Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
9-тармақтың 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға арналған Қазақстан Республикасының аумағына бажсыз сауда дүкендерінің иелері әкелетін;»;
«5) 3 литрден аспайтын шекте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері мен сыра есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ 200 сигарет немесе 50 сигарадан (сигарилладан) аспайтын темекі мен темекі бұйымдары немесе 250 грамнан аспайтын шектегі темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті акциздік таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға жатпайды.».
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов