«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына баспасөз релизі
«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабы 14-7) тармақшасына сәйкес әзірленген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту жатады.
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына тиісті өзгертулер жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің нормативтік құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 91-тармағының 3) тармақшасына сәйкес енгізілген.
Осы қаулыны қабылдау тіркелген телефон байланысы, ұялы байланыс және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету, сондай-ақ тіркелген телефон байланысы, ұялы байланыс және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсыну кезінде байланыс операторы мен абоненттің өзара әрекет етуінің тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі