"Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына езгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1637 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 244-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 -2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:
      «2011» деген бағанда:
      «Орталық аппараттың және ведомстволардың қызметкерлерін ұстау» деген жолдағы «126» деген сандар «136» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «788600» деген сандар «776812» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасында:
      «2011» деген бағанда:
      «Аяқталған инвестициялык жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «79,2» деген сандар «75,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жалғастырылатын инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «20,8» деген сандар «24,2» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «13562642» деген сандар «14179942» деген сандармен ауыстырылсын;
      064 «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу және аумағын қоршау» бюджеттік бағдарламасында:
      «2011» деген бағанда:
      «Қоршалған аумақтың периметрі» деген жолдағы «0,8» деген сандар алып тасталсын;
      «Инфрақұрылымның ЖСҚ-ын әзірлеу (түзету)» деген жолдағы «1» деген сан алып тасталсын;
      «Пайдалануға берілген қоршалған аумақ» деген жолда:
      «%» деген жолдағы «100» деген сандар алып тасталсын;
      «Объекті саны» деген жолдағы «1» деген сан алып тасталсын;
      «Қоршалған аумақтың орташа құны 1 км» деген жолдағы «17,7» деген сандар алып тасталсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «357662» деген сандар «6489» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген кіші бөлімде:
      «2011» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың барлығы:» деген жолдағы «14886297» деген сандар «15140636» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «965993» деген сандар «954205» деген сандармен ауыстырылсын;
      «001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген жолдағы «788600» деген сандар «776812» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «13920304» деген сандар «14186431» деген сандармен ауыстырылсын;
      «024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдағы «13562642» деген сандар «14179942» деген сандармен ауыстырылсын;
      «064 «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу және аумағын қоршау» деген жолдағы «357662» деген сандар «6489» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады