Қазақстан Республикасында саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1482 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған шаралар кешені (бұдан әрі – Шаралар кешені) бекітілсін.
      2. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Шаралар кешенінің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 15 шілдеге және 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 1 тамызға және 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1482 қаулысымен  
бекітілген  

Қазақстан Республикасында саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған шаралар кешені

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қалалардың айналасында орналасқан саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер мен саяжайлық шаруашылық жүргізуге беруге болатын бос жер учаскелерін түгендеуді жүргізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ге ақпарат

2012 жылғы 5 қаңтар

2.

Түгендеу нәтижелерін саяжайлық шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруге түскен өтініштер саны жөніндегі деректермен салыстыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ге ақпарат

2012 жылғы 25 қаңтар

3.

Түгендеу нәтижелерінен кейін сол өңірдің даму әлеуетін ескере отырып, саяжай учаскелеріндегі жаңадан салынуға немесе қайта жаңартылуға тиіс инфрақұрылым объектілеріне қажеттілікті айқындау және АШМ-ге ақпарат беру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ге ақпарат

2012 жылғы 15 ақпан

4.

Саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылық субъектілері үшін суаратын суға төлемақы нормативтерін төмендету мүмкіндігін қарау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, АШМ

АШМ-ге ақпарат

2012 жылғы 5 наурыз

5.

Өңірлердегі ӘКК, сондай-ақ бизнес-құрылымдардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылық субъектілеріне тұқымдарды, көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктер мен жеміс-жидек екпелерін қорғау құралдарын орталықтандырылған түрде жеткізу мәселесін пысықтау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, АШМ

АШМ-ге ақпарат

2012-2014 жылдар
15 маусым

6.

Сервистік, тұтыну қызметтерін (жер жырту, тасымалдау, дайындау, сақтау және өткізу) көрсетуге бағытталған саяжай кооперативтерін құру және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін пысықтау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ге ақпарат

2012-2014 жылдар
15 қаңтар, 15 шілде

7.

ӘКК арқылы өсімдік және мал шаруашылықтарын дамытуға саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтарға жеке тұлғаларға шағын кредиттер беруді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

АШМ-ге ақпарат

2012-2014 жылдар
15 қаңтар,
15 шілде

8

Саяжай мүлкін ұрлау және тонау фактілері бойынша түскен арыздар негізінде неғұрлым криминогенді учаскелерді анықтап, ол жерлерде тиісті қоғамдық тәртіпті қорғау шараларын қабылдау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ІІМ

АШМ-ге ақпарат

2012-2014 жылдар
15 қаңтар,
15 шілде

9

Саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтар субъектілерінің өндірістік өнімдерді сатуы үшін, сондай-ақ өңірдегі ӘКК мүмкіндіктерін пайдалана отырып, коммуналдық базарлардан арнайы сауда қатарларын (орнын) бөлу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ЭДСМ

АШМ-ге ақпарат

2012-2014 жылдар
15 қаңтар,
15 шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭДСМ

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ӘКК

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады