"Зерде" ұлттық инфокуммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы№ 827 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Зерде» ұлттық иңфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1061 қаулысымен  
бекітілген     

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
стратегиясы

      Ескерту. Стратегия жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2013 № 873 қаулысымен.

Мазмұны

      1. Кіріспе.
      2. Ағымдағы жағдайды талдау.
      3. Холдингтің миссиясы және пайымы.
      4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметтің түйінді нәтижелері және күтілетін нәтижелер.

1. Кіріспе

      «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.
      Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасын Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
      Холдинг қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты мен акциялар пакеті Холдингтің меншігіндегі акционерлік қоғамдардың дивидендтері есебінен құрылатын кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де кірістер арқылы жүзеге асырылады.
      Холдинг қызметінің негізгі мәні акциялар пакеті Холдингтің орналастырылатын акциялар төлеміне берілген заңды тұлғаларды (бұдан әрі – ЕТҰ, компаниялар тобы) тиімді басқару болып табылады. Холдингті құру мақсаттары:
      1) инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;
      3) инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.
      Холдингтің компаниялар тобына мынадай заңды тұлғалар кіреді:
      1) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
      2) «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      3) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы;
      4) «Ұлттық процессингтік орталық» акционерлік қоғамы;
      5) «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      6) «Перспективті технологиялар корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      7) «Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту қоры» корпоративтік қоры.
      Осы құжат Холдингтің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын білдіреді және ұзақ мерзімді кезеңде Холдинг дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын негізін қалаушы құжат болып табылады.
      Стратегия Холдинг менеджментінің перспективалық даму бағыттарын пайымдауына, «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына негізделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958, «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленді.
      Холдинг қызметінің 2011 – 2020 жылдарға арналған түйінді көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарына (стратегиялық карта) сәйкестігі осы Стратегияға 1-қосымшада берілген.

2. Ағымдағы жағдайды талдау
Ішкі ортаны талдау

      Компаниялардың портфелі. Басқаруға берілген компаниялардың қызметтің перспективалы бағыттары бойынша қызметтің әр түрлері, сондай-ақ «электрондық үкімет», мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы сияқты ірі ауқымды жобаларды іске асырудағы тәжірибелерге ие. Холдингтің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласын дамыту бойынша бастамалары салалық мемлекеттік орган тарапынан қолдау табады.
      Операциялық қызмет. Холдинг активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету және АКТ-саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЕТҰ-ның корпоративтік мәдениетін басқару арқылы Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
      Холдинг компанияларының тобы АКТ-саласын дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет бағыттары бойынша іс-шараларды іске асырады. ЕТҰ қызметінің күшті жағы АКТ-саласын дамыту бойынша машықтанған тәжірибесінің, сондай-ақ қалыптастырылған инфрақұрылымының болуы болып табылады.
      ЕТҰ және Холдинг қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы енгізілген бизнес-процестерді өзекті етуді талап ететін бизнес-процестерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл Холдинг компанияларының тобы қызметінің жедел нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
      Жалғыз акционердің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, Холдинг басқармасының тапсырмаларын орындаудың жүйелі мониторингін жүргізу, Қазақстан Республикасындағы «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі іс-шараларды орындау үшін Холдингтің компаниялар тобында еншілес ұйымдардың есептілікті ұсынуы бекітілген кестесінің негізінде қызмет ететін бақылау жүйесі енгізілген.
      Холдингтің компаниялар тобы АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруда.
      Қаржылық жағдай. Холдингтің қаржылық тұрақтылығы қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігінің оң көрсеткіштерімен расталады. Жалпы, таза табыстың шоғырланған нәтижесі 2009 жылдың қорытындысы бойынша 426 млн. теңгені, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 408 млн. теңгені құрады.
      Холдингтің компаниялар тобында айқындылықтың, теңгерімділік пен тиімділіктің жалпы қағидаттарына негізделген бюджеттеу жүйесі қызмет етеді.
      Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың тиімді жүйесі үшін Холдингте және компаниялар тобында стратегиялық жоспарлау құжаттарын қалыптастыру, атап айтқанда 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын және 2011 - 2015 жылдарға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру, оның ішінде даму стратегиясын іске асыру құралы ретінде Холдингтің компаниялар тобында теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы стратегиялық құжаттарды іске асыру процесін бақылау жүргізілуде.
      Корпоративтік басқару. Компанияның ішінде басқару процестерін жақсарту, барлық процестердің айқындылығын арттыру, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін сапа менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді, сондай-ақ Холдингте және еншілес ұйымдарда тәуекел-менеджменті институты қалыптастырылды.
      Холдинг қызметінің барлық аспектілері бойынша және Жалғыз акционермен және Холдингтің компаниялар тобымен өзара іс-қимыл жасау саласында қолданыстағы бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Холдингте қызметшілерді басқарудың тиімді жүйесін құруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адами ресурстарды басқарудың стратегиясы жұмыс істейді.
      Холдинг штатында кәсіби және бәсекеге қабілетті адами ресурстардың болуы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Холдингтің компаниялар тобында қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесі енгізілді.
      Қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалаудың бірыңғай саясатын енгізу, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу және оның жоғары сапасын ұстап тұруға деген материалдық мүдделілігін ынталандыру мақсатында қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындау негізінде бағалау жүйесі әзірленді және енгізілді. Аталған жүйе нәтижелілікті, жеделдікті, міндеттерді орындаудың мерзімін сақтауды ескере отырып, алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру қорытындысы бойынша қызметкердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
      Холдингтің компаниялар тобы бойынша қызметшілерді іріктеу, жалдау және бейімдеу процесі жетілдірілген.
      Іске асырылып отырған кадр саясаты ақпараттық технологиялар саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігіне қатысты проблемаларды шешуге және жинақталған тәжірибені сақтап қалуға бағытталған.

Сыртқы ортаны талдау

      Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде Қазақстан экономикасы, әсіресе қаржы секторы күрт құлдырауға ұшырады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ өсуінің жоспарланған 10 %-ының орнына экономикалық өсімнің қарқыны 2008 жылы екі есе аз - 5,1 % болды. Қазақстандағы дағдарыстың негізгі себебі республиканың банк жүйесінің әлемдік қаржы жүйесімен ықпалдасуының жоғары деңгейі болып табылады, бұл сыртқы қарыз алудың едәуір артуына алып келді. Банк секторындағы дағдарыс жылжымайтын мүлік нарығындағы және экономиканың құрылыс секторындағы күрт құлдырауға себеп болды.
      Әлемдік дағдарыстың, алайда Қазақстанның инфокоммуникациялық саласы үшін соншалықты қатты зардабы болған жоқ. Экономиканың басқа салаларында өсу қарқынының баяулағаны және кірістердің азаюы байқалғанына қарамастан телекоммуникация саласы керісінше өзінің айналымын, әсіресе Интернет қызметін көрсету саласында арттыруда. 2008 жылы интернет-қызметтерден түсетін кіріс 290 млн. долларды құрады, өсім мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 60 %-ды құрады. Тұтас алғанда ақпараттық технологияларға кеткен шығындар сол кезең ішінде 46 %-ға өсті.
      Әлемдік ақпараттық технологиялар саласының негізгі даму үрдісі негізгі өндірістік қуаттарды дамыған елдерден дамушы елдерге қайта дислокациялау болып табылады. Осылайша дамыған мемлекеттердің компанияларына өз өнімінің ақтық құнын оңтайландыра отырып, жұмыс күшіне, салық жүктемесіне өндірістік шығындарды азайтуға, өндірісті шикізат көздеріне жақындатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кез келген жабдықты жасау – жақын маңдағы қоршаған ортаны ластау көзі екені жұртқа мәлім. Атап айтқанда, дамыған батыс еуропалық мемлекеттер бұл мәселені толықтай сезінеді және өздерінің өндірістерін экономикалық тұрғыда әл-ауқаты анағұрлым төменірек мемлекеттерге ауыстырады.
      2003 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде құрастыру өндірісін Шығыс Еуропа елдеріне жоспарлы түрде көшіру орын алды, бұл тұтас алғанда Еуропалық одақтың АКТ нарығы құрылымының өзгеруіне ықпалын тигізді. Кейбір шығыс еуропалық мемлекеттердің (мысалы Венгрия, Словакия және т.б.) бүгінгі күні ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша сыртқы саудада оң сальдосы бар, оның негізінде көбінесе экспортқа бағдарланған компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарды құрастыруға мамандану жатыр. Ақпараттық қызметтер мен ықпалдасу саласында Ирландия мен Үндістанның сыртқы саудаға мамандану тәжірибесі қызықты. Бұл елдер оффшорлы бағдарламалауда көшбасшы болды және қызметтер экспортында едәуір қаражат: 2008 жылы Ирландия - 20 млрд. АҚШ долларын, Үндістан - 25 млрд. АҚШ долларын тауып отыр.
      Халықаралық АКТ нарығының ірі нетто-экспорттаушылары: Корея (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар сыртқы саудасының оң сальдосы 32 %), Малайзия (20 %), Жапония (19 %), Қытай (18 %) болып табылады. Бірнеше еуропалық мемлекеттерде сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың сыртқы саудасында оң сальдо сақталып отыр.
      Әлемде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың ірі экспорттаушысы Қытай болып табылады. Оның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы өнімдері мен қызметтерінің экспорты 2008 жылы Экономикалық одақтың 15 елі мен Америка Құрама Штаттарының жиынтық экспортынан асып түсіп, 360 млрд. долларды құрады.
      Жылдам дамушы экономикалардың тәжірибесі, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жағымды рөліне, басқа салалардың экономикалық көрсеткіштеріне және жалпы алғанда қоғам тіршілігінің сапасына сенім білдіру АКТ саласын дамыту бойынша жүйелі мемлекеттік саясат кезінде ақталып шығатынын көрсетіп отыр. Бұған Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Тайвань, Гонконг, Канада, Австралия, Финляндия елдері мысал бола алады.
      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының АКТ саласында елеулі жетістіктері белгіленді, олар туралы жоғары халықаралық рейтингтер куәландырады.
      Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметтің» дамуы Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының жоғары бағасын алды. БҰҰ-ның «электрондық үкіметке» жаһандық дайындық бойынша жыл сайынғы рейтингісінің деректеріне сәйкес Қазақстан әлемдік рейтингте 2010 жылы 46-орынды иеленді. Азия өңірінде Қазақстан 2010 жылы аталған көрсеткіш бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен (9-орын) және Кувейттен (10-орын) озып өтіп, 8-орынды иеленді.
      Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстан 2010 жылғы нәтижелер бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстанды озып өтіп, бірінші орынды иеленді.
      «Электрондық үкіметтің» даму индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын онлайн қызметтер индексі бойынша Қазақстан 2010 жылдың қорытындылары бойынша 24-орынға ие болды.
      БҰҰ есебінде сондай-ақ критерийлері заңдардың, қағидалардың, қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігін бағалайтын, азаматтар мен үкіметтің арасындағы өзара іс-қимылды, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын айқындайтын е-қатысу индексінің нәтижелері де көрсетілген.
      Осы рейтингте Қазақстан 2010 жылы Литва, Словения, Кипр, Австрия, Норвегия, Швеция, Финляндияны озып өтіп, 18-орынды иеленді.
      Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер ұсынудың жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетеді (басшылардың блоктары, интерактивтік сауал және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге ауысуды жүзеге асырады;
      2) «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды;
      3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін электрондық форматқа оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді;
      4) «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі енгізілді;
      5) орталық мемлекеттік органдардың құжаттарын қағаз тасығышта қайталамай, электрондық құжат айналымына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде;
      6) азаматтардың «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына электрондық үндеу жасау жүйесі құрылды.
      Ақпараттандыру және әлемдік қоғамдастықтың тұтастыққа қозғалысы жағдайында жоғары білікті, кәсіби, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау қажеттілігі бар. Қазіргі заманғы қоғамның мамандардың кәсіби дайындық деңгейіне қоятын талабы жоғары және шет елдермен ынтымақтастық аясының кеңеюі, сондай-ақ жаңа коммуникация құрал-жабдықтарының пайда болуы жағдайында әртүрлі елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі айрықша өзектілікке ие болып отыр.
      Ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы (ІТ-университет) АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтасуда.
      Бұдан басқа «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура бойынша 4 (төрт) жаңа мамандық ашылды, сондай-ақ, Малайзияның, Сингапурдың, Кореяның және Ресейдің жоғары оқу орындарының арасынан ІТ-университет үшін қосымша шетелдік әріптестерге іріктеу жүргізілуде. Мамандандырылған ІТ-колледждерді ашу мәселесі пысықталуда.
      Бұдан басқа «Ақпараттық технологиялар паркі» аумағында АКТ-кластерін құру жөніндегі жобаға бастамашылық жасалды. АКТ-кластері ғылыми-зерттеу кешенінің, бизнес орталығының, дата-орталығының, бизнес инкубациялау мен дамыту институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін басқа да қажетті функцияларымен қамтамасыз ету қорының құрылысы көзделген ауданы 30 га аумақ болып табылады.
      Қазақстан Республикасы экономикасының сәтті инновациялық дамуы үшін маңызды аспект оның базасында мемлекеттің саланың жоғарыда аталған даму институттарын құруы болып табылатынын, Холдинг инновациялардың белсенді енуін және жоғары технологиялық өндірістің дамуын ынталандыратынын атап өткен жөн. Өз кезегінде, аталған факторлар Холдингтің қаржылық-экономикалық қызметінің тиімділігіне ықпал етеді.
      Ақпараттық коммуникация саласына сыртқы орта факторларының ықпалы. Инфокоммуникация саласына, саяси, құқықтық және экономикалық факторларды қоса алғанда, Холдингтің қызметіне ықпал етуі мүмкін бірқатар жаһандық факторлар әсерін тигізеді.
      Саяси және құқықтық факторлар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларға сұраныс пен ұсынысты дамыту, жалпы АКТ секторы үшін және электрондық коммерция, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық цифрлық қолтаңба сияқты жекелеген бағыттар үшін де заңнамалық базаның баяу дамуымен байланысты. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамытуға қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың болуы бүгінгі күні аталған секторға назардың жоғары деңгейде екенін білдіреді.
      Салада қолданылатын ең маңызды құжаттардың қатарына «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тіркесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы жатады.
      Экономикалық факторлар. Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласы ұлттық экономиканың қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы деректері бойынша елдің ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2010 жылы 216,5 млрд. теңгені құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2010 жылғы өсім 30,6 %-ды (50,8 млрд. теңге) құраған.
      ІТ-нарық құрылымында үш ірі секторды бөліп көрсетуге болады: ІТ-жабдықтарды өндіру секторы, бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және ІТ-қызметтер секторы. Секторлардың 2010 жылғы көлемдері мынадай көрсеткіштерді құрады:
      1) ІТ-қызметтер секторының көлемі 65,3 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2010 жылғы өсім 25 %-ды (13 млрд. теңге) құраған;
      2) бағдарламалық қамтамасыз ету секторының көлемі – 10,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2010 жылы сектордың көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 14,7 %-ға (1,8 млрд. теңге) төмендеген;
      3) ІТ-жабдықтар секторының көлемі 140,6 млрд. теңгені құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 39 %-ды (39,5 млрд. теңге) құраған.
      Қорытындылай келе, төмендегіні атап өткен жөн. АКТ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының анағұрлым әлеуетті және жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларды және олардың аясында Холдингтің осы Стратегиясын іске асыру еліміздің әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін ақпараттық-технологиялық сипаттағы алғышарттар құруға мүмкіндік береді.
      Қазақстандық ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға ұлттық экономиканы көтерудің, қоғамның іскери және зияткерлік белсенділігін арттырудың, елдің халықаралық қоғамдағы беделін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде қарау қажет.
      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы бизнестің инфрақұрылымын құруға, елге инвестициялар тартуға қолайлы шарттар жасау, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту үшін қажетті шарт болып табылады.
      Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім, мәдениет және адамдардың тіршілік ету саласындағы қатынастарды өзгертетін, АКТ-ны дамыту мен тарату әкелетін ғаламат артықшылықтарын толықтай түсінді. Осы мәнінде, АКТ ақпараттық қоғам құру құралдарының бірі ретінде қызмет етеді.
      Баяндалғанның негізінде, АКТ саласының дамуына ықпал ететін мына факторларды бөліп көрсетуге болады.
      Ішкі факторлар:
      1) ІТ-қызметтер нарығының негізгі табыстары мемлекеттік тапсырыс есебінен қалыптасады;
      2) Қазақстанда бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында шетелдік өндірушілердің өнімі басым жағдайға ие;
      3) қазақстандық кәсіпорындар негізінен әйгілі халықаралық өндірушілердің жабдығын сатумен және компьютерлік техниканы жинаумен айналысады;
      4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қызметтерді электрондық нысанда ұсыну үшін дамыту;
      5) «электрондық үкіметті» және электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді ілгерілету;
      6) ақпараттық коммуникациялар саласында оқыту қызметтеріне сұраныстың артуы.
      Сыртқы факторлар:
      1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың жедел қарқыны;
      2) АКТ секторының импортқа жоғары тәуелділігі;
      3) ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға қарай жылжу;
      4) халықаралық нарықта ІТ-мамандар даярлаудағы жоғары бәсекелестік.
      Ішкі және сыртқы ортаны талдау нәтижелері компанияның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ, кестеде берілген қауіптер мен мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Кесте

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Холдинг жобаларын мемлекеттік қолдау

Холдинг қызметіне коммерциялық емес жүктемеге байланысты қызметтің экономикалық тиімділігінің төмендеуі

Кәсіби топ-менеджмент


ІТ өнімдері мен қызметтерін іс жүзінде әзірлеу және өндіру үшін адами әлеуеттің болуы

Технологиялық парктердің, зерттеу зертханаларының болмауы

Экономиканы дамытуға, инновацияларға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат

Заңнаманың өзгеруі (экспорттық баждардың артуы, салықтардың өсуі және басқалары)

Экономиканың өнеркәсіптік секторының АКТ-ны және инновацияларды енгізуге мүдделілігінің төмендігі

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Холдингтің және ЕТҰ қызметтерін (жұмыстарын, өнімдерін) сыртқы нарыққа шығару мүмкіндігі

Қазақстан нарығында шетелдік ІТ-компаниялар тарапынан жоғары бәсекелестік деңгейі

Қызметті коммерцияландырудың, инвесторларды іздеудің жеткілікті тәжірибесінің жоқтығы, капиталдың, технологиялардың халықаралық нарықтармен өзара іс-қимылының әлсіздігі

ЖОО-дың жоғары білікті түлектерін жұмысқа тарту мүмкіндігі

Қазақстандық ЖОО түлектерінің дайындық деңгейінің қарқынды дамушы АКТ саласына сәйкессіздігі

3. Холдингтің миссиясы және пайымы

      Холдингтің миссиясы: Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға ықпал ету.
      Холдингтің пайымы: «Зерде» Холдингі» АҚ АКТ-саласын дамыту үшін қажетті құралдар жинағына ие даму институты болады.
      «Зерде» Холдингі» АҚ «электрондық үкіметтің» жетекші әзірлеушісіне айналады.

4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері,
қызметтің негізгі нәтижелері және күтілетін нәтижелер

Стратегиялық бағыт: Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету

      Мақсаты: АКТ саласын дамытудың базалық институттарын құру.
      Міндеттері:
      1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және АКТ саласындағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттама базасын қалыптастыруға қатысу;
      2) инвестициялық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
      3) қазақстандық қамтуды дамыту мақсатында АКТ саласын талдау және мониторингілеу;
      4) салалық АКТ өнімдері мен сервистерін, соның ішінде электрондық қызметтерді көпшілікке тарату.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1. АКТ саласының физикалық көлемінің индексін қамтамасыз ету – 2020 жылға қарай 110 %-ға дейін;
      2. Сыртқы қаржыландыру тартылған жобалардың саны – 2020 жылға қарай – 15 жоба.
      Күтілетін нәтижелер:
      Осы бағыт бойынша міндеттерді орындау нәтижесінде 2020 жылға қарай АКТ бойынша негізгі талаптар, қағидалар мен нормалар анықталатын болады. Өз кезегінде АКТ-саланың қажетті қазіргі заманғы және өзекті нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға Холдингтің қатысуы арқылы қызметтің түрлі саласын дамыту деңгейіне сәйкес жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі артады.
      Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерцияны дамыту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы АКТ нарығының жергілікті мазмұны мен құрылымын дамытудың халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізу негізінде қазақстандық қамтылу үлесін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Қосымша салалық статистиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде АКТ саласында сыни технологияларды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жүргізілетін болады.
      Бұдан басқа, науқанды қаржыландыру шеңберінде стартап жобаларын әзірлеушілерге қолдау көрсету және АКТ саласындағы кейіннен сырттан қаржыландыру тартылатын қызмет көрсетудің және өнімдердің баламасын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Холдинг АКТ-кластер және 2 өңірлік АТ-парктерді құру бойынша шараларды қабылдайды, кәсіптік АКТ-қауымдастықты дамытуды қолдау бойынша іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырылады, қазақстандық және шетел тұтынушыларын отандық АТ-өнімдер туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Стратегиялық бағыт: «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту
базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек
көрсету

      Мақсаты: 2020 жылға қарай «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша Қазақстан Республикасының позициясын алғашқы 25 елдің қатарынан көруді қамтамасыз ету.
      Міндеттері:
      1. мемлекеттік «бұлыңғыр» тұғырнамасын (G-cloud) пайдалану арқылы мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың аутсорсингтік үлгісін енгізу;
      2. мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын (бұдан әрі – МО БКО) дамыту;
      3. халыққа және заңды тұлғаларға электрондық мемлекеттік қызметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
      4. «ұтқыр үкіметті» дамытуды қамтамасыз ету;
      5. электрондық үкіметтің шлюзі мен порталы шеңберінде мемлекеттік органдар мен бизнестің электрондық құжат айналымының бірыңғай стандарты негізінде байыппен ықпалдасуды қамтамасыз ету үшін ЭҚАБЖ-мен электрондық құжаттар алмасудың бұқаралық ақпараттық сервистерін құруды қамтамасыз ету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға 100 % көшіруді қамтамасыз ету;
      2) аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі шеңберіндегі мемлекеттік органдарға арналған іске асырылған АКТ-сервистердің жалпы саны 2020 жылға қарай – 15 сервис;
      3) МО БКО-ға жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелерін 2015 жылға қарай 100 % қосу.

      Күтілетін нәтижелер:
      Екінші стратегиялық бағыт мақсаттарына қол жеткізу нәтижесі мемлекеттік органдардың халықпен және бизнеспен диалог алаңы ретінде қызмет ететін «электрондық үкімет» инфрақұрылымын жалпы пайдалану болып табылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды барлық деңгейде пайдалануы бақылау мәселелеріндегі реттеуді қамтамасыз етеді, бизнес-процестер мен деректердің қайталануын болдырмайды, нәтижесінде бюджет қаражатының шығындарын қысқартуға және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды одан әрі автоматтандыру бойынша бизнес-процестерді қысқарту мен жеңілдету жұмыстарын жүргізу шеңберінде, мемлекеттік «бұлыңғыр» тұғырнамасын (G-Cloud) пайдалануға негізделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік үлгісін іске асыру ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
      Аутсорсингтік үлгі қатысушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік техникалық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері болып табылады.
      Аутсорсингтік үлгіні іске асыру үшін мемлекеттік органдардың АК-инфрақұрылымына талдау жүргізу қажет.
      Аутсорсингтік үлгінің бірінші кезеңін енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің пилоттық аймағы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Үлгіні пилоттық аймақта іске асыру қорытындысы бойынша Холдингтің қатысуымен нормативтік құқықтық заңнама жақсартылады және нормативтік-әдіснамалық құжаттар әзірленеді.
      Бұл ретте, «бұлыңғыр» есептеулердің әзірлеушілері оларды Интернет арқылы қызметтер жабдықтаушысының басқаруындағы сервис ретінде қарқынды масштабталатын есептегіш ресурстар мен қосымшаларды ұсынатын инновациялық технология ретінде анықтайтынын атап өту қажет.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес 2015 жылға қарай МО БКО-ға өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелері 100 % қосылатын болады.
      «Электрондық үкіметті» дамытудың келесі сатысы нәтижесінде ұтқыр арналар арқылы халыққа кешендік сервис/қызмет ұсыну арқылы мемлекеттің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту болып табылатын «Ұтқыр үкіметті» дамыту болып табылады.

Стратегиялық бағыт: АКТ-саласындағы адами капиталды дамыту

      Мақсаты: Халық пен бизнестің ақпараттық қоғамға көшу дайындығы.

      Міндеттері:
      1) халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
      2) жоғары және орта-техникалық білім саласындағы, АКТ саласындағы мамандарды даярлау және біліктілік деңгейін арттыруға жәрдемдесу.
      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1. 2020 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін 80 %-ға дейін арттыру;
      2. 2020 жылға қарай 2500-ден астам халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификатын беру.

      Күтілетін нәтижелер:
      Осы бағыт шеңберінде жоғары және орта-техникалық білім саласындағы, АКТ саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
      Бұдан басқа, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде үш сатылы тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту жүзеге асырылатын болады: бакалавриат-магистратура-докторантура, бұл оқыту сапасын айтарлықтай арттыруға және тиісінше Қазақстан Республикасының білім нарығында ұсынылатын оқу бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін және сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен ынтымақтастық шеңберінде iCarnegie халықаралық стандарт сертификаттары берілетін болады.
      Сондай-ақ, ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін Қазақстанда мынадай шаралар іске асырылатын болады:
      1) оның АКТ жұмысында пайдаланылатын қажетті білім деңгейіне дейінгі қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын арттырудың мамандандырылған курстарын ашу;
      2) компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдылары бойынша курстар өткізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алу;
      3) АКТ саласындағы біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
      4) АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарды жасау;
      5) АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
      6) 2014 жылы екі өңірде қолданыстағы білім беру ұйымдарының негізінде инфокоммуникациялық жобалар бойынша екі оқу орталығын құру мәселесін пысықтау.

Стратегиялық бағыт: Холдинг компаниялары тобындағы
корпоративтік басқаруды жетілдіру

      Мақсаты: Холдинг компаниялары тобы қызметінің тиімділігін арттыру.

      Міндеттері:
      1) Холдинг компаниялары тобының бизнес-үлгісін жетілдіру;
      2) адами ресурстарды басқару жүйесін дамыту;
      3) Холдинг компаниялары тобының беделін арттыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
      1) шоғырланған рентабельділік;
      2) шоғырланған еңбек өнімділігі.

      Күтілетін нәтижелер:
      Осы бағыт бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде Холдингтің қаржы-шаруашылық қызметі жоғары тиімді және шығынсыз болады, компаниялар тобының рентабельділігі, қаржылық есептілігінің және қаражат шығынын бақылаудың айқындылығы қамтамасыз етіледі.
      Директорлар кеңесі, ішкі аудит, тәуекелді басқару, инвестициялау жүйесі, қызметшілерді жалдауды және таңдауды оңтайландыру қызметі жетілдіріліп, қаржы-шаруашылық қызметі оңтайландырылады, сатып алу жүйесі жетілдіріледі.
      Сондай-ақ осы бағыт шеңберінде Холдинг компаниялары тобы брендінің танымалдылығы артатын болады.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған стратегиясына            
1-қосымша                  

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
қызметінің түйінді көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының
стратегиялық бағдарламалық құжаттарына (стратегиялық карта)
сәйкестігі

2030 стратегиясы

2020 стратегиясы

ҮИИД МБ

«Ақпаратты Қазақстан 2020» МБ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы 2012 жыл

ККМ-нің стратегиялық жоспары

«Зерде» Холдингі» АҚ-ны дамыту стратегиясы

Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым "көпшіл" әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседі. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен бiлiм беру салалары үшiн, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшiн маңызына баға жеткiсiз. Баршаның пайдалануына ортақ әрi толығымен іске қосылған телекоммуникациялық жүйенiң келесi бiр жақсы жағы - жолдың ауырлығына, жекелеген аймақтардың алыстығына және жолаушы тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллi жұртқа ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн кепiлдiгiнде жатыр.

2020 жылға қарай: қазіргі жоғары жылдамдықты оптикалық және жетексіз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасады, халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 60 %-ға дейін өседі. 2015 жылға қарай: Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуын ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылған және салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға жеткізіледі, халықтың компьютерлік сауаттылығы 40 %-ға жеткізіледі; әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің» электронды үкімет» және» электронды әкімдіктер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде электронды формаға ауысуы кемінде 50 %-ға қамтамасыз етіледі.

«Болашақ экономика» секторларын дамыту. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар. Негізгі міндет Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекелік экспортқа бейімделген ұлттық секторын қалыптастыру. Мақсатты индикаторлар 2008 жылғы деңгейге нақты бейнеде 2015 жылға қарай ақпарат пен байланыс саласында жалпы қосылған құнды 77 %-ға арттыру. Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету. Негізгі міндет Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту. Нысаналы индикаторлар 1. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 52 %-ға дейін арттыру. 2. Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге 100 % көшіруді қамтамасыз ету.

Мақсатты индикаторлар:
1) Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингінде 2020 жылы алғашқы 35 елдің тізімінде болуы тиіс;
2) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25 елдің қатарында болуы тиіс;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның Қазақстан Республикасы үй шаруашылығындағы қол жетімдігі – 100 %;
4) интернет желісін пайдаланушылардың саны 2020 жылы – 75 %;
5) ақпараттық-коммуникациялық сектордың (бұдан әрі – АКТ) елдің ІЖӨ үлесі - 4 %;
6) компьютерлік сауаттылық деңгейі – 80 %;
7) тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық ғаламтор-дүкендер айналымының және электрондық төленетін қызметтердің үлесі – 40 %;
8) электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі – 50 %;
9) дәстүрлі түрде алынғандардың жалпы санына қатысты көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 80 %.

Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі аспектісі және мемлекеттік органдар қызметіне деген азаматтардың сенімділігін арттыру.
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 %, соның ішінде лицензияның барлық түрлері тек электрондық түрде ғана ұсынылуы тиіс.
2013 жылдан бастап, барынша сұраныстағы рұқсат құжаттарын қазақстандықтар мемлекеттен электрондық түрде немесе ХҚО арқылы алуы тиіс.
Сондай-ақ халықтың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде түрлі ынталандырушы бағдарламалар есебінен арттыру қажет.
Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі әлеуметтік маңызы бар жобалар шексіз.
Үкіметке инновациялық кластерлер инфрақұрылымын дамытудың қажетті құралдарын қарауды тапсырамын.

Стратегиялық бағыт шеңберінде. 3. АКТ қызметін, өнімін және инфрақұрылымын, мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларға негізделген инновацияларды дамыту.
АКТ секторының ЖІӨ үлесі 2015 жылға қарай - 3,8 %.
Үндестірілген стандарттардың саны АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан 2015 жылға қарай 76;
АКТ саласындағы әзірленіп жатқан стандарттардың саны 2015 жылға қарай – 79;
АКТ саласындағы әзірленіп жатқан НҚА саны 2012 жылға қарай – 8;
IT-нарықтың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 35 %;
IT-қызметтегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 85 %;
Қорап (лицензиялық) БҚ көлеміндегі қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 17 %;
IT-жабдық сектторындағы қазақстандық қамтылу үлесі 2015 жылға қарай – 11 %;
ХАТУ-гі ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны 2014 жылға қарай - 4 жұмыс.
Халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейі 2015 жылға қарай – 56 %;
Стратегиялық бағыт шеңберінде 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін, техникалық сүйемелдеуді, мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерін жетілдіру, соның ішінде Кеден одағы ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға арналған жағдайлар мен механизмдерді құру.
Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай – 100 %;
Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай - 70 %;
Берілетін лицензиялардың жалпы санынан электрондық түрде берілетін лицензиялар үлесі 2015 жылға қарай – 100 %.

1-бағыттағы ҚТК «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету»:
1. АКТ саласының физикалық көлемінің индексін қамтамасыз ету – 2020 жылға қарай 110 %-ға дейін
2. Сыртқы қаржыландыру тартылған жобалардың саны – 2020 жылға қарай – 15 жоба.
2-бағыттағы ҚТК «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту негізінде мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету»:
1) Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге 100 %-дық көшіруді қамтамасыз ету;
2) Аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі шеңберінде мемлекеттік органдарға арналған іске асырылған АКТ жалпы саны 2020 жылға қарай – 15 сервис;
3. МО БТО-на жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аудандық деңгейге дейінгі аумақтық бөлімшелерін 2015 жылға қарай 100%-қосу.
3-бағыттағы ҚТК «АКТ саласындағы адами капиталды дамыту»:
1) Халықтың сауаттылығы деңгейін 2020 жылға қарай 80%-ға дейін арттыру;
2) 2020 жылға қарай 2500-ден астам халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификатын беру.
4-бағыттағы ҚТК «Холдинг компаниялары тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру»:
1) шоғырланған рентабельділік;
2) шоғырланған еңбек өнімділігі.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған стратегиясына          
2-қосымша                

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
қызметінің түйінді көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚТК)
2011 – 2020 жылдарға арналған тізбесі

1 «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты

ҚТК

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

АКТ саласының физикалық көлемінің индексі, %

-

108

108

109

108

109

110

110

110

110

Сырттан қаржыландыру тартқан жобалардың саны, жобалар

-

-

-

1

1

2

2

3

3

3

2 «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету» стратегиялық бағыты

ҚТК

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер үлесі,%

-

60

100

100

100

100

100

100

100

100

Аутсорсингтік ақпараттандыру үлгісі, сервистер шеңберінде МО арналған іске асырылған ақпараттық технологиялардың саны

-

7

9

10

12

12

14

14

15

15

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің жалпы саны, %

-

-

25

60

100

100

100

100

100

100

3 «АКТ-саласындағы адами капиталды дамыту» стратегиялық бағыты

ҚТК

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру, %

-

50

52

54

56

60

65

70

75

80

Халықаралық стандарттағы iCarnegie сертификаттарын беру, бірлік.

-

-

290

300

310

350

370

400

430

480

4 «Холдинг компаниялары тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру» стратегиялық бағыты

ҚТК

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Шоғырланған рентабельділік, %

3

3

4

4

4

5

5

5

6

6

Шоғырланған еңбек өнімділігі, мың теңге

-

4786

4834

4882

4931

4980

5030

5080

5131

5183

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады