"Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 327 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жобаның ұсынылған материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігі олар сараптамаға түскен күнінен бастан күнтізбелік бес күн ішінде тексеріледі.
      Жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі белгіленген жағдайда тапсырысшыға (инвесторға) не ол уәкілеттік берген бас жобалаушыға жетіспейтін материалдар не жобаны құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) жіберіледі.
      Егер тапсырысшы (инвестор) не ол уәкілеттік берген бас жобалаушы жетіспейтін материалдарды ұсынбаса не ол ұсынған материалдар құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмесе, онда жоба Хабарлама жіберілген күннен бастап жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін оның себебін жазбаша негіздей отырып, қайтарылады.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Мемлекеттік сараптаманың құзыретіне жатпайтын және сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы олардың шарттарында белгіленеді, бірақ күнтізбелік қырық бес күннен аспауы тиіс.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Бюджет комиссиясы қарамай және ұсынбай бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгі жобасында көзделмеген бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соқтыратын жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға жол берілмейді.»;
      44 және 45-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады