"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1470 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
      «Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген 4-бөлімде:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер министрі,            14) Нақты адамдардың қылмыстық-
Қаржы министрі                   атқару жүйесінің, кеден және салық
                                 органдары, сондай-ақ ішкі істер
                                 органдары жедел бөлімшелерінің
                                 кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын
                                 мәліметтер.                   »;
      2) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасы:
      «Бригада (құрама) командирі          - генерал-майор»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қылмыстық-атқару жүйесі
      комитетінің төрағасы                 - әділет генерал-майоры»;
      жоғарыда аталған Жарлықтың 10-қосымша алып тасталсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас прокурордың жазаның орындалу заңдылығын қадағалау және азаматтарды ақтау жөніндегі орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы не оның орынбасарлары кіреді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.»;
      30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Мекеме әкімшілігінен немесе жазаны атқарушы органнан келіп түскен кешірім жасау туралы өтініштері (бас тарту туралы актілері) бар материалдарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Бас прокуратурасына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтініштің (бас тарту туралы актінің) мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды табыс етеді.»;
      жоғарында аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе:
      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас прокурордың жазаны орындау заңдылығын қадағалау және азаматтарды ақтау жөніндегі орынбасары және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы не оның орынбасарлары кіреді.»;
      4) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат):
      жоғарында аталған Жарлыққа қосымшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады