Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының органдары туралы ережелер туралы" 2003 жылғы 28 сәуірдегі және "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығындағы квоталық лауазымдардың саны, құрылымы және оларды бөлу туралы" 2008 жылғы 5 қыркүйектегі шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан кезеңінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының Саяси ынтымақтастық басқармасының бастығына тұрғын үйді жалдағаны үшін төлем айына 2000 (екі мың) АҚШ доллары мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражатты жұмсау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Сырткы істер министрлігіне 013 "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізілетін болады деп белгіленсін.
3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов