Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 40 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының 5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары;
      2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен  
бекітілген     

Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары

      1. Осы Қағидалар бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.
      3. Астанада тауарларды өткізу шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты ұсынған кезде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынған таратуға шек қойылған қызметтік ақпаратында тауарларды өткізу кезінде осы тұлға туралы деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, сондай-ақ салық заңнамасының шот- фактураны жазу және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
      5. Сатып алушыға берілетін бақылау-касса машинасының чегі немесе тауарға, жұмысқа, көрсетілген қызметке төленген сомаға тауарлық чек (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) тауарды сату фактісін растайтын құжат болып табылады. Мұндай құжаттардың көшірмесі бажсыз сауда дүкендерінде сақталады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен  
бекітілген     

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің
қосымша шарттары

      Осы қосымша шарттар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 54-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын белгілейді.
      Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
      2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;
      4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады