"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1721 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған стратегиясында:
      «Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер» деген 5-бөлімде:
      «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуы» қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаты, шешуші көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері» деген 5.1-кіші бөлімде:
      «АКТ білімін дамыту және АКТ мамандарының кәсіби деңгейін арттыру» деген 5.1.2-тараудың 11) тармақшасы алынып тасталсын;
      «Жаңа АКТ-технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру» деген 5.1.4-тараудың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;»;
      «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері» деген 5.2-кіші бөлімде:
      1-кезеңде (2011-2012 жылдар):
      16) тармақшадағы «тарту.» деген сөз «тарту;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру;
      18) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы АКТ-кластердің құрылысы мәселесін қарау;
      19) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.»;
      2-кезеңде (2013-2015 жылдар):
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;»;
      «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының негізгі өзекті көрсеткіштері» деген 5.3-кіші бөлімде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.»;
      «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері» деген 5.5-кіші бөлімде:
      1-кезеңде (2011-2012 жылдар):
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігіндегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, хостинг қызметін көрсету үшін серверлік интернет-платформа құру;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы базасында бизнес-инкубациямен коммерциялық АТ-жобаларын қаржыландыру үшін мамандандырылған қаржы ұйымын құру (венчурлік қаржыландыру);».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады