Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған стратегиясында:
«Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер» деген 5-бөлімде:
«Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуы» қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаты, шешуші көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері» деген 5.1-кіші бөлімде:
«АКТ білімін дамыту және АКТ мамандарының кәсіби деңгейін арттыру» деген 5.1.2-тараудың 11) тармақшасы алынып тасталсын;
«Жаңа АКТ-технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру» деген 5.1.4-тараудың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;»;
«Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері» деген 5.2-кіші бөлімде:
1-кезеңде (2011-2012 жылдар):
16) тармақшадағы «тарту.» деген сөз «тарту;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру;
18) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы АКТ-кластердің құрылысы мәселесін қарау;
19) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.»;
2-кезеңде (2013-2015 жылдар):
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;»;
«Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының негізгі өзекті көрсеткіштері» деген 5.3-кіші бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.»;
«Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері» деген 5.5-кіші бөлімде:
1-кезеңде (2011-2012 жылдар):
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігіндегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, хостинг қызметін көрсету үшін серверлік интернет-платформа құру;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы базасында бизнес-инкубациямен коммерциялық АТ-жобаларын қаржыландыру үшін мамандандырылған қаржы ұйымын құру (венчурлік қаржыландыру);».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов