Демалыс күнін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 268 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2012 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Демалыс күні 2012 жылғы 11 наурыз, жексенбіден 9 наурыз, жұмаға ауыстырылсын.
      2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2012 жылғы 9 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады