БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 4 ақпанда № 204 «Зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау қағидалары бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) қаулысын қабылдады.
Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысының 10-тармағына сәйкес «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Жоғарыда аталған Қағидалар алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындауды көздейді, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін нығайтуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Қағидалардың қабылдануы әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.