Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1750 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 118-бабының 9-тармағына және 119-бабының 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2011 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 1750 қаулысымен      
бекітілген         

Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтер деп танылған активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары Жалпы ережелер

      1. Осы Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтер деп танылған активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 118-бабының 9-тармағына және 119-бабының 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтер деп танылған активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау тәртібін регламенттеу мақсатында әзірленді.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында қалай пайдаланылса, сондай мәнінде қолданылады.

Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтер деп танылатын активтердің бастапқы құнын айқындау

      3. Салық салу мақсаттары үшін концессия объектілерінің бастапқы құны осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрбір объект бойынша жеке айқындалады.
      4. Тіркелген активтер ретінде танылатын концессия объектілерінің бастапқы құнына осындай тіркелген активтер пайдалануға енгізілген күнге дейін концессия шарты шеңберінде концессионер шеккен іс жүзіндегі шығындар кіреді. Мұндай шығындарға сатып алуға, салуға, монтаждау мен орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ концессия объектісін жасау мақсатында концессионер жүргізген және:
      1) Салық кодексіне сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
      2) салық төлеуші Салық кодексінің 100-бабының 6-тармағының12-тармағының екінші бөлігінің, 13-тармағының, сондай-ақ 101-114-баптарының негізінде шегерімдерді жүзеге асыратын шығындардан (шығыстардан);
      3) амортизациялық аударымдардан;
      4) бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және Салық кодексінің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындар кіреді.
      5. Салық салу мақсатында концессия объектісінің бастапқы құнына, оның ішінде концессионердің концессия объектісімен байланысты:
      1) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге;
      2) қажетті сараптамаларды (мемлекеттік сараптама, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау) жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес концессия объектісін пайдалануға енгізгенге дейін лицензиялар мен рұқсаттар алуға;
      4) концессия объектісін құруға (салуға) пайдаланылатын шикізат пен материалдарға, жұмыстар мен қызметтерге;
      5) концессия объектісін құру (салу) кезеңінде компанияны басқаруға;
      6) құрылыс кезеңінде есептелген құрылыс үшін алынған кредиттерге (қарыздарға) сыйақыға;
      7) құрылыс кезеңінде есептелген құрылыс үшін алынған кредиттер (қарыздар) бойынша бағамдық айырмаларға;
      8) мемлекеттің кепілдігі бойынша инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сақтандыруды қоса алғанда, концессия объектісін құруға (салуға) байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне;
      9) қарыздарды тартуға;
      10) инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыруға;
      11) банктік кепілдіктер бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссияларына;
      12) Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдерге;
      13) аудиторлық тексерулер жұмсалатын іс жүзіндегі шығындары;
      14) концессия объектісін құруға (салуға) байланысты өзге де іс жүзіндегі шығындар енгізіледі.

Концессия шарты тоқтатылған кезде концессионердің тіркелген активтерді концедентке беруі кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнды айқындау

      6. Концессия шарты тоқтатылған және тіркелген активтер концедентке берілген кезде II, III және IV топтар бойынша концессионердің құндық теңгерімі:
      1) топтың барлық активтерін беру кезінде - Салық кодексінің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық теңгерімінің мәніне;
      2) қалған жағдайларда - амортизациялық аударымдар сомасына азайтылуы белгіленген Салық кодексінің 118-бабына сәйкес берілетін активтердің бастапқы құнына азайтылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезеңге:
      осындай нормалар белгіленген жағдайда - концессия объектілерін пайдалану жүзеге асырылған салықтық кезеңдерге концессионердің салықтық есепке алу саясатында белгіленген;
      өзге жағдайларда - тіркелген активтердің тиісті топтарына Салық  кодексінде шекті ретінде белгіленген амортизациялық нормаларға сүйене отырып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады