"Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл
протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық
орталығы" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 345 қаулысына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2012 жылғы 20 наурызда "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 345 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Қаулы:
Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіруі жағдайында протездік-ортопедиялық саланың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға;
салада ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және әдістемелік жұмыстардың дамуын іске асыруға, инновациялық жобаларды әзірлеуге және енгізуге, Қазақстан Республикасының протездік-ортопедиялық саласын заманауи әлемдік стандарттарға сәйкес келетін протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді жаңа инновациялық деңгейге шығаруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі