Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1670 қаулысына баспасөз релизі
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы
2011 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» № 1670 қаулысы қабылданды.
Аталған арттырулар 2012 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.
Еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер мөлшерін 7% арттыруды индекстеу арқылы автоматтандыру тәртібінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер арттырылған мөлшерде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі