Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 481-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов