Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1687 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1687 қаулысымен    
мақұлданған       

жоба 

Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты
ақпарат алмасу тәртібі туралы
ХАТТАМА 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің Үкіметтері,
      2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімнің (бұдан әрі – 2010 жылғы 20 мамырдағы Келісім) 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып,
      кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімінің уақтылығын және толықтығын бақылауды қамтамасыз етудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
      2010 жылғы 20 мамырдағы Келісімнің ережелерін іске асыру және кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасудың тәртібін ұйымдастыру мақсатында,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап 

      Осы Хаттамада мынадай терминдер пайдаланылады:
      «Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары» – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Федералдық кеден қызметі (Ресей Федерациясы);
      «Кедендік әкелу баждарының есебін жүргізу қағидалары» – Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 493 шешімімен мақұлданған Есептеу әдісі бойынша кедендік әкелу баждарының есебін жүргізудің бірыңғай қағидаттары туралы қағидалар.
      «Ақпарат алмасудың техникалық шарттары» – Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары аламасатын мәліметтердің құрылымы мен форматын, алмасу регламентін, алмасудың мерзімі мен тәсілін, сондай-ақ ақпаратты дайындау, беру және алу үшін жауапты тұлғаларды айқындайтын құжат. 

2-бап 

      Осы Хаттаманың шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары бір-біріне, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына тұрақты негізде Ақпарат алмасудың техникалық шарттарында белгіленген мерзімде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметке жатпайтын (мемлекеттік құпияға жататын) ақпаратты ұсынады. Бұл ақпарат мынадай дереккөздерден қалыптастырылуы мүмкін:
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 1-қосымшасында көзделген келісілген ұстанымдар бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің деректер базасы;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдау және бақылау қызметін іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 2-қосымшасында көзделген келісілген ұстанымдар бойынша, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік кіріс ордерлерінің электрондық көшірмелерінің деректер базасы;
      Жеке шот, тізілім және кедендік әкелу баждарының есебін жүргізу қағидаларына сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген әкелу кедендік баждары сомасының бюджетке іс жүзінде төленгені және аударылғаны туралы мәліметтер бар басқа да құжаттар. 

3-бап 

      Осы Хаттаманың 2-бабында көзделген ақпаратты беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары деңгейінде электронды түрде жүзеге асырылады.
      Ақпарат алмасу Ақпарат алмасудың техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ақпарат орыс тілінде ұсынылады. Осы Хаттаманың 2-бабында көрсетілген ақпараттың жекелеген түрлері бойынша латын әліпбиінің қолданылуына жол беріледі.
      Ақпарат алмасу тегін жүзеге асырылады. 

4-бап 

      Осы Хаттаманың 3-бабының ережелерін іске асыру үшін орталық кеден органдары Ақпарат алмасудың техникалық шарттарын әзірлейді және бекітеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарының арасындағы электрондық түрде ақпарат алмасу, сондай-ақ оны Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына ұсыну оның техникалық дайын болуы қамтамасыз етілгеннен кейін жүзеге асырылады, ол туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары бір-бірін, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын жазбаша хабардар етеді.
      Ақпарат алмасудың техникалық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары басшыларының келісілген шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
      Ақпарат алмасудың техникалық шарттары бекітілгенге дейін Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары жыл басынан бастап ай сайын өсу қорытындысымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады, сондай-ақ оны Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына ұсынады. Күнтізбелік бір ай есептік кезең уақыты ретінде саналады. Ақпарат осы Хаттамаға қоса берілген (1, 2-қосымша) нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмей жолданады. Бірінші ақпараттық хабар осы Хаттама күшіне енген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмей жолданады және онда 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Хаттама күшіне енген айды қоса алғандағы кезеңнің өсу қорытындысы айларға бөлінген ақпарат болуы тиіс. 

5-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары осы Хаттамаға сәйкес алынған ақпаратты тек осы Хаттама мақсатында пайдаланады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы осы Хаттамаға және 2010 жылғы 20 мамырдағы Келісімге сәйкес алынатын ақпараттың заңсыз таралуынан қорғауда қажетті шараларды қолданады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары өзара алмасу нәтижесінде алынған ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалар шеңберінің шектелуін, сондай-ақ оның қорғалуын Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
      Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы 2010 жылғы 20 мамырдағы Келісімнің 8-бабының 1 және 2-тармақтарын іске асыру мақсатында осы Хаттамаға сәйкес алынған ақпаратты пайдаланады. 

6-бап 

      Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша хат алмасу орыс тілінде жүргізіледі.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары ақпарат алмасуға және оны қорғауға бағытталған бірлескен технологиялық шешімдерді әзірлей және іске асыра алады. 

7-бап 

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. 

8-бап 

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бірінші кезекте консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер даудың бір Тарабы даудың екінші Тарабына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап 6 ай ішінде Тараптар дауды консультациялар немесе келіссөздер арқылы реттемесе, онда оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, дау Тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарау үшін бере алады. 

9-бап 

      Осы Хаттама Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 20 мамырдағы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының Комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
      2011 жылғы «___» __________ __________________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Беларусь                     Қазақстан                Ресей
  Республикасының               Республикасының          Федерацияның
   Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Кедендік әкелу баждарын
төлеуге байланысты 
ақпарат алмасу тәртібі
туралы хаттамаға 
1-қосымша     

  20__ж. ________жылғы жағдай бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуге
          байланысты ____________ кезеңіндегі шұғыл мәліметтер
                     (айы, жылы)

                                   Өлшем бірлігі мың АҚШ долларымен *

Кедендік әкелу баждары есептік ай басына КБК бойынша ауысатын қалдық сомалар

Құжаттарда көрсетілген кедендік әкелу бажының сомасы ресімделген кедендік құжаттар бойынша төленгені (өндіріп алынғаны туралы) кедендік әкелу бажының сомасы**

КБК бойынша кедендік әкелу бажы (төленген, өтелген) түскен сомасы көшірмеге сәйкес уәкілетті орган бірыңғай есеп бойынша (ақпарат)

Кедендік әкелу бажының қайтарылған сомасы

Есептік айдың соңына кедендік әкелу бажының ауыспалы қалдықтары бойынша КБК сомасы
(1-баған+3-баған - 2-баған-5-баған)

Ескертпе****

Барлығы

оның ішінде
КБК бойынша есепке алынған кедендік әкелу бажы***

1

2

3

4

5

6

7

Ескертпе:
- Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің ұлттық валютасына шаққандағы АҚШ долларының орташа айлық бағамы қолданылады;
** Кедендік әкелу бажының сомасы (2011 жылғы 1 ақпаннан бастап) тауар декларациялары КД, КҚС, КДТ, ККО (егер ККО кедендік әкелу бажы қолданылса) В бағанынан көшіріп алынғанда мағлұмат негізінде толтырылады;
*** есепке алынған кедендік әкелу бажының сомасы ақша құралы (ақша) уәкілетті органның бірыңғай шотынан түскен, және кедендік әкелу баждары бойынша КБК есептелген кедендік әкелу бажы есебінен;
**** баған мерзімін ұзарту және бөліп төлеу ұсынылған соманы көрсету мақсатында, сондай-ақ басқа ақпаратты көрсету қажеттілігінде толтырылады;
*** 2-5-бағандарда көрсетілетін мәліметтер жыл басынан бері өсу қорытындысымен көрсетіледі.

Кедендік әкелу баждарын
төлеуге байланысты 
ақпарат алмасу тәртібі
туралы хаттамаға 
2-қосымша     

         20____ж. ____________ жағдай бойынша тауарларға арналған
        декларациялардың және кедендік кіріс ордерлерінің және басқа
          құжаттардың электронды көшірмелерінің деректер базасынан
              кедендік әкелу баждары туралы шұғыл мәліметтер

                                    Өлшем бірлігі мың АҚШ долларымен*

Төлем түрінің коды

20____ж.
__________ аралығындағы төленуге есептелген кедендік әкелу бажының сомасы

Жыл басынан өсу нәтижесі мен төленуге есептелген кедендік әкелу бажының сомасы

1

2

3

Ескертпе:
* Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық  (орталық) банкінің ұлттық валютасына шаққандағы АҚШ долларының орташа айлық бағамы қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады