Оқу корпусының ғимаратын іргелес жер учаскесімен қоса жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1455 Қаулысы

      «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті» мекемесінің Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан, теңгерімдік құны 84063529 (сексен төрт миллион алпыс үш мың бес жүз жиырма тоғыз) теңге, жалпы алаңы 8224,6 шаршы метр, № 1 оқу корпусының ғимаратын (бұдан әрі - Объект) алаңы 2,3246 гектар іргелес жер учаскесімен қоса республикалық меншікке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне жарғылық капиталын толықтыруға ерікті және өтеусіз беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Объектіні қабылдап алу-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады