Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 Қаулысы . Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2014 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1437 қаулысымен
бекітілген    

Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және конкурстық іс жүргізу мен оңалту рәсімі кезінде кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. Конкурстық іс жүргізу кезінде Тізілімді қалыптастыру тәртібі

      2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында банкроттық рәсімінде конкурстық басқарушы Тізілімді қалыптастырады.
      3. Тізілімді қалыптастыру үшін конкурстық басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде борышкерді банкрот деп тану және конкурстық іс жүргізуді қозғау туралы хабарландыруды жариялайды.
      4. Борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі айдан кешіктірмей кредиторлар өздерінің талаптарын тізілімге қосу туралы өтініштерін, талаптар сомасы туралы (негізгі қарыздың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұлдар санкцияларының, шығындар сомасы туралы бөлек-бөлек) мәліметтерді және талаптар сомасын қамтуы тиіс дәлелді құжаттармен (соттардың күшіне енген шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызды мойындауы) қоса конкурстық басқарушыға ұсынады.
      Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
      5. Кредиторлар уақтылы мәлімдеген еркін нысандағы жазбаша өтінішті, сондай-ақ оларға қоса тіркелген осы Қағидалардың 15-23-тармақтарында көзделген құжаттарды конкурстық басқарушы олар тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде қарастырады.
      6. Тізілімге конкурстық басқарушы даусыз, сондай-ақ дәлелді деп  таныған кредиторлар талаптары енгізіледі.
      Борышкерден ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
      7. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қарастыру нәтижесі туралы талаптарды мойындау немесе мойындамау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      Хабарламада кредиторлардың талаптарын конкурстық басқарушының қарауы аяқталатын мерзім, кредитор талаптары сомасын және ол сома қосылған кезегін бекіту үшін банкроттық саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қалыптастырылған Тізілімнің жіберілетін күні көрсетіледі. Талаптарды конкурстық басқарушы толық көлемде немесе оның бір бөлігін мойындамаған жағдайда, мойындамау себептері көрсетіледі.
      8. Тізілім осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
      Тізілім борышкердің Бухгалтерлік балансына кредиторлық берешекті тарату негізінде қалыптастырылмайды. Талаптарды тиісті кезектегі Тізілімге енгізу үшін негіз болған кредиторлардың өтініштері болған кезде Тізілім бекітіледі.
      9. Кредиторлардың талаптарын Тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.
      Заңды күшіне енген сот шешімі талапты Тізілімге немесе Тізілімге түзетулер енгізуге негіз болып табылады.
      10. Кредиторлар бұрын сотқа мәлімдеген талаптар Заңның 71-бабының 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген талаптарға жауап берсе, олардың талаптарын Тізілімге енгізуге болады.
      11. Кредиторлар, өзіне берешек сомасы мен осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүдде), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаумен немесе тиісінше орындамаумен келтірілген шығындарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерден талап етуге құқылы.
      12. Тұрақсыздық айыбы (өсімақылар, айыппұлдар) мен борышкер міндеттерінің барлық түрі бойынша сыйақы есептеу, борышкерді сот банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тоқтатылады және олар бойынша сома борышкерді сот банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған кезге анықталады.
      13. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсімдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданған кезге айқындалады.
      14. Таратылатын борышкер өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауап беретін азаматтарға мерзімді төленетін тиісті төлемдерін капиталға айналдыру арқылы, жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттер бойынша талаптар Тізілімнің бірінші кезегіне енгізіледі.
      15. Бірінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: алимент бойынша - өтініш, берешегінің бар болуы туралы анықтама, берешегінің бар екендігін растайтын бухгалтерлік құжаттар, сот шешімі (бар болса);
      азаматтардың талаптары бойынша өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтар капиталға айналдыру жолымен тиісті мерзімді төлем - өтініш, медико-әлеуметтік сарапшылар комиссиясының қорытындысы, қолайсыз жағдайлар туралы акт (заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда, міндетті емес), берешегінің бар екендігі туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы шартының көшірмесі (зейнеткерлерді қоспағанда), әлеуметтік жеке кодының немесе жеке сәйкестендірілген нөмірі (зейнеткерлерді қоспағанда), берешегінің бар екендігін растайтын бухгалтерлік құжаттар, берешек және капиталға айналдыру бойынша есеп айырысу, сот шешімі (бар болған жағдайда) болып табылады.
      16. Мынадай:
      1) банкроттық туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін қызметкердің бір жылдан бастап есептелетін кезеңдегі еңбекақысын көтеру нәтижесінде пайда болған өтемақыларды төлеу бойынша кредиторлар талаптарының ұлғаю сомалары Тізілімінде бесінші кезектің құрамында есепке алынатын;
      2) еңбек қатынастары банкроттық туралы iс жүргiзу басталғанға дейiн бiр жыл уақыт кезеңiнде пайда болған еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша кредиторларлардың талаптары кредиторлар талаптары тізілімінің екінші кезегінің құрамында борышкерде банкроттық туралы iс жүргiзу басталғанға дейiн бiр жыл уақыт кезеңiне дейін қалыптасқан орташа айлық жалақыдан аспайтын мөлшерде немесе ұқсас лауазымдар мен мамандықтардың тарифтiк мөлшерлемесiмен есепке алынады. Талаптардың қалған сомалары (айыппұл, өсімпұлдар, индекстеу және басқалар) Тізілімінің бесінші кезегінің құрамында есепке алынатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбегiне ақы мен өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша борыштарды өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi талаптар енгiзiледi.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша берешектің бар екенi туралы анықтама, сондай-ақ жеке табыс салығын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша таратылатын борышкердің анықтамалары, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленген туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының анықтамасы, жеке куәлiгiнiң, зейнетақы шартының (зейнеткерлердi қоспағанда), жеке сәйкестендiру нөмiрi (зейнеткерлердi қоспағанда) туралы куәліктің көшiрмелері, салық есептілігі, берешектің бар екенін растайтын бухгалтерлiк құжаттар мен есептілік, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі 2 (екі) жылға (әр жылға жекелеп) еңбекақы есептеу бойынша мәліметтер, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақы бойынша берешегiмен есеп айырысу, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, табыс салығы, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      18. Кредиторлардың таратылатын борышкердің кепілмен қамтамасыз етілген мүлкі, міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде Тізілімнің үшінші кезегіне енгізіледі.
      Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігінде, міндеттемелер Тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
      19. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар:
      өтініш, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепіл шарттары, кредитор мен борышкер арасындағы өзара есептесуді салыстыру актілері және таратылатын банкроттың мүлкін кепілдеумен қамтамасыз етілген міндеттемелердің қамтамасыз ету сомасы шегінде бар екенін растайтын басқа да құжаттар, түгендеу тізімі, сот шешімі (бар болған жағдайда) болып табылады.
      20. Тізілімнің төртінші кезегіне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек енгізіледі.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын анықтаған жағдайда банкроттық туралы іс жүргізу қозғалған кезден пайда болған борышкердің салықтық берешегі ескеріледі.
      21. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, салыстыру актілері, сот шешімі (бар болған жағдайда) болып табылады.
      22. Тізілімнің бесінші кезегіне азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша, соның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптарын қоспағанда, Заңның 78-бабының 23-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғаларға еңбекақы мен өтемақы төлеу жөніндегі кредиторлардың талаптары, және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ Заңның 79-бабының 3-тармағында және 80-бабының 3-тармағында белгіленген басқа кезектегі кредиторлар талаптары енгізіледі.
      23. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар:
      өтініш, шарттар, істелген жұмыстарды, қызметтерді жеткізу актілері, бухгалтерлік құжаттар, сыйақы, борышкердің міндеттемелерді орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан шыққан шығындар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімақылар), борышкердің қарызды мойындауын растайтын өзара есептесуді салыстыру актілері, сот шешімі (бар болған жағдайда) болып табылады.
      Кредиторлар талаптарын растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынуға болады.
      24. Конкурстық басқарушы, борышкерді банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірмей уәкілетті органға бекіту үшін қалыптастырылған тізілім, сондай-ақ олардың талаптарын қарау нәтижесі бойынша кредиторларға жолданған хабарламаларды қоса отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.
      25. Конкурстық басқарушы Тізілімнің әр кезегі бойынша, құжаттары хронологиялық тәртіппен немесе қисынды жүйелілікте, жобалық жазбасыз және артық нұсқаларсыз тігілетін дара іс қалыптастырады.
      Әрбір істің тақырыбы (титул парағы) кезек атауын қамтиды және қысқаша түрде мазмұнын айқындайды.
      Әр іс тігіледі (бауланады), нөмірленеді және артқы бетінде борышкердің мөрімен (жоқ болған жағдайда - конкурстық басқарушы жеке кәсіпкердің мөрімен) куәландырылады және оған конкурстық басқарушы қол қояды. Істің бірінші бетінде орналасқан тізімдемесін қосқанда, іс 250 парақтан көп болмайды. Құжаттар көлемі үлкен болған жағдайда, беттеріне дербес нөмерлері қойылған жеке іс ретінде томдар жасалады. Томдардан тұратын (олардың реттік нөмірлері көрсетілген) істің атауында (кезектердің атауы көрсетілген) осы томның ерекшеліктерін сипаттайтын ақпарат болады.
      26. Осы Қағидалардың 25-тармағындағы талаптарға сәйкес ресімделген 24-тармақта көрсетілген құжаттарды конкурстық басқарушы уәкілетті органға қабылдап алу-беру актісі бойынша бекіту үшін тапсырады.
      27. Тізілім уәкілетті органның ескертулері және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда құжаттарды берген уақыттан бастап бір аптаның ішінде бекітіледі.
      28. Осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, конкурстық басқарушы оларды алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жоюға тиіс сәйкессіздіктің жазбаша негіздемесімен, уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша, құжаттар пысықтау үшін кері қайтарылады.
      Уәкілетті органның ескертулерін және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығын ескере отырып, конкурстық басқарушы пысықтап қайта ұсынған Тізілім, құжаттарды қайта, ұсынған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бекітіледі.
      29. Тізілімді бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы екі данада шығарылады, оның бірі конкурстық басқарушыға жолданады, екіншісі уәкілетті органда сақталады.
      Тізілімді бекіту туралы бұйрық шыққаннан кейін уәкілетті органның жауапты тұлғасы және конкурстық басқарушы Тізілімнің әр бетіне қол қояды. Тізілімнің бір данасы уәкілетті органда қалады, ал екінші данасы конкурстық басқарушыға беріледі.
      30. Тізілімді бекіткеннен кейін уәкілетті орган конкурстық басқарушының берген құжаттарын қабылдап алу-беру актісі бойынша кері қайтарады.
      31. Уәкілетті орган бекіткен Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар:
      1) тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайтын, Тізілімге енгізу не олардың талаптары сомасы туралы кредиторлар және конкурстық басқарушы арасында туындайтын келіспеушіліктер болған;
      2) кредиторлар талаптарын борышкердің банкрот деп танылғандығы туралы хабарлама жариялағаннан кейін екі ай мерзім өткеннен кейін мәлімдеген жағдайларда енгізіледі.
      32. Астық қабылдау кәсіпорны кредиторларының талаптары Тізілімге мынадай кезекпен енгізіледі:
      1) бірінші кезекке өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылушы астық қабылдау кәсіпорны алдында жауапкершілікте болатын азаматтардың талаптары енгізіледі;
      2) екінші кезекке еңбек шарты бойынша жұмыс істеуші (істеген) адамдардың еңбекке ақы төлеу бойынша талаптары енгізіледі;
      3) үшінші кезекке кепіл туралы мәліметтері бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі;
      4) төртінші кезекке кепіл туралы мәліметтері жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі;
      5) бесінші кезекке кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер жөніндегі талаптары енгізіледі;
      6) алтыншы кезекке бюджетке төленетін салық және міндетті төлемдер бойынша берешек енгізіледі;
      7) жетінші кезекке Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлардың талаптары енгізіледі.
      33. Мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары Тізілімге мынадай кезектілікпен енгізіледі:
      1) бірінші кезекке өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемақыларды капиталдандыру жолымен енгізіледі;
      2) екiншi кезекке жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн (істеген) адамдарға еңбекақысын, жалақыдан ұсталған алименттердi және мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша талаптар енгізіледі;
      3) үшінші кезекке кепілдік туралы мәліметтері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының жүргізілген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары енгізіледі;
      4) төртінші кезекке кепілдік туралы мәліметтері жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі;
      5) бесінші кезекке таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде енгізіледі;
      6) алтыншы кезекке салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек енгізіледі;
      7) жетінші кезекке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредиторлар талаптары енгізіледі.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Оңалту рәсімі кезінде Тізілімді қалыптастыру тәртібі

      34. Оңалту рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оңалтушы басқарушы Тізілім қалыптастырады.
      35. Оңалту рәсімі енгізілгеннен кейін кредиторлардың талаптарын дәлелді деп тануды оңалтушы басқарушы жүзеге асырады.
      36. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы оңалту рәсімін енгізген кезге айқындалады.
      37. Кредиторлардың өтініштерін қарауды, Тізілімді қалыптастыруды және уәкілетті органға бекітуге жолдауды осы Қағидалардың 3456789101112131415161718192021222324252627 және 28-тармақтарында белгіленген тәртіппен оңалтушы басқарушы жүзеге асырады.

Кредиторлар талаптары тiзiлiмiн
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша         

___________________________________________________
(атауы/таратылған (оңалтылатын) борышкердiң Т.А.Ә.)

кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Р\с №

Кезегi, Т.А.Ә/ кредитордың атауы

Талап етiлген берешек сомасы (теңге)

Конкурстық (оңалтушы) басқарушының шешiмi

Қабылданған шешiм бойынша конкурстық (оңалтушы) басқарушының негiздемесi

Ескертпе

Танылған және тiзiлiмге енгiзiлген сома (теңге)

Танылмаған (қабылданбаған) сома, (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

1.

Бiрiншi кезек






1.1

Азаматтардың өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтардың талаптары






1.1.1







...








Жиыны:






1.2

Еңбекақыдан және (немесе) өзге де алимент төлемдерiнен ұсталғандар






1.2.1







...








Жиыны:







Бiрiншi кезек бойынша жиыны:






2.

Екiншi кезек






2.1

Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтарға еңбекақы және өтемақы, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi берешектер төлемi бойынша есеп айырысу






2.1.1







...








Жиыны:






2.2

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектер






2.2.1







...








Жиыны:






2.3

Жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек






2.3.1







...








Жиыны:






2.4

Жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек






2.4.1







...








Жиыны:







Екiншi кезек бойынша жиыны:






3.

Үшiншi кезек:






3.1







...








Үшiншi кезек бойынша жиыны:






4.

Төртiншi кезек:






4.1







...








Төртiншi кезек бойынша жиыны:






5.

Бесiншi кезек:






5.1

Негiзгi төлемдер, сыйақылар (мүдделер)






5.1.1







...








Жиыны:






5.2

Залалдар, тұрақсыздық төлемдерi (айыппұлдар, өсiмақылар)






5.2.1







...








Жиыны:







Бесiншi кезек бойынша жиыны:






6.

Мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн мәлiмделген талаптар (бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторларды қоспағанда)






6.1







...








Жиыны:







Тiзiлiм бойынша жиыны:






____________________________
(атауы/борышкердiң Т.А.Ә.)

Конкурстық (оңалтушы)
басқарушы      _______ _______________________
                 (қолы)       (Т.А.Ә)

М.О.

Кредиторлар талаптары тiзiлiмiн
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша        

___________________________
(уәкілетті органның атауы)  

Өтiнiш

______________________________ сотының «___» __________ 20____ ж.

шешiмiмен (ұйғарымымен) _____________________________________________
                                (атауы/борышкердiң Т.А.Ә)
банкрот деп танылды және конкурстық iс жүргiзу туралы iс қозғалды, оңалту рәсiмi қолданылған.
(қажеттісін көрсету қажет)
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 14) тармақшасына және 73-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
                   (атауы/борышкердi Т.А.Ә.)
Тізілімді растайтын құжаттарын тіркей отырып, кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiтуге ұсынамын.
      Қосымша:
      1. Кезек бөлiнiсiнде түсiніктемемен бiрге кредиторлар талаптарының тiзiлiмi 2 данада, әрқайсысы ____ бетте.
      2. Берешектi растайтын құжаттар (сот шешiмi, салыстыру актiлерi, шарттар және т.б.) ____ бетте.
      3. Жиыны ______ iстер нөмірленіп, бауланған, менiң қолыммен
               (саны)
және мөрiммен куәландырылған.
      4. Өзгелерi ____ бетте.
___________________________
   (атауы/борышкердiң А.Т.Ә)

Конкурстық (оңалтушы)
басқарушы _____________ _______________________
               (қолы)              (Т.А.Ә.)

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады