырылады.
      45. Осы Шартта белгіленген шарттар мен міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда АЭА Қатысушысы екінші Тарапқа әр бұзушылық үшін 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.
      46. Кедендік органдар мен салық қызметі органдарын осы Шартты жасасқаны туралы хабардар ету бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, Басқару органы екінші Тарапқа 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

15. Осы Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары

      47. Осы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша кез келген уақытта енгізіледі және қосымша келісім түрінде жазбаша ресімделеді, ол осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың тізілімін жүргізуге байланысты осы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы Басқару органы өзгерістер мен толықтыруларды енгізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.
      48. Қызметті жүзеге асыру туралы осы Шарттың қолданысы:
      1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
      2) егер Тараптар оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе оның қолданылу мерзімі аяқталған;
      3) қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған;
      4) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
      49. Осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларда жол беріледі.
      50. Басқару органы бір жақты тәртіппен АЭА Қатысушысымен осы Шарттың күшін мына:
      1) АЭА Қатысушысы осы Шарт талаптарының біршама бұзушылықтарын осы Шартты бұзу туралы Басқару органы хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде 3 (үш) реттен астам орындамаған жағдайда бұзады;
      2) АЭА Қатысушысы осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелері  басқару органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға берген жағдайда.
      Осы Шартты бұзу АЭА қатысушысының жер учаскесін бөлу актісінің күшін жойғанда тоқтатылады.
      51. АЭА Қатысушысы хабарламада белгіленген мерзімде толық жойған осы Шарттың талаптарының бұзылуы осы шарттың қолданылуын бір жақты тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болмайды. АЭА Қатысушысы арнайы экономикалық аймақ аумағынан үш айлық мерзімде өз есебінен өзіне тиесілі жабдықтар мен тетіктерді бөлшектеу және алып кетуді қамтамасыз етеді.
      Арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскесін жалға алған және құрылыс объектілерін тұрғызған, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда АЭА Қатысушысы өз есебінен өзіне тиесілі жабдықтар мен механизмдерді арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығаруды және бөлшектеуді үш ай мерзім ішінде қамтамасыз етеді.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздікті және техникалық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін имараттар мен жабдықтар бұрынғы АЭА Қатысушының уақытша иелік ету және Басқару органының пайдалануына, көрсетілген мүлікке құқық алған жаңа АЭА Қатысушысы мүлікті бергенге дейінгі мерзімде тапсыруға тиіс. Бұрынғы АЭА Қатысушысы болмаған немесе Басқару органына мүлкін беруден бас тартқан жағдайда Басқару органы осы мүлікке қатысты сенім білдірілген ретінде шығады.

16. Дауларды шешу тәртібі

      52. Осы Шартты орындау барысында туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      53. Келіссөздер арқылы үш ай ішінде дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар оны Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.
      54. Тараптар Шартты белгіленген міндеттерді орындаудан туындаған даулар мен келіспеушілік мәселелері толық шешілгенге дейін босатылмайды.

17. Қолданылатын құқық

      55. Тараптармен, оның ішінде басқа тұлғалармен жасалған осы Шартқа және басқа келісімдерге (шарттарға), осы Шартты іске асыруға Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы қолданылады.

18. Шарттың тілі

      56. Шарт мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысына барлық даналары бірдей, 2 данада жасалады.
      57. Шарттың мәтіні Тараптардың келісімімен басқа тілге аударылуы мүмкін.
      58. Шартқа түсінік беру мен мазмұнын анықтау барысында келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда __________________
                                                   (тілді көрсету)
тілдегі мәтіннің нұсқасы басым күшке ие.

19. Қорытынды ережелер

      59. Осы Шарттың іске асырылуына байланысты талап етілетін құжаттар мен хабарламалар осы Шарт бойынша әр Тарапқа тиісті түрде жеткізілген және ұсынылған болып, тек қана оларды алу фактісі бойынша  саналады.
      60. Хабарламалар мен құжаттар Тараптарға тікелей немесе пошта, тапсырысты әуе поштасы, факс арқылы жіберіледі.
      61. Осы Шарт бойынша пошталық мекенжайы өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа 7 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама беруге міндетті.
      62. Шарттың барлық қосымшалары оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымшалар мен Шарттың ережелерінің арасында қандай да бір алшақтық болған жағдайда Шарт негіздік мәнге ие болады.
      63. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен рәсімделеді. Мұндай келісім осы Шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
      64. «Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы» тарапынан бірнеше заңды тұлғалар шыққан кезде олардың әрқайсысы Басқару органымен осы Шарттың қол қоюшысы болып табылады, ал олардың арасында жасалған арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт осы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылады.
      65. Бұрын құрылған арнайы экономикалық аймақтың Арнайы экономикалық аймақ Қатысушыларымен шарт жасасқанда Тараптардың бұрын белгіленген міндеттемелерді орындауды аяқтау қажеттілігіне байланысты ережелер көзделуі мүмкін.
      66. Осы Шартқа 20 ___ жылғы ________ (күн), _______ (ай) Қазақстан Республикасының ___________ қаласында, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      67. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

      Басқарушы орган             Қатысушы
      ММ _______________            ___________________
      Заңды мекенжайы___            ___________________
      СТН________________           ___________________
      ЖСН _______________           ___________________
      БСН ________________          ___________________

      ҚР Қаржымині Қазынашылық комитетінде
      ________________              ___________________

      МО ________                   _______
      Қолы ___________________      ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады