"Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1435 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 481-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады