Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті айқындалсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.02.2014 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1653 қаулысымен  
бекітілген        

Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің
қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға
сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.02.2014 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Тауар биржалары қызметiне

1

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйелеріне қойылатын жалпы талаптарға сай келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесi

Қабылдау-беру және пайдалануға беру актісі туралы; негізгі құралдардың үзінді көшірмесінің болуы туралы;
техникалық тапсырма туралы; электрондық сауда жүйесінің сипаттамасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(1-қосымшаға сәйкес)

2

Құпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмше

Құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрық және құпия ақпаратқа рұқсаты бар адамдарға рұқсат беру туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

3

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген биржа саудасы қағидалары

Биржа саудасы қағидаларын бекіту туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(1-қосымшаға сәйкес).

4

Басшылық лауазымындағы тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары бiлiмi;
тауар биржалары саласында және/ (немесе) қаржы ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмі

Штаттық кестеге сәйкес басшылық лауазымындағы қызметкерлердің білімі және жұмыс өтілі туралы; басшыны тағайындау туралы;
штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымын атқармайтын қызметкерлердің білімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

5

Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер

Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны(1-қосымшаға сәйкес)

6

Клирингтiк орталық не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарт

Клирингтік орталықты құру туралы бұйрық не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(1-қосымшаға сәйкес)

7

Кемінде жеті биржалық брокермен және/(немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары

Ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(1-қосымшаға сәйкес)

8

Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтарды өткiзу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсы

Интернет-ресурсты пайдалануға беру туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(1-қосымшаға сәйкес)

9

Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлері

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (1-қосымшаға сәйкес)

биржалық брокерлер (бұдан әрi - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрi - дилерлер) қызметiне

10

Ұйымның бiрiншi басшысында:
жоғары бiлiмi;
биржа қызметі саласында және/(немесе) қаржы ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
ұйым қызметкерлерiнде (биржа саудасымен айналысатын):
жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмі

Штаттық кестеге сәйкес бірінші басшының білімі және жұмыс өтілі туралы;
штаттық кестеге сәйкес, қызметкерлердің білімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (2-қосымшаға сәйкес)

11

Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтер көрсету туралы шарттардың бекiтiлген нысандары

Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттар нысандарын бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (2-қосымшаға сәйкес)

12

Клиенттерге брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген регламентi

Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (2-қосымшаға сәйкес)

Тауар биржаларының, биржалық   
брокерлер мен биржалық дилерлердің 
қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
және оларға сәйкестiктi растайтын 
құжаттар тiзбесiне       
1-қосымша          

Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарға сай келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесi:
      қабылдау-беру актісінің нөмірі мен күні ____________________;
      пайдалануға енгізу туралы актінің нөмірі мен күні_____________.
      Мына құжаттардың болуы:
      Негізгі құралдардан үзінді көшірмелер ____;
      Техникалық тапсырма ____;
      Электрондық сауда жүйесінің сипаттамасы ____.
      2. Құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімше:
      құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ___________________;
      құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғаларға рұқсат беру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні ___________________.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі қағидасы негізінде әзірленген биржа саудасының қағидасы:
      биржа саудасы қағидасының бекітілген күні ______________.
      4. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымындағы қызметкерлері:
      Т.А.Ә. ____________________________________;
      Жоғары білімі:
      диплом нөмірі ________________________________;
      дипломның берілген күні _______________________;
      дипломның берілген орны _______________________;
      диплом берген оқу орнының атауы ________________;
      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және басшыны тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) нөмірі мен күні ______;
      тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ______________;
      Жұмыс орны____________________________;
      Кезеңі _________________________________;
      Лауазымдары ___________________.
      5. Штаттық кестеге сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымын атқармайтын қызметкерлері:
      Т.А.Ә. ____________________________________;
      Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:
      диплом нөмірі ________________________________;
      дипломның берілген күні _______________________;
      дипломның берілген орны _______________________;
      диплом берген оқу орнының атауы ________________;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы ___________.
      6. Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер:
      құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _____________________________;
      құрылымдық бөлімшені құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________________.
      7. Клирингтік орталық не клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарт:
      клирингтік орталықты құру туралы бұйрықтың нөмірі мен күні немесе клирингтік орталықтың көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шарттың нөмірі мен күні __________________;
      клирингтік компанияның атауы ____________________________.
      8. Кемінде жеті биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары:
      ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның атауы _______________________;
      ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шартының нөмірі мен күні _______________________________.
      9. Тауар биржасы туралы және олардың сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыруға арналған арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жеке интернет-ресурсы:
      интернет-ресурстың мекенжайы _____________________.
      10. Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшері:
      төлемдер мөлшерін бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні_______________.
       

Тауар биржаларының, биржалық   
брокерлер мен биржалық дилерлердің 
қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
және оларға сәйкестiктi растайтын 
құжаттар тiзбесiне       
2-қосымша          

Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны

1. Штаттық кестеге сәйкес, ұйымның бірінші басшысының:
      Т.А.Ә. ____________________________________;
      Жоғары білімі:
      диплом нөмірі ________________________________;
      дипломның берілген күні _______________________;
      дипломның берілген орны _______________________;
      диплом берген оқу орнының атауы ________________;
      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні_________________;
      директорды тағайындау туралы құрылтайшылар шешімінің нөмірі мен күні_________________;
      тауар биржалары саласында және/немесе қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілі ______________.
      Жұмыс орны____________________________.
      Кезеңі _________________________________.
      Атқаратын лауазымдары ___________________.
      2. Штаттық кестеге сәйкес (биржалық саудамен айналысатын) ұйым қызметкерлерінің:
      Т.А.Ә. ____________________________________;
      Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі:
      диплом нөмірі ________________________________;
      дипломның берілген күні _______________________;
      дипломның берілген орны _______________________;
      диплом берген оқу орнының атауы ________________;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, лауазымы _________.
      3. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандары:
      шарттың/шарттардың нысандарын бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _________________________________.
      4. Клиенттерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті:
      регламентті/регламенттерді бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні________.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің            
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1653 қаулысына      
қосымша           

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 481-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 470-құжат).
      3. «Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1435 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 5, 99-құжат).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады