Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 62-бабына және "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 216-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
"7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары" деген бөлімде:
"1. Бюджеттік бағдарламалар" деген кіші бөлімде:
001 "Инфрақұрылымдық экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер" деген бюджеттік бағдарламада:
"Бюджет шығыстарының көлемі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бюджет шығыстарының көлемі |
мыңтеңге |
1 254671 |
912306 |
1 006214 |
1 086678 |
1 109 329 |
- |
- |
";
"2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджет шығыстарының жиынтығы" деген кіші бөлімде:
"Бюджет шығыстарының барлығы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бюджет шығыстарының барлығы: |
мыңтеңге |
1 254671 |
912306 |
1 017854 |
1 086 678 |
1 109 329 |
- |
- |
";
001 "Инфрақұрылымдық экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
001 "Инфрақұрылымд ық экономика салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілеріні ң қызметін реттеу саласындағы қызметтер" |
мың теңге |
1 254 671 |
912 306 |
1 006 214 |
1 086678 |
1 109 329 |
- |
- |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов