"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 249 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін айқындайды және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті қаржы жылына арналған лимиттерін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша айқындайды және мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті қаржы жылына арналған лимиті бойынша тиісті ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады