Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі және оның орынбасарлары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1558 Қаулысы

      1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Мемлекетаралық банк Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Мемлекетаралық банк Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің міндеттерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша) атқарады;
      2) Мемлекетаралық банк Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі орынбасарларының міндеттерін тиісінше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшылары айқындайтын Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары атқарады деп белгіленсін.
      2. "Мемлекетаралық банк Кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілетті өкілін және оның орынбасарларын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 ақпандағы № 170 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады