Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

«Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең
жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 ақпандағы № 107
қаулысына баспасөз парағы

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Тексерілетін субъектілерге талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін қайта қарау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысымен Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары әзірленді және бекітілді, онда көрсетілген Қағиданың мақсаты табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді тұтынушыларға табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну болып табылады.
      Бұдан басқа, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық акт осы актіні қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкілетті орган нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп таныған жағдайда өз қолданысын тоқтатады.
      Сонымен бірге көрсетілген қаулыны қолданысқа енгізуге байланысты Агенттік төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен Табиғи монополияның әр түрлі салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларының күші жойылды деп танылды.

     Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз