Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1671 қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2012 жылға арналған шекті шамасын және оны пайдалану тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1671 қаулысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-II Заңының 28-бабын іске асыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2012 жылға арналған шекті шамасын және оны пайдалану тетігін бекіту үшін әзірленген.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі