Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 339 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 339 қаулысымен   
бекітілген      

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Ауыл шаруашылығы өнiмi, аңшылық кәсiпшiлiгi өнiмi, аңшылыққа, жабайы құс кәсiпшiлiгi мен оны өсiруге байланысты тiрi жануарлардан, өнiмдерден және қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнiмi мен жабайы құс кәсiпшiлiгiнен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылық қызметтерi.
      2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнiмдерi, орман өсiру және ағаш дайындау үшiн көрсетiлетiн қызметтер.
      3. Балық аулау, балық питомниктерi мен балық фермаларының өнiмдерi, балық аулауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер.
      4. Таскөмiр және лигнит, торф.
      5. Шикi мұнай және табиғи газ, iздестiру жұмыстарынан басқа, оларды өндiру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      6. Металл рудалары.
      7. Тас, саз, құм және минералды шикiзаттың басқа да түрлерi.
      8. Тамақ өнiмдерi және сусындар.
      9. Темекi бұйымдары және темекi өнеркәсiбi өнiмдерi, басқалар.
      10. Тоқыма бұйымдары.
      11. Бала киiмдерiн қоспағанда, киiм, терi және терiден жасалған бұйымдар.
      12. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киiм.
      13. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрiмдер.
      14. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.
      15. Жарнама материалдары, суреттер, сызбалар, басып шығарылған фотосуреттер, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кiтапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнiмдерi.
      16. Кокс пештерiнiң өнiмдерi.
      17. Мұнайды қайта өңдеу өнiмдерi, мұнайды қайта өңдеу газы мен пиролиза, газды қайта өңдеу зауыттарының өнiмдерi.
      18. Органикалық және бейорганикалық синтез өнiмдерi.
      19. Резеңке және пластмасса бұйымдары.
      20. Шыны шаруашылық-тұрмыстық және интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзiмсiз бұйымдардан басқа, металл емес минералды өнiмдер.
      21. Металлургия өнеркәсiбiнiң өнiмi.
      22. Машиналар мен жабдықтардан басқа, металды қайта өңдеу өнiмдерi (ядролық реакторлардан басқа).
      23. Қару-жарақтан, оқ-дәрi мен олардың бөлшектерiнен, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш қондырғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгiзiлмеген машиналар мен жабдықтар.
      24. Кеңселiк, бухгалтерлiк және электрондық-есептеу техникасы.
      25. Басқа топтамаларға енгiзiлмеген электр қозғалтқыштары мен электротехникалық аппаратура.
      26. Радио, теледидар және байланыс үшiн жабдық және аппаратура.
      27. Медициналық техника, өлшеу құралдары, фото- және киноаппаратура, сағаттар.
      28. Автомобильдер, тiркемелер мен жартылай тiркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған бөлшектер мен керек-жарақтар, гараж жабдығы.
      29. Сауда және жолаушылар кемелерiнен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен бөлшектерiнен басқа, өзге көлiк құралдары.
      30. Зергерлiк бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесiн оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсiпшiлiк бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам, жануарлар шашынан, синтетикалық материалдардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар.
      31. Жаңа шикiзат ретiнде пайдалану үшiн жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар.
      32. Табиғи су және мұз.
      33. Тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілерін қоспағанда (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда), күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері.
      34. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      35. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтерi.
      36. Бөлшек сауда жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      37. Қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтерi.
      38. Темiр жол көлiгi қызметтерiнен, метрополитен қызметтерiнен, құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерiнен басқа, құрлықтағы көлiк қызметтерi.
      39. Су көлiгi қызметтерi.
      40. Көлiктiк көмекшi және қосымша қызметтер, саяхат бюросы мен туристiк агенттiктердiң қызметтерiнен, туристерге көмек көрсету жөнiндегi өзге де қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы қызметтер.
      41. Ұлттық пошта қызметтерiн, электр байланыс қызметтерiн қоспағанда, курьерлiк қызметтер көрсетуден басқа байланыс.
      42. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетiлетiн қызметтер.
      43. Бағалау қызметтерiн қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын қызметтер көрсету.
      44. Жылжымайтын мүлiкке байланысты қызметтер.
      45. Кеңселерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бiрлесiп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      46. Ғимаратты жинау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      47. Орау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер.
      48. Кәрiз, қоқыстарды жою, санитарлық өңдеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер және осыған ұқсас қызметтер.
      49. Шаштараз, косметикалық салондар мен емдiк косметикалық ұйымдардың қызметтерiнен, жерлеу, көму және кремациялауды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерi.
      50. Осы тiзбеге енгiзiлмеген коксты, мұнай мен ядролық отынды қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру қызметтерiнен, жиһаз өндiру қызметтерiнен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, өңдеушi өнеркәсiптiң қызметiне байланысты қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады