"Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 46 Қаулысы

«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 46 қаулысына пресс-релиз

      Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 28-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасын өзекті етуді көздейді. Енгізіліп отырған өзгертулер мен толықтырулар 2011 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссиямен қаралып, мақұлданды.
      Аталған қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қарастырмайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды туындатпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз