«Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қаулысының мақсаты жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін бекіту болып табылады.
Жоғарыда қөрсетілген қаулы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі