"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 қаулысымен «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бекітілді.
      Осы Санитариялық қағидалар санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды болдырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз