"Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1567 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 21, 241-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшысы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысына
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 534 қаулысымен  
бекітілген     

Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) теңiз және өзен көлiгiмен:
      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар жүзбелi көлiк құралының жинақталған кеме экипажының;
      қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi жүзбелi көлiк құралдарының;
      жүзбелi көлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн растайтын кеме қатынасы тiркелiмi немесе бiлiктiлiк қоғамы қорытындысының;
      көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды;
      2) автомобиль көлiгiмен:
      қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы, жалдау шарты немесе сенiмхат негiзiндегi автокөлiк құралдарының;
      көлiк құралының жүргiзушiсiнде тиiстi санаттағы жүргiзушi ретiнде кемiнде 3 жыл үзiлiссiз жұмыс өтiлiнiң;
      жүргiзушiнi қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
      автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
      көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады