«Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1689 қаулысына пресс релиз
«Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 13-тармақшасына сәйкес әзірленген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту жатады.
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына тиісті өзгертулер жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің нормативтік құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 91-тармағының 3) тармақшасына сәйкес енгізілген.
Осы қаулыны қабылдау қолданыстағы телекоммуникация желілерінің сақталуын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қатынаудан және/немесе ақпараттың алынуынан байланыс құралдары мен жолдарын қорғау мақсатында телекоммуникация желілерін күзету, сонымен қоса күзету аймақтарын белгілеу тәртібін, сондай-ақ олардағы жұмыс режимі тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі