«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 183 қаулысына баспасөз-релизі
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 183 қаулысы кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді.
Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және қосымша қаржы шығындарын болжамайды.
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.