Кейбір білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 267 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесі берілсін:
      1) «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының Астана қаласындағы «Мирас» мектебі;
      2) «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы «Мирас» мектебі;
      3) «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры «Алматы қаласының халықаралық мектебі».
      2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында көзделген талаптарды орындаған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.11.2016 № 692 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады