Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген
Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген
Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер
қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
1. Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
2) құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы ережесінің;
4) тауар биржасында басшылық қызметпен айналысатын қызметкерлерде:
жоғары білімінің;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
тауар биржасында басшылық қызметпен айналыспайтын қызметкерлерде:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
5) сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;
6) клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;
7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
8) кемінде үш биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;
9) мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) ұйымның бірінші басшысында:
жоғары білімінің;
ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
2) брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
3) клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.